"Жезқазған-эйр" авиакомпаниясы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 215 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қор биржасы арқылы «Жезқазған-эйр» авиакомпаниясы» акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 90 (тоқсан) пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін сатуды жүзеге асырсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады