Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 84 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның 2011 жылғы 26 мамырдағы Хаттамасының 5.3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар және Қызылорда облысының әкімдігі:
      1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 17 қаңтардағы 
№ 84_қаулысымен     
бекітілген      

Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумағында эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с

іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1.

Арал теңізіне іргелес құрлық аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының инфекциялық сырқаттанушылық мониторингі (Өлкелік патологияға тән емес инфекциялық ауруларды немесе этиологиясы белгісіз ауруларды анықтау мақсатында)

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік,
ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдар

001 "Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" 001-100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"

2.

Арал теңізі жағалауына іргелес (Возрождение аралына қарама қарсы) құрлық аумағында эпизоотологиялық тексеру жүргізу

ҚР ДСМ МСЭҚК бұйрығы

ҚР ДСМ МСЭҚК

2012 – 2014 жылдардың 2 – 3-тоқсандары

006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету"

3.

Санитариялық-эпид емияға қарсы (профилактикалық) және ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде:

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік,
ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдар

Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде

1)

Өзінің еңбек және өзге де қызмет сипатына байланысты жұқтыру қаупіне ұшыраған халықты обаға және аса қауіпті инфекцияларға қарсы иммундау

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік, ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдардың 1 – 2-тоқсандары

010-101 "Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиял ық препараттарды сатып алу"
027 "Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиял ық препараттарды орталықтандырылған сатып алу"

2)

Жұмыс немесе демалу үдерісінде оба және аса қауіпті инфекциялар бойынша ошақтық аумақта адамдардың табиғатпен байланыста болу орындарында олардың жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік беретін алдын ала профилактиканы жүзеге асыру

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік

2012 – 2014 жылдардың 2, 4-тоқсандары

007 "Саламатты өмір салтын насихаттау";
007-015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен"

3)

Аса қауіпті инфекциялардың эпизоотияларының ағымы белгілі болған елді мекендердің айналасына қорғаныш және буферлік аймақтарды құру

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік,
ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдардың 2, 4-тоқсандары

026 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
028 "Уақытша сақтау пунктіне ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі қызметтер";
006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету"

4)

Алдын ала және шұғыл кенттік дератизациялау жүргізу

ҚР ДСМ-ге ақпарат

ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдардың 1, 4-тоқсандары

006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету"

5)

Алдын ала және шұғыл кенттік дезинсекциялау жүргізу

ҚР ДСМ-ге ақпарат

ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдардың 1, 4-тоқсандары

006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету"

6)

Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрақты ұстайтын орындарда және мал шаруашылығының қора-жайларында кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік

2012 – 2014 жылдардың 2 – 3-тоқсандары

026 "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
028 "Уақытша сақтау пунктіне ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі қызметтер";

4.

Адамдардың Возрождение аралына рұқсатсыз кіруі мен шығуының алдын алу, жағалау аумағының аудандарында бақылауды жүзеге асыру

Бірлескен бұйрық

ІІД,
Әкімдік,
ҚР ҰҚК(келісім бойынша)

2012 жылғы 2-тоқсан

001 "Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"
001 "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету"

5.

Халық арасында әдеттен тыс инфекциялық аурулардың немесе этиологиясы белгісіз аурулардың анықталу жағдайына облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын қамтамасыз ету

Семинарлар, тренингтер

Әкімдік,
ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдар

001-100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету"

6.

Денсаулық сақтау ұйымдарының персоналымен адамдардың аса қауіпті инфекциялық аурулармен ауыруын анықтауға, оларды оқшаулауға және жоюға дайындықты арттыру бойынша жаттығу сабақтарын өткізу

Жаттығу сабақтары, тренингтер

Әкімдік,
ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдар

006 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпиде миологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету"
001-100 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"

7.

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халықпен санитариялық-ағар ту жұмысын жүргізу

Дәрістер, сұхбаттар, санитариялық бюллетеньдер

Әкімдік,
ҚР ДСМ

2012 – 2014 жылдар

001-100 "Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту";
007 "Саламатты өмір салтын насихаттау";
007-011 "Республикалық бюджет трансферті есебінен";
007-015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен"

8.

Адамдар арасында этиологиясы белгісіз инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті дезинфекциялық құралдардың және дәрі-дәрмектердің қорын ұстау

Қызылорда облысы әкімінің қаулысы

Әкімдік

2012 – 2014 жылдар

004 "Денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган сатып алатын медициналық қызметтерді қоспағанда, бастапқы медициналық-санита риялық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету"

9.

Ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының аса қауіпті инфекциялармен ауыруының мониторингі

ҚР ДСМ-ге ақпарат

ҚР АШМ

2012 – 2014 жылдар

Қажет етілмейді

10.

Возрождение аралының аумағында және Арал теңізіне іргелес құрлық аумағында топырақ қазумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мониторингі

ҚР ДСМ-ге ақпарат

Әкімдік

2012 – 2014 жылдар

001 "Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"

11.

Возрождение аралында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету

ҚР ДСМ-ге ақпарат

ҚР ҰҚК (келісім бойынша)

2012 – 2014 жылдар

001 "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету"

12.

Возрождение аралына іргелес аумақтағы және Арал теңізінің құрлық (жағалау) бөлігіндегі қоршаған ортаның жағдайын бақылауды ұйымдастырумен және жүргізумен байланысты іс-шараларды іске асыруға қосымша ақша қаражатына қажеттілік туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚР Қоршағанортамині

2012 жылғы
1-тоқсаны

Қажет етілмейді

      Ескертпе: Іс-шараларды қаржыландыру тиісті қаржы жылына бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде жүзеге асырылатын болады.
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әкімдік – Қызылорда облысының әкімдігі
      ІІД – Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті
      ҚР Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      ҚР ДСМ МСЭҚК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады