Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі N 580 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы N 1018 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 40, 421-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 7 шілдедегі
N 580 қаулысымен 
бекітілген   

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман
пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 7 шілдедегі
N 580 қаулысымен 
бекітілген   

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.

     Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде сүрек дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) мамандығы бойынша (орман шаруашылығы) жоғары кәсіби білімі немесе тиісті орта кәсіби білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкердің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда дипломның және тиісті оқудан өткені туралы, инженер-техник қызметкердің болуын растайтын құжаттардың және инженер-техник қызметкердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері, өтініш беруші мен инженер-техник қызметкердің арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының көшірмелері);
      2) ағаш құлату, бұтақтар кесу, сүректі сүйрей тасу, сүректі тиеу және тасып әкету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оқытылған персоналдың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда (тиісті оқудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері, өтініш беруші мен персонал арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының нотариалды куәландырылғаны көшірмелері);
      3) ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемін және ағаш кесу жұмыстарын жүргізу кезінде «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген ағаш өсіру-экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін сүректі құлатуға, сүйрей тасуға, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен машинаның меншік құқығында материалдық-техникалық базаның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда техниканың техникалық паспорттарының және жыл сайынғы техникалық байқаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 қаулысымен бекiтілген Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт сөндіру жабдықтары мен құралдарының болуын;
      5) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы үшін жауапты маманның (бірінші басшы қойып, мөрмен бекітілген бұйрық) болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады