"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 225 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жүйе бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың (бұдан әрі - тиімділікті бағалау) негізгі ережелерін, қағидаттарын, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесін және оны жүргізу, нәтижелерін айқындау және оларға шағымдану, пост-аудит тәртібін, сондай-ақ бағалауға қатысушылардың жауапкершілігін айқындайды.
      Пост-аудит өткен бағалау нәтижелері бойынша берілген тапсырмалар мен ұсыныстарды іске асырудың толықтығын айқындау жөніндегі кешенді шараларды білдіреді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:
      1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратты;
      2) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың Сараптамалық комиссияның жұмыс органына және бағаланушы мемлекеттік органдарға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
      3) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) шағымдану рәсімдерінен кейінгі бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Сараптамалық комиссияға бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды;
      5) Сараптамалық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланушы мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы деректерді іріктеп қайта тексеру және өткен жылдың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың іске асырылуына пост-аудит жүргізу бойынша кешенді ұйымдастыру шараларын қабылдауға міндетті. Іріктеп қайта тексеруге жататын деректерді бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.»;
      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «56. Қызмет бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есепті, пост-аудит қорытындыларын, бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиіс.»;
      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Жалпы бағалаудың нәтижелері мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тапсырмаларымен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.»;
      6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын;
      «6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
      63. Бағаланушы мемлекеттік орган тиімділікті бағалау нәтижелерін алған сәттен бастап бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ көшірмесін Сараптамалық комиссияның жұмыс органына растайтын құжаттарымен бірге қарсылығын жіберуге құқылы.
      64. Растайтын құжаттары жоқ қарсылықтар келіп түскен жағдайда бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган бағаланушы мемлекеттік органға қайта тексеру жүргізудің орынсыз екендігі туралы жауап жолдайды.
      65. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарда нәтижелерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.
      66. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде қайта тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыларды Сараптамалық комиссияның жұмыс органына және бағаланушы мемлекеттік органдарға жібереді.
      67. Қарсылықтар қабылданған жағдайда бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізеді.
      68. Сараптамалық комиссияның жұмыс органы бағалау үдерісінде бағалаудың түпкі нәтижесіне әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандарын тарта отырып, бағалаудың жекелеген нәтижелеріне қайта тексеру жүргізуге дербес бастамашылық етуге құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-бөліммен толықтырылсын:
      «6-1. Пост-аудит жүргізу тәртібі
      69-1. Бағаланушы мемлекеттік органдар еткен жылдың бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру мақсатында жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдерін көрсете отырып, әрбір бағыт бойынша Қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлейді.
      69-2. Жоспарлар бағалауға уәкілетті тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі және Сараптамалық комиссияның отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бекітіледі.
      69-3. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар деректерді қайта тексеру жөніндегі ұйымдастыру шаралары шеңберінде жыл сайынғы бағалаудың тиісті бағыттары бойынша Жоспарлар мен өткен жылдың бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсынастардың іске асырылуы тұрғысынан пост-аудит жүргізеді.
      69-4. Пост-аудиттің нәтижелері тиісті бағыттар бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытындыларда көрсетіледі.»;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің саяси мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген жол алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі», «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года № 225

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента
Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе
ежегодной оценки эффективности деятельности центральных
государственных и местных исполнительных органов областей,
города республиканского значения, столицы»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 24, ст. 173; 2011 г., № 8, ст. 95) следующие изменения и дополнения: 1) в Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных, и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы, утвержденной вышеназванным Указом:
      5 пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Система устанавливает основные положения, принципы, направления, определяет систему органов и порядок проведения, определения результатов ежегодной оценки эффективности деятельности оцениваемых государственных органов (далее - оценка эффективности) и их обжалования, пост-аудита, а также ответственность участников оценки.
      Под пост-аудитом понимается комплекс мер по определению полноты реализации поручений и рекомендаций, данных по результатам предыдущей оценки.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. График проведения оценки эффективности включает сроки представления:
      1) оцениваемыми государственными органами отчетной информации по итогам отчетного года в уполномоченные на оценку государственные органы по соответствующим направлениям;
      2) уполномоченными на оценку государственными органами заключений о результатах оценки в рабочий орган Экспертной комиссии и оцениваемые государственные органы;
      3) уполномоченными на оценку государственными органами, после процедуры обжалования, заключений о результатах оценки в центральный уполномоченный орган по государственному планированию (далее -уполномоченный орган по государственному планированию);
      4) уполномоченным органом по государственному планированию заключений о результатах общей оценки по направлениям в Экспертную комиссию;
      5) Экспертной комиссией результатов оценки эффективности Президенту Республики Казахстан.»;
      пункт 51 изложить в следующей редакции:
      «51. Уполномоченные на оценку государственные органы обязаны принять комплекс организационных мер по выборочной перепроверке данных, содержащихся в отчетной информации оцениваемых государственных органов и проведению пост-аудита реализации рекомендаций, данных по итогам оценки предыдущего года. Данные, подлежащие выборочной перепроверке, определяются уполномоченными на оценку государственными органами.»;
      пункт 56 изложить в следующей редакции:
      «56. Заключения о результатах оценки эффективности по направлениям деятельности должны содержать итоговый отчет об оценке, итоги пост-аудита, выводы и рекомендации по повышению эффективности деятельности оцениваемых государственных органов.»;
      пункт 61 изложить в следующей редакции:
      «61. Результаты общей оценки с поручениями по повышению эффективности деятельности государственных органов направляются руководителям государственных органов для принятия соответствующих мер.»;
      раздел 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Порядок обжалования результатов оценки
      63. С момента получения результатов оценки эффективности
оцениваемый государственный орган в случае несогласия с результатами
оценки вправе в течение пяти рабочих дней направить возражения с
подтверждающими документами в уполномоченные на оценку
государственные органы по соответствующим направлениям, а также копию в рабочий орган Экспертной комиссии.
      64. В случае получения возражений без подтверждающих документов, уполномоченный на оценку государственный орган направляет в оцениваемый государственный орган ответ о нецелесообразности проведения перепроверки.
      65. В целях обеспечения объективности и прозрачности оценки для перепроверки результатов в уполномоченных на оценку государственных органах формируются специальные комиссии, в состав которых не могут входить участвовавшие в оценке государственного органа сотрудники.
      66. Уполномоченные на оценку государственные органы в течение пятнадцати рабочих дней направляют в рабочий орган Экспертной комиссии и оцениваемые государственные органы обоснованные заключения о принятии либо непринятии возражений по результатам перепроверки.
      67. В случае принятия возражений уполномоченный на оценку государственный орган вносит соответствующие корректировки в заключение о результатах оценки эффективности.
      68. Рабочий орган Экспертной комиссии вправе самостоятельно инициировать проведение перепроверки отдельных результатов оценки с привлечением специалистов уполномоченных государственных органов в случае выявления нарушений, оказавших влияние на конечный результат в  процессе оценки.»;
      дополнить разделом 6-1 следующего содержания:
      «6-1. Порядок проведения пост-аудита
      69-1. Оцениваемые государственные органы в целях реализации рекомендаций, данных по итогам оценки предыдущего года, разрабатывают Планы мероприятий по улучшению показателей эффективности деятельности (далее - План) по каждому направлению с указанием ответственных исполнителей, и сроков исполнения.
      69-2. Планы согласовываются с соответствующими уполномоченными на оценку государственными органами и утверждаются в течение тридцати календарных дней со дня проведения заседания Экспертной комиссии.
      69-3. Уполномоченными на оценку государственными органами, ежегодно в рамках организационных мер по перепроверке данных, проводится пост-аудит на предмет реализации Планов и рекомендаций, данных по итогам предыдущего года, по соответствующим направлениям оценки.
      69-4. Результаты пост-аудита отражаются в заключениях о результатах оценки по соответствующим направлениям.»;
      пункт 72 изложить в следующей редакции:
      «72. Политические государственные служащие уполномоченных органов по государственному планированию, по делам государственной службы, по исполнению бюджета, в сфере информатизации, структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан, а также руководители структурных подразделений Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, ответственные за проведение оценки эффективности, несут персональную ответственность за соответствие результатов оценки эффективности утвержденным методикам и соблюдение сроков, утвержденных графиком проведения оценки.»;
      2) в приложении к вышеназванному Указу:
      строку «Министерство связи и информации Республики Казахстан» исключить;
      строки «Министерство культуры Республики Казахстан», «Министерство туризма и спорта Республики Казахстан» изложить в следующей редакции:
      «Министерство культуры и информации Республики Казахстан», «Агентство Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры»;
      дополнить строкой следующего содержания:
      «Агентство Республики Казахстан по делам религии».
      2. Правительству Республики Казахстан в месячный срок привести свои акты в соответствие с настоящим Указом.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев