«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қор биржасы арқылы «Жезқазған-эйр» авиакомпаниясы» акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 90 (тоқсан) пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін сатуды жүзеге асырсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов