Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1706 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20 және 292-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнің         
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1706 қаулысымен   
бекітілген       

Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған
құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар
бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан
дәлелді бас тарту қағидалары

      1. Осы Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тиісті белгі қою не мұндай растаудан дәлелді бас тарту жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш нысанында (бұдан әрі – Өтініш) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін салық органдарының растау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілмеген жағдайларда ҚҚС және акциздің төленгенін растайтын Өтініштің төрт данасына белгі қоюды салық органы төрт данада қағаз тасығыштағы Өтініш және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар салық органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Салық төлеуші Салық кодексінің 276-22-бабына сәйкес Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтарып алған жағдайда жаңадан табыс етілген Өтініштің (Өтініштердің) даналарына белгі қою не растаудан дәлелді бас тарту жаңадан табыс етілген қағаз тасығыштағы Өтініш (Өтініштер) және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар (олар болған жағдайда) салық органдарына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      3. Белгі Өтініштің (Өтініштердің) екінші бөліміне қойылады және:
      белгі қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
      салық органы басшысының (басшының орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетіле отырып, оның қолымен;
      салық органының атауы көрсетіле отырып, салық органының мөрімен куәландырылады.
      4. Өтініштің бір данасы салық органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге не оның өкіліне қайтарылады.
      Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді тіркеу журналына қол қойдырып Өтініштің тиісті үш данасын алады.
      5. Белгі қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы салық төлеушіге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша растаудан дәлелді бас тартуды жібереді, онда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), оларды жою туралы, сондай-ақ табыс етілген Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтарып алу және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) табыс ету қажеттігі туралы ұсыныс көрсетіледі. Дәлелді бас тартумен бір мезгілде салық заңнамасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.
      Растаудан дәлелді бас тартуды салық органы төрт данада қағаз тасығышта Өтініштің және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар салық органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Дәлелді бас тарту нысаны екі данада басып шығарылады. Бұл ретте дәлелді бас тартудың бір данасы салық органында қалады, екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге немесе оның өкіліне табыс етіледі.
      6. Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту:
      1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, соның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште (Өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессіздігі анықталған;
      2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған;
      3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық органына электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;
      4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште (Өтініштерде) көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;
      5) оған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген;
      6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмеген;
      7) Өтініш Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмаған;
      8) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде растаудан дәлелді бас тартылған жағдайда, растаудан дәлелді бас тарту осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген басқа Өтініштердің барлығы бойынша жүзеге асырылады.

Салық органдарының Кеден одағына мүше 
мемлекеттердің аумағынан импортталған 
тауарлар бойынша қосылған құн салығын 
және импортталған акцизделетін тауарлар
бойынша акцизді төлеу фактісін растау не
растаудан дәлелді бас тарту қағидаларына
қосымша                 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн салықтарын және
импортталған акцизделетін тауарлар бойынша
акцизді төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 7-тармағының негізінде
_____________________________________________________________________
                        (Салық органының атауы)
Сізді _______________________________________________________________
      салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы
СТН _____________________ ЖСН(БСН) __________________________________
                                          (ол болса, толтырылады)
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (328.00 нысан) бойынша импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды:

Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі және күні:
Нөмірі ____________________________ Күні ____________________________
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің тіркеу нөмірі: ___________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі декларацияның тіркеу нөмірі: ___________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның түрі: ____________________________________________
Салық кезеңі: жылы _______________ айы ______
      Мына себептер бойынша (тиісті торкөзде х көрсетіңіз):
      1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, соның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште (Өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессіздігі
      2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкессіздігі
      3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық органына электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмеген
      4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште (Өтініштерде) көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген
      5) оған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген
      6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмеген
      7) Өтініш Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмаған
      8) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген
      9) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде растаудан бас тартылған

      Анықталған бұзушылықтың мәні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жоғарыда жазылғандардың негізінде Сізге табыс етілген Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу және жаңа Өтініш табыс ету қажет

Салық органының басшысы (Басшының орынбасары):
____________________________________________________
                  (аты-жөні) қолы

М.О.

Салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылғаны (жіберілгені) туралы белгі:
__________________________________________________________________
      (салық органының лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)

Алғаны туралы белгі:
_____________________________________________________________________
      (салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні, қолы, күні)

Об утверждении Правил подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Таможенного союза либо мотивированного отказа в подтверждении

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1706. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 573

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.07.2015 № 573 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 276-20 и 292 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Таможенного союза либо мотивированного отказа в подтверждении.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2012 года и подлежит официальному опубликованию.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 декабря 2011 года № 1706

Правила
подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога
на добавленную стоимость по импортированным товарам
и акциза по импортированным подакцизным товарам
с территории государств – членов Таможенного союза
либо мотивированного отказа в подтверждении

      1. Настоящие Правила подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств – членов Таможенного союза либо мотивированного отказа в подтверждении (далее – Правила) определяют порядок подтверждения налоговыми органами факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств – членов Таможенного союза в форме заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов, утвержденной Правительством Республики Казахстан (далее – Заявление), путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в таком подтверждении.
      2. Проставление на четырех экземплярах Заявления отметок, подтверждающих уплату НДС и акциза, производится налоговым органом в течение десяти рабочих дней со дня поступления в налоговый орган Заявления в четырех экземплярах на бумажном носителе и документов, предусмотренных в статье 276-20 Налогового кодекса, в случаях, не указанных в пункте 6 настоящих Правил.
      В случае отзыва налогоплательщиком Заявления (Заявлений) в соответствии со статьей 276-22 Налогового кодекса проставление отметки на экземплярах вновь представленного (представленных) Заявления (Заявлений) либо мотивированный отказ в подтверждении производится в течение десяти рабочих дней со дня поступления в налоговые органы вновь представленного (представленных) Заявления (Заявлений) на бумажном носителе и документов, предусмотренных в статье 276-20 Налогового кодекса (в случае их наличия).
      3. Отметка проставляется во втором разделе Заявления (Заявлений) и заверяется:
      подписью должностного лица, проставившего отметку, с указанием его фамилии, имени, отчества (при его наличии), даты проставления отметки;
      подписью руководителя (заместителя руководителя) налогового органа с указанием его фамилии, имени, отчества (при его наличии), даты подписи;
      печатью налогового органа с указанием наименования налогового органа.
      4. Один экземпляр Заявления остается в налоговом органе, три экземпляра с отметкой возвращаются налогоплательщику либо его представителю.
      При этом налогоплательщик либо его представитель получают соответствующие три экземпляра Заявления под роспись в Журнале регистрации налоговыми органами заявлений о ввозе товаров и об уплате косвенных налогов.
      5. В случае отказа в проставлении отметки налоговый орган направляет налогоплательщику мотивированный отказ в подтверждении по форме согласно приложению к настоящим Правилам, в котором указываются выявленные несоответствия (нарушения), предложение об их устранении, а также о необходимости отзыва представленного (представленных) Заявления (Заявлений) и представлении нового (новых) Заявления (Заявлений) о ввозе товаров и уплате косвенных налогов. Одновременно с мотивированным отказом направляется уведомление об устранении нарушения по результатам камерального контроля, предусмотренное налоговым законодательством.
      Мотивированный отказ в подтверждении производится налоговым органом в течение десяти рабочих дней со дня поступления в налоговый орган Заявления в четырех экземплярах на бумажном носителе и документов, предусмотренных в статье 276-20 Налогового кодекса.
      Форма мотивированного отказа распечатывается в двух экземплярах. При этом один экземпляр мотивированного отказа остается в налоговом органе, второй экземпляр с тремя экземплярами Заявления вручается налогоплательщику либо его представителю.
      6. Мотивированный отказ в подтверждении факта уплаты НДС по импортированным товарам осуществляется в случаях:
      1) установления несоответствия сведений, указанных в Заявлении, сведениям, содержащимся в представленной декларации по косвенным налогам по импортированным товарам, в том числе несоответствия суммы косвенных налогов, исчисленной к уплате по декларации по косвенным налогам по импортированным товарам, сумме косвенных налогов, исчисленной в Заявлении (Заявлениях);
      2) установления несоответствия сведений, указанных в Заявлении, сведениям, содержащимся в представленных налогоплательщиком документах, предусмотренных пунктом 3 статьи 276-20 Налогового кодекса;
      3) несоответствия данных, указанных в Заявлении, представленном на бумажном носителе, данным Заявления, представленном в налоговый орган в электронном виде;
      4) неуплаты, а также уплаты не в полном объеме исчисленных сумм косвенных налогов, указанных в Заявлении (-ях) представленном (-ых) одновременно с декларацией по косвенным налогам по импортированным товарам;
      5) занижения размера облагаемого импорта и (или) сумм НДС по импортированным товарам, в связи с которым осуществляется корректировка размера облагаемого импорта в рамках Таможенного союза в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      6) несоответствия количества Заявлений, представленных на бумажном носителе, количеству Заявлений, отраженных в реестре заявлений о ввозе товаров и уплате косвенных налогов, являющемся приложением к декларации по косвенным налогам по импортированным товарам;
      7) заполнения Заявления не в соответствии с Правилами заполнения и представления заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов, утвержденными Правительством Республики Казахстан;
      8) непредставления документов, предусмотренных пунктом 3 статьи 276-20 Налогового кодекса.
      При этом, в случае мотивированного отказа в подтверждении в одном из Заявлений, представленных одновременно с декларацией по косвенным налогам по импортированным товарам, мотивированный отказ в подтверждении осуществляется по всем другим Заявлениям, представленным одновременно с такой декларацией по косвенным налогам по импортированным товарам.

Приложение                
к Правилам подтверждения налоговыми 
органами факта уплаты налога на    
добавленную стоимость по импортированным
товарам и акциза по импортированным  
подакцизным товарам с территории    
государств – членов Таможенного союза 
либо мотивированного отказа в подтверждении

Мотивированный отказ
в подтверждении факта уплаты налога на добавленную
стоимость по импортированным товарам и акциза по
импортированным подакцизным товарам с территории
государств–членов Таможенного союза

      На основании пункта 7 статьи 276-20 Кодекса Республики
Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет»
(Налоговый кодекс)__________________________________________________
                           (Наименование налогового органа)
уведомляет Вас,______________________________________________________
      (Ф.И.О. или наименование налогоплательщика (налогового агента)
РНН____________________________БИН(ИИН)______________________________
                                (подлежит заполнению при его наличии)
об отказе в подтверждении факта уплаты налога на добавленную
стоимость по импортированным товарам по Заявлению о ввозе товаров и
уплате косвенных налогов (форма 328.00):

Номер и дата Заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов:
Номер __________________ Дата ___________________

Регистрационный номер Заявления о ввозе товаров и уплате косвенных
налогов:
_______________________________________________

Регистрационный номер Декларации по косвенным налогам по
импортированным товарам: ___________________________________________
Вид Декларации по косвенным налогам по импортированным товарам:
_____________________________________________________________
Налоговый период: месяц ______________ год __________

      По следующим причинам (укажите х в соответствующей ячейке):
      1) несоответствия сведений, указанных в Заявлении, сведениям,
содержащимся в представленной декларации по косвенным налогам по
импортированным товарам, в том числе несоответствия суммы косвенных
налогов, исчисленной к уплате по декларации по косвенным налогам по
импортированным товарам, сумме косвенных налогов, исчисленной в
Заявлении (Заявлениях)                                            
      2) несоответствия сведений, указанных в Заявлении, сведениям,
содержащимся в представленных налогоплательщиком документах,
предусмотренных пунктом 3 статьи 276-20 Налогового кодекса        
      3) несоответствия данных, указанных в Заявлении, представленном
на бумажном носителе, данным Заявления, представленном в налоговый
орган в электронном виде                                          
      4) неуплаты, а также уплаты не в полном объеме исчисленных сумм
косвенных налогов, указанных в Заявлении (-ях) представленном (-ых)
одновременно с декларацией по косвенным налогам по импортированным
товарам                                                           
      5) занижения размера облагаемого импорта и (или) сумм НДС по
импортированным товарам, в связи с которым осуществляется
корректировка размера облагаемого импорта в рамках Таможенного союза
в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан      
      6) несоответствия количества Заявлений, представленных на
бумажном носителе, количеству Заявлений, отраженных в реестре
заявлений о ввозе товаров и уплате косвенных налогов, являющемся
приложением к декларации по косвенным налогам по импортированным
товарам                                                           
      7) заполнения Заявления не в соответствии с Правилами
заполнения и представления заявления о ввозе товаров и уплате
косвенных налогов, утвержденными Правительством Республики Казахстан
                                                                   
      8) непредставления документов, предусмотренных пунктом 3 статьи
276-20 Налогового кодекса                                         
      9) отказа в подтверждении в одном из Заявлений, представленных
одновременно с декларацией по косвенным налогам по импортированным
товарам                                                           

      Суть выявленных нарушений:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      На основании вышеизложенного Вам необходимо отозвать
представленное Заявление о ввозе товаров и уплате косвенных налогов и
представить новое Заявление.

      Руководитель (заместитель Руководителя) налогового органа:
____________________________________________________
      (Ф.И.О.)             подпись

      М.П.

      Отметка о вручении (отправлении) налогоплательщику (налоговому агенту):
      _____________________________________________________________
      (Ф.И.О. должностного лица налогового органа, подпись, дата)

      Отметка о получении:
      _____________________________________________________________
      (Ф.И.О. налогоплательщика (налогового агента), подпись, дата)