Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу
туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi төрағасының орынбасарлары, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық департаменттерiнiң бастықтары |
Әдiлет министрi |
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы |
Әкiмшiлiк Басшысы |
»
деген жол алып тасталсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
19-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;»;
21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары, Әділет министрлігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы әділет департаменттерінің бастықтары;».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев