Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы № 686 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2011 ж., № 43, 557-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов