Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы
Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Болгария Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев