Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның 2011 жылғы 26 мамырдағы Хаттамасының 5.3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар және Қызылорда облысының әкімдігі:
1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 84_қаулысымен
бекітілген
Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с |
іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Арал теңізіне іргелес құрлық аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының инфекциялық сырқаттанушылық мониторингі (Өлкелік патологияға тән емес инфекциялық ауруларды немесе этиологиясы белгісіз ауруларды анықтау мақсатында) |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік, |
2012 – 2014 жылдар |
001 "Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" 001-100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" |
2. |
Арал теңізі жағалауына іргелес (Возрождение аралына қарама қарсы) құрлық аумағында эпизоотологиялық тексеру жүргізу |
ҚР ДСМ МСЭҚК бұйрығы |
ҚР ДСМ МСЭҚК |
2012 – 2014 жылдардың 2 – 3-тоқсандары |
006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету" |
3. |
Санитариялық-эпид емияға қарсы (профилактикалық) және ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде: |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік, |
2012 – 2014 жылдар |
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде |
1) |
Өзінің еңбек және өзге де қызмет сипатына байланысты жұқтыру қаупіне ұшыраған халықты обаға және аса қауіпті инфекцияларға қарсы иммундау |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік, ҚР ДСМ |
2012 – 2014 жылдардың 1 – 2-тоқсандары |
010-101 "Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиял ық препараттарды сатып алу" |
2) |
Жұмыс немесе демалу үдерісінде оба және аса қауіпті инфекциялар бойынша ошақтық аумақта адамдардың табиғатпен байланыста болу орындарында олардың жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік беретін алдын ала профилактиканы жүзеге асыру |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік |
2012 – 2014 жылдардың 2, 4-тоқсандары |
007 "Саламатты өмір салтын насихаттау"; |
3) |
Аса қауіпті инфекциялардың эпизоотияларының ағымы белгілі болған елді мекендердің айналасына қорғаныш және буферлік аймақтарды құру |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік, |
2012 – 2014 жылдардың 2, 4-тоқсандары |
026 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; |
4) |
Алдын ала және шұғыл кенттік дератизациялау жүргізу |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
ҚР ДСМ |
2012 – 2014 жылдардың 1, 4-тоқсандары |
006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету" |
5) |
Алдын ала және шұғыл кенттік дезинсекциялау жүргізу |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
ҚР ДСМ |
2012 – 2014 жылдардың 1, 4-тоқсандары |
006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету" |
6) |
Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрақты ұстайтын орындарда және мал шаруашылығының қора-жайларында кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік |
2012 – 2014 жылдардың 2 – 3-тоқсандары |
026 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; |
4. |
Адамдардың Возрождение аралына рұқсатсыз кіруі мен шығуының алдын алу, жағалау аумағының аудандарында бақылауды жүзеге асыру |
Бірлескен бұйрық |
ІІД, |
2012 жылғы 2-тоқсан |
001 "Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" |
5. |
Халық арасында әдеттен тыс инфекциялық аурулардың немесе этиологиясы белгісіз аурулардың анықталу жағдайына облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын қамтамасыз ету |
Семинарлар, тренингтер |
Әкімдік, |
2012 – 2014 жылдар |
001-100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" |
6. |
Денсаулық сақтау ұйымдарының персоналымен адамдардың аса қауіпті инфекциялық аурулармен ауыруын анықтауға, оларды оқшаулауға және жоюға дайындықты арттыру бойынша жаттығу сабақтарын өткізу |
Жаттығу сабақтары, тренингтер |
Әкімдік, |
2012 – 2014 жылдар |
006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету" |
7. |
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халықпен санитариялық-ағар ту жұмысын жүргізу |
Дәрістер, сұхбаттар, санитариялық бюллетеньдер |
Әкімдік, |
2012 – 2014 жылдар |
001-100 "Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту"; |
8. |
Адамдар арасында этиологиясы белгісіз инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті дезинфекциялық құралдардың және дәрі-дәрмектердің қорын ұстау |
Қызылорда облысы әкімінің қаулысы |
Әкімдік |
2012 – 2014 жылдар |
004 "Денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган сатып алатын медициналық қызметтерді қоспағанда, бастапқы медициналық-санита риялық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету" |
9. |
Ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының аса қауіпті инфекциялармен ауыруының мониторингі |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
ҚР АШМ |
2012 – 2014 жылдар |
Қажет етілмейді |
10. |
Возрождение аралының аумағында және Арал теңізіне іргелес құрлық аумағында топырақ қазумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мониторингі |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
Әкімдік |
2012 – 2014 жылдар |
001 "Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" |
11. |
Возрождение аралында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету |
ҚР ДСМ-ге ақпарат |
ҚР ҰҚК (келісім бойынша) |
2012 – 2014 жылдар |
001 "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" |
12. |
Возрождение аралына іргелес аумақтағы және Арал теңізінің құрлық (жағалау) бөлігіндегі қоршаған ортаның жағдайын бақылауды ұйымдастырумен және жүргізумен байланысты іс-шараларды іске асыруға қосымша ақша қаражатына қажеттілік туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҚР Қоршағанортамині |
2012 жылғы |
Қажет етілмейді |
Ескертпе: Іс-шараларды қаржыландыру тиісті қаржы жылына бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде жүзеге асырылатын болады.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әкімдік – Қызылорда облысының әкімдігі
ІІД – Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті
ҚР Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР ДСМ МСЭҚК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті