Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 283 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2012 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2012 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2012 жылғы 10 шілдеден және 2013 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 283 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасының ювеналдық әділет жүйесін одан әрі жетілдіруді заңнамалық, ұйымдық және институционалдық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

1-тоқсан

2

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми-сараптама қоғамдастығымен талқылау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

1-тоқсан

3

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетіктерін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

1-тоқсан

4

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

5

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

ҰБ (келісім бойынша)

2-тоқсан

6

Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісін енгізу бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2-тоқсан

7

Азаматтықты және қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Конституцияны, Республиканың заңдарын және мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде жүргізу

дәрістер, БАҚ-та сөз сөйлеу

Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2-тоқсан

8

Құқықтық насихат жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру, ұйымдастыру және бақылау бойынша әділет органдарының, сондай-ақ халықты құқықтық жалпы оқыту бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдарының рөлін күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2-тоқсан

9

Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдауды, бