Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

      «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 30-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 209 қаулысымен 
бекітілген    

Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      2. Дiнтану сараптамасы (бұдан әрi – сараптама) құрылтай құжаттардың, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, діни білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргізіледі.
      3. Сараптама жүргізуді діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Сараптаманың міндеттері

      4. Сараптама міндеттері:
      1) діни бірлестік ұсынған құрылтай құжаттары, діни ілім мен діни жоралар туралы мәліметтер негізінде объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін анықтау, объект мазмұнын бағалау;
      2) діни бірлестік мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) кезінде оның нақты қызметінің сәйкестігін тексеру;
      3) сараптама объектісі мазмұнының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасының нормаларына сәйкестігін анықтау болып табылады.
      Сараптама жүргізу кезінде діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын және сараптамалық бағалауды талап ететін басқа да мәселелер қаралуы мүмкін.

3. Сараптама объектісі

      5. Сараптама объектілеріне:
      1) діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары;
      2) діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымын, діни ілімінің негіздерін, діни практикасын айқындайтын құжаттар, сондай-ақ діни қызметтің нысандары мен әдістерін сипаттайтын құжаттар);
      3) діни білім беру бағдарламалары;
      4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиет;
      5) діни мақсаттағы заттар жатады.

4. Сараптама субъектісі

      6. Сараптаманың субъектілері:
      1) іріктеуді Уәкілетті орган жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер өкілдерi, дiнтанушылар, заңгерлер және басқа да мамандар арасынан тартылатын сарапшылар;
      2) Уәкілетті орган консультанттар ретінде тартқан діни бірлестіктердің өкілдері;
      3) Уәкілетті орган басқа мемлекеттерден, шетелдiк және халықаралық ұйымдардан сарапшылар ретінде тартқан мамандар;
      4) Уәкілетті орган бөлімшелерінің дін саласында арнайы білімі бар қызметкерлері болып табылады.
      7. Уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін кеңесші-талдау органдарын (сараптамалық кеңес, сараптамалық топтар) құра алады.

5. Сараптаманы жүргізу негіздері

      8. Сараптама жүргізудің негіздері:
      1) Уәкілетті органға жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
      2) Қазақстан Республикасының кітапхана қорларына, сондай-ақ Уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;
      3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) және діни бірлестіктерді тіркеу үшін өтініштері;
      4) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі;
      5) Уәкілетті орган басшысының бұйрығы болып табылады.
      9. Уәкілетті орган сараптама жүргізуге материалдар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      1) сараптамаға ұсынылған материалдың сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған діни бірлестікке (ұйымға) жататындығын не жатпайтындығын;
      2) сараптамаға ұсынылған материалдың сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында еңбектеріне тыйым салынған авторға тиесілі екендігін не тиесілі еместігін;
      3) сараптамаға ұсынылған материалдың (оның ішінде анонимдік) сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында таратылуына тыйым салынғандығын не салынбағандығын;
      4) сараптамаға ұсынылған материалдың Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшін міндетті болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актілермен қызметіне тыйым салынған діни бірлестікке (ұйымға) тиесілі екендігін не тиесілі еместігін;
      5) сараптамаға ұсынылған материалдың авторы халықаралық-құқықтық актілерге сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмысы үшін, оның ішінде экстремистік және террористік әрекеті үшін сотталған адам болып табылатындығы жөнінде мәліметтердің бар-жоғын;
      6) ұсынылған материалды Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшін міндетті болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актілермен таратуға тыйым салынғандығы туралы мәліметтердің бар-жоғын;
      7) ұсынылған материалдың толық жинақталмаған (ақаулы, ішінара немесе толығымен зақымдалған болып табылатындығын не табылмайтындығын);
      8) ұсынылған материалдың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі тең түпнұсқалы аудармасының болмауын тексереді.
      Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың болуы сараптама жүргізуден бас тартуға негіз болып табылады, бұл туралы сұрау салып жүгінген тарапқа жазбаша хабарланады.

6. Cараптаманы жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары

      10. Уәкілетті орган сараптама жүргізу туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ сараптама жүргізу үшін сарапшыны (сарапшыларды) белгілейді.
      11. Сараптама жүргiзуді Уәкілетті орган бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсыруы мүмкiн.
      12. Сараптама объектісі бойынша әр түрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама жүргiзуi мүмкiн.
      13. Уәкiлеттi орган сарапшыға (сарапшыларға) сараптамаға жататын объектіні және сарапшыға (сарапшыларға) қойылған сұрақтар тізбесін жолдайды.
      14. Сараптама Уәкілетті органға сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
      15. Сараптаманы жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпараттарды зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптаманы жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн. Уәкілетті орган мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау салумен жүгінген тарапқа жазбаша хабарлайды.
      16. Уәкiлеттi орган мүдделi дiни бiрлестiктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге сұрау салулар жiберу арқылы сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпараттар алуға жәрдем көрсетедi. Халықаралық ұйымдарға тиiстi сұрау салулар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жолданады.
      17. Уәкілетті орган тұрақты ақпараттық қор қалыптастыру мақсатында сараптама объектісінің бір данасын өзінде қалдырады.
      18. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы (сарапшылар):
      1) Уәкiлеттi орган қойған сұрақтар бойынша дәлелдi, ғылыми негізді, объективті және толық сараптама қорытындысын дайындайды;
      2) сараптама жүргiзу үшiн ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәлiметтердi жария етпейдi, сондай-ақ оларға жария баға беруден тартынады;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және әдеп қағидаларын қатаң сақтайды.
      19. Сараптама жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ оны жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайлар туындаған кезде, сарапшы (сарапшылар) бұл туралы Уәкiлеттi органға мұндай жағдайлар анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
      20. Сараптама қорытындысында мыналар көрсетiледі:
      1) сараптама жүргiзген ұйым немесе тұлға;
      2) сарапшының құзыреттілігін (мамандығы, ғылыми дәрежесі) көрсететін деректер;
      3) сараптама объектісінің діни бағыты;
      4) сараптама объектісінің атауы (әдебиет авторы, баспа, шыққан жылы);
      5) сараптама объектісінің саны (дана есебімен), көлемі (бет саны), тілі;
      6) қойылған сұрақтардың негізделген және толық жауаптары.
      Сараптама қорытындысында сараптама объектісі бойынша қосымша мәлiметтер көрсетілуі мүмкiн.
      Сараптама қорытындысы сараптама объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілетін сарапшының тұжырымын қамтиды.
      Егер дінтану сараптамасының объектісі діни бірлестіктердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде ұсынған құрылтай құжаттары болып табылса, онда сараптама қорытындысында сарапшы құрылтай құжаттары деректерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін көрсетеді.
      21. Сараптама қорытындысы сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады. Сараптаманы жеке тұлға жүргізген жағдайда, қорытындыда сарапшының қолы қойылуы тиіс.
      22. Дiни бiрлестiк ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу кезінде діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасалады.
      23. Миссионерлер ұсынған материалдарға сараптама жүргізу кезінде миссионерлерді тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
      24. Қылмыстық, азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сараптаманы тағайындау ерекшелiктерi тиiстi заңнамалық актiлермен реттеледi.
      25. Сараптама қорытындылары ұсыныстық сипатқа ие болады.
      26. Сараптама нәтижелері Уәкілетті органның ресми сайтында жариялануы тиіс.

7. Қорытынды ережелер

      27. Сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуге (қайта тіркеуге) қатысты тиiстi шешiм қабылдайды.
      28. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы сараптама қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды миссионерлер ретінде тіркеуге (қайта тіркеуге) қатысты тиісті шешім қабылдайды.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Сараптаманы жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы и о признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2012 года № 209. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 238

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.04.2015 № 238.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 11 октября 2011 года «О религиозной деятельности и религиозных объединениях» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения религиоведческой экспертизы (далее - Правила).
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2007 года № 70 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 2, ст. 30);
      2) пункт 7 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 252 «О некоторых вопросах Министерства культуры Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 25-26, ст. 198);
      3) пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 888 «Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам религий».
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены            
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 7 февраля 2012 года № 209   

Правила
проведения религиоведческой экспертизы

1. Общие положения

      1. Правила проведения религиоведческой экспертизы разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 октября 2011 года «О религиозной деятельности и религиозных объединениях» и определяют порядок проведения религиоведческой экспертизы.
      2. Религиоведческая экспертиза (далее - экспертиза) проводится в целях установления соответствия учредительных документов, а также других документов религиозного содержания, духовных (религиозных) образовательных программ, информационных материалов религиозного содержания и предметов религиозного назначения законодательству Республики Казахстан.
      3. Проведение экспертизы обеспечивается уполномоченным органом, который осуществляет государственное регулирование в сфере религиозной деятельности (далее – Уполномоченный орган).
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 18.10.2013 № 1109 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

