«Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсіне беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкiмiнiң теңгерiмдiк құны 181 075 502 (бiр жүз сексен бір миллион жетпіс бес мың бес жүз екі) теңге «Қостанай әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзалын қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттамасын республикалық меншiктен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң теңгерiмiнен Қостанай облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiмен және Қостанай облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов