Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2022 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 235-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 125 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысымен бекітілген |
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу,
есепке алу және беру қағидалары
Осы Қағидалар "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы қызметі үшін фотография, телевизиялық, инфрақызыл, радиолокациялық және басқа аппаратураның көмегімен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және оларды беруді геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аэротүсірілім - жергілікті жерді электромагниттік толқындар спектрінің әр түрлі учаскелерінде жұмыс істейтін түсіру жүйелерін (ақпаратты қабылдағыштар) пайдалана отырып, ұшу аппараттарынан түсіру;
2) аэротүсірілім жұмыстары - ұшу-түсіру жұмыстарынан және деректерді өңдеуден тұратын жұмыстар.
2. Аэротүсірілім жүмыстарын жүргізуге Рұқсатты
қарау және беру
3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) алу үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - Өтінім берушілер) уәкілетті органға өтінім береді.
Уәкілетті орган Рұқсатты осы Қағидаларда белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтінім келіп түскен күнінен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Өтінім жазбаша нысанда ресімделіп, Өтінім беруші қол қояды. Өтінімде аэротүсірілім шарттары және уақыты, түсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы, олардың ауданы, аэротүсірілімнің мақсаты және техникалық шарттары көрсетілуі тиіс.
4. Өтінімге:
1) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (Өтінім беруші құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады);
2) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақтың картограммасы, географиялық координаттарын көрсете отырып, төрт данада;
3) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобалары (немесе техникалық тапсырмалары), екі данада қоса беріледі.
Берілген Рұқсаттың қолданылу мерзімінде жаңа аумақтарда аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланған жағдайда, өтінімге осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
5. Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде өтінімді және коса берілген құжаттарды тексеруді жүргізеді, ол:
1) құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс ресімделуін тексеруді;
2) өтінім берілген жұмыстардың, аталған жұмыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын жағдайда, бұрын жүргізілген аэротүсірілім жұмыстарының қайталануын анықтауды қамтиды.
6. Егер тексерудің нәтижелері бойынша:
1) құжаттар осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес толық көлемде берілмеген немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, өтінім барлық материалдарымен бірге екі жұмыс күні мерзімінде анықталған ескертулерді жою үшін Өтінім берушіге жолданады;
2) өтінім берілген жұмыстар бұрын жүргізілген аэротүсірілім жұмыстарын қайталайтыны анықталған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде аэротүсірілім жұмыстарына Өтінім берушіні және тапсырыс берушіні хабардар етеді. Бұл ретте аэротүсірілім жұмыстарына Өтінім беруші және тапсырыс беруші бұрын жасалған аэротүсірілім материалдары мен деректерін пайдаланады.
7. Осы Қағидалардың 6-бабында көрсетілген ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган қоса берілген құжаттары бар өтінімді екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдарға қарауға жолдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттары бар өтінімді қарайды және олар бойынша, өз құзыреттері шегінде уәкілетті органға дәлелді қорытынды жолдайды.
Қорытындыларды мерзімінде ұсынбаған жағдайда, қорытындылар оң болып саналады.
9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және (немесе) олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар қоса берілген құжаттары бар өтінім бойынша ескертулер берген жағдайда, уәкілетті орган дәлелді негіздеме көрсетумен ескертулерді жою туралы хат жолдайды және мемлекеттік органдардың ескертулерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттары бар өтінімді Өтінім берушіге жолдайды немесе тапсырады.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімдерде ескертулерді жою туралы хат ұсынбаған жағдайда, Рұқсат берілген болып саналады.
10. Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың өтінімге және қоса берілген құжаттарға ескертулері болмаған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімге Рұқсатты ресімдейді және қол қояды.
11. Техникалық жоба (немесе техникалық тапсырма) және жоспарланып отырған аумақтың картограммасы қоса берілген Рұқсаттың бір данасы екі жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге жолданады немесе тапсырылады, Рұқсаттың екінші данасы уәкілетті органда қалады.
12. Өтінім берушілер өздері жасаған аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, өтеусіз ұсынады.
Рұқсаттарды тіркеу және есепке алу
13. Берілген Рұқсаттарды тіркеу және есепке алу уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша берілген Рұқсаттарды тіркеу журналында жүзеге асырылады.
4. Қорытынды ережелер
14. Уәкілетті органның әрекетімен келіспеген жағдайда, Өтінім беруші уәкілетті органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларына қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге
20 жылғы " " № рұқсат
Субъектінің атауы ___________________________________________________
(заңды мекенжайы, телефон, факс)
Жұмыстардың түрі және мақсаты _______________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс учаскесінің орналасқан жері ___________________________________
_____________________________________________________________________
Мынадай жұмыстарды жүргізуге өтінім, рұқсат берілді:
Р/с № | Сұралатын жұмыстардың атауы | Өтінім берілді | Рұқсат берілді | ||
Өлшем бірлігі | Жұмыс көлемі | Өлшем бірлігі | Жұмыс көлемі | ||
20 жылғы " " дейін жарамды
Геодезия және картография саласындағы
уәкілетті органның мөрі және басшысының қолы ________________________
Мөр орны 20 жылғы " "