2. Задачи экспертизы

      4. Задачами экспертизы являются:
      1) определение принадлежности содержания объекта к конкретному вероучению, оценка содержания объекта на основе представленных религиозным объединением учредительных документов, сведений об основах вероучения и религиозных обрядов;
      2) проверка соответствия заявленных при государственной регистрации (перерегистрации) форм и методов деятельности религиозного объединения ее фактической деятельности;
      3) установление соответствия содержания объекта экспертизы нормам Конституции и законодательства Республики Казахстан.
      При проведении экспертизы могут быть рассмотрены иные вопросы, возникающие при осуществлении государственной регистрации (перерегистрации) и контроля за деятельностью религиозных объединений и требующие экспертной оценки.

3. Объект экспертизы

      5. К объектам экспертизы относятся:
      1) учредительные документы религиозных объединений;
      2) документы религиозного содержания (документы, определяющие структуру, основы вероучения религиозных объединений, религиозную практику, а также документы, характеризующие формы и методы религиозной деятельности);
      3) духовные (религиозные) образовательные программы;
      4) информационные материалы и литература религиозного содержания;
      5) предметы религиозного назначения.

4. Субъект экспертизы

      6. Субъектами экспертизы являются:
      1) эксперты, привлекаемые из числа представителей других государственных органов, общественных объединений, религиоведов, юристов, а также других специалистов, отбор которых осуществляется Уполномоченным органом;
      2) представители религиозных объединений, привлеченные Уполномоченным органом в качестве консультантов;
      3) специалисты из других государств, иностранных и международных организаций, привлеченные Уполномоченным органом в качестве экспертов;
      4) сотрудники подразделений Уполномоченного органа, имеющие специальные знания в сфере религии.
      7. Уполномоченный орган для проведения экспертизы может создавать совещательно-аналитические органы (экспертный совет, экспертные группы).

5. Основания для проведения экспертизы

      8. Основаниями для проведения экспертизы являются:
      1) заявления физических и (или) юридических лиц в Уполномоченный орган;
      2) поступление религиозной литературы, иных информационных материалов религиозного содержания в библиотечные фонды Республики Казахстан, а также в Уполномоченный орган;
      3) заявления физических лиц для регистрации (перерегистрации) в качестве миссионеров и регистрацией религиозных объединений;
      4) ввоз на территорию Республики Казахстан информационных материалов религиозного содержания, за исключением материалов для личного пользования;
      5) приказ руководителя Уполномоченного органа.
      9. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней с момента поступления материалов для проведения экспертизы проверяет:
      1) относится ли представленный на экспертизу материал к религиозному объединению (организации), чья деятельность по решению суда запрещена на территории Республики Казахстан;
      2) принадлежит ли представленный на экспертизу материал автору, чьи труды по решению суда запрещены на территории Республики Казахстан;
      3) запрещен ли представленный на экспертизу материал (в т.ч. анонимный) по решению суда для распространения на территории Республики Казахстан;
      4) принадлежит ли представленный на экспертизу материал религиозному объединению (организации), чья деятельность запрещена международными или межгосударственными актами, признанными и ратифицированными Республикой Казахстан, а также обязательными для исполнения Республикой Казахстан;
      5) имеются ли сведения, по которым автором представленного на экспертизу материала является лицо, осужденное в соответствии с международно-правовыми актами за преступления против мира и безопасности человечества, в т.ч. за экстремистскую и террористическую деятельность;
      6) имеются ли сведения о запрете на распространение представленного материала международными или межгосударственными актами, признанными и ратифицированными Республикой Казахстан, а также обязательными для исполнения Республикой Казахстан;
      7) является ли представленный материал некомплектным (дефектным, частично или полностью поврежденным);
      8) отсутствие аутентичного перевода представленного материала на государственном либо русском языках.
      Наличие вышеуказанных обстоятельств является основанием отказа в проведении экспертизы, о чем письменно уведомляется сторона, обратившаяся за запросом.

6. Порядок и условия проведения экспертизы

      10. Уполномоченный орган принимает решение о проведении экспертизы, а также определяет эксперта (экспертов) для проведения экспертизы.
      11. Проведение экспертизы может быть поручено Уполномоченным органом одному или нескольким экспертам (экспертной комиссии).
      12. По объекту экспертизы может проводиться комплексная экспертиза экспертами различных специальностей.
      13. Уполномоченный орган направляет эксперту (экспертам) объект, подлежащий экспертизе, и перечень вопросов, поставленных перед экспертом (экспертами).
      14. Экспертиза проводится в срок, не превышающий тридцати календарных дней со дня поступления в Уполномоченный орган объекта экспертизы.
      15. Срок проведения экспертизы может продлеваться на тридцать календарных дней при необходимости изучения экспертом (экспертами) дополнительных материалов и информации для проведения экспертизы. В случае принятия решения о продлении срока экспертизы Уполномоченный орган в течение трех рабочих дней с момента принятия такого решения письменно оповещает сторону, обратившуюся с запросом.
      16. Уполномоченный орган оказывает содействие эксперту (экспертам) в получении дополнительных материалов и информации путем направления запросов в заинтересованные религиозные объединения, государственные органы Республики Казахстан, организации и общественные объединения. Соответствующие запросы в международные организации направляются через Министерство иностранных дел Республики Казахстан.
      17. Уполномоченный орган в целях формирования постоянного информационного фонда оставляет один экземпляр объекта экспертизы.
      18. В ходе проведения экспертизы эксперт (эксперты):
      1) готовит мотивированное, научно обоснованное, объективное и полное экспертное заключение по поставленным Уполномоченным органом вопросам;
      2) не разглашает, а также воздерживается от публичной оценки сведений об объекте экспертизы, материалах и информации, представленных для проведения экспертизы;
      3) строго следует нормам законодательства Республики Казахстан и правилам этики.
      19. В случае невозможности проведения экспертизы, а также при возникновении обстоятельств, препятствующих ее проведению, эксперт (эксперты) уведомляет об этом Уполномоченный орган в течение трех рабочих дней в письменном виде с момента обнаружения данных обстоятельств.
      20. В экспертном заключении указывается:
      1) организация или лицо, проводившее экспертизу;
      2) данные, указывающие компетентность эксперта (специальность, научная степень);
      3) религиозное направление объекта экспертизы;
      4) наименование объекта экспертизы (автор литературы, издательство, год издания);
      5) количество объектов экспертизы (с учетом экземпляров), объем (число страниц), язык;
      6) обоснованные и полные ответы на поставленные вопросы.
      В экспертном заключении могут быть указаны дополнительные сведения по объекту экспертизы.
      Экспертное заключение содержит вывод эксперта, в котором указывается, рекомендован или не рекомендован объект экспертизы к использованию и распространению на территории Республики Казахстан.
      Если объектом религиоведческой экспертизы являются учредительные документы религиозных объединений, представленные при их регистрации (перерегистрации), то в экспертном заключении эксперт указывает на соответствие или несоответствие данных учредительных документов законодательству Республики Казахстан.
      21. Экспертное заключение подготавливается на фирменном бланке организации, проводившей экспертизу. В случае проведения экспертизы физическим лицом в заключении должна быть подпись эксперта.
      22. При проведении экспертизы на представленные религиозным объединением документы, срок государственной регистрации (перерегистрации) религиозных объединений прерывается.
      23. При проведении экспертизы на представленные миссионерами материалы срок регистрации миссионеров приостанавливается.
      24. Особенности назначения экспертизы в связи с производством по уголовным, гражданским делам и делам об административных правонарушениях регулируются соответствующими законодательными актами.
      25. Экспертные заключения имеют рекомендательный характер.
      26. Результаты экспертизы подлежат опубликованию на официальном сайте Уполномоченного органа.

7. Заключительные положения

      27. На основании экспертного заключения Министерство юстиции Республики Казахстан принимает соответствующее решение относительно государственной регистрации (перерегистрации) религиозного объединения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      28. Местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы на основании экспертного заключения принимает соответствующее решение относительно регистрации (перерегистрации) в качестве миссионеров граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 28 в редакции постановления Правительства РК от 18.10.2013 № 1109 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      29. Финансирование проведения экспертизы осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством и законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.