"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 219 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу
туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:
«

Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi төрағасының орынбасарлары, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық департаменттерiнiң бастықтары

Әдiлет министрi

Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы

Әкiмшiлiк Басшысы

                                                                »
деген жол алып тасталсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      19-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;»;
      21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары, Әділет министрлігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы әділет департаменттерінің бастықтары;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады