Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 217 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 47, 430-құжат; 2004 ж., № 51, 670-құжат, 2008 ж., № 31, 308-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
2-бөлімде:
4-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Қазақстан Республикасының консулдық округ аумағындағы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету мақсатында консул оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдем көрсетеді.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын:
«12-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын іске асыруда консулдың оларға жәрдем көрсету жөніндегі функциялары
42-1. Консул Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың сайлау құқықтарын іске асыруда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сайлау құқығының қағидаттарын сақтауда жәрдем көрсетеді.
Егер Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауды және республикалық референдумды өткізу кезінде шетелдік мекеменің үй-жайында сайлау учаскесі құрылса, Консул сол мемлекеттің билік органдарын бұл туралы ресми түрде хабардар етеді.».
3-бөлімнің 15-тарауының 47, 48-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Шетелдерде және Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын консулдық іс-әрекет үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленетін тәртіппен консулдық алымдар алынады.
48. Консулдық алымның ставкалары, оны алу, төлеу, есепке алу және төлеуден босату тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленеді.»;
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2012 жылғы
№