"Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1731 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 275-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жасалсын:
      «Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1731 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 7 шілдедегі  
№ 580 қаулысымен     
бекітілген        

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде сүрек дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) мамандығы бойынша (орман шаруашылығы) жоғары кәсіби білімі немесе тиісті орта кәсіби білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкердің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда дипломның және тиісті оқудан өткені туралы, инженер-техник қызметкердің болуын растайтын құжаттардың және инженер-техник қызметкердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері, өтініш беруші мен инженер-техник қызметкердің арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының көшірмелері);
      2) ағаш құлату, бұтақтар кесу, сүректі сүйрей тасу, сүректі тиеу және тасып әкету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оқытылған персоналдың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда (тиісті оқудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері, өтініш беруші мен персонал арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының нотариалды куәландырылғаны көшірмелері);
      3) ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемін және ағаш кесу жұмыстарын жүргізу кезінде «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген ағаш өсіру-экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін сүректі құлатуға, сүйрей тасуға, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен машинаның меншік құқығында материалдық-техникалық базаның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда техниканың техникалық паспорттарының және жыл сайынғы техникалық байқаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесінде көзделген өрт сендіру жабдықтары мен құралдарының;
      5) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы үшін жауапты маманның (бірінші басшы қойып, мөрмен бекітілген бұйрық) болуын қамтиды.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2007 года № 580 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1731. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2012 года № 1474

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.11.2012 № 1474 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2007 года № 580 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 24, ст. 275) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении квалификационных требований к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями.";
      Правила лицензирования к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями, утвержденные указанным постановлением, исключить;
      квалификационные требования к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30 января 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 30 декабря 2011 года № 1731

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 июля 2007 года № 580 

Квалификационные требования,
предъявляемые к деятельности по заготовке древесины на участках
государственного лесного фонда, осуществляемой
лесопользователями

      Квалификационные требования физическим и юридическим лицам для осуществления деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, включают наличие:
      1) инженерно-технического работника, имеющего высшее профессиональное образование по специальности (лесное хозяйство), или соответствующее среднее профессиональное образование и стаж работы по специальности не менее трех лет (нотариально засвидетельствованная в случае непредставления оригинала для сверки копии диплома и документов о прохождении соответствующего обучения, подтверждающих наличие инженерно-технического работника и трудовой книжки, подтверждающей стаж работы инженерно-технического работника, копии приказов или трудовых контрактов, подтверждающих трудовое соглашение между заявителем и инженерно-техническим работником);
      2) персонала, обученного для производства работ по валке деревьев, обрубке сучьев, трелевке, погрузке и вывозке древесины (нотариально засвидетельствованная в случае непредставления оригинала для сверки копии документов о прохождении соответствующего обучения, копии приказов или трудовых контрактов, подтверждающих трудовое соглашение между заявителем и персоналом);
      3) материально-технической базы на праве собственности техники и машины для валки, трелевки, погрузки и вывозки древесины, обеспечивающих выполнение установленного ежегодного объема рубок и лесоводственно-экологических требований при проведении лесосечных работ, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2005 года № 141 "Об утверждении Правил рубок леса на участках государственного лесного фонда" (нотариально засвидетельствованная в случае непредставления оригинала для сверки копии технических паспортов на технику и документов о прохождении ежегодного технического осмотра);
      4) пожарного оборудования и средств тушения, предусмотренных правилами пожарной безопасности в лесах Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан;
      5) специалиста, ответственного за охрану труда и технику безопасности (приказ, подписанный первым руководителем и скрепленный печатью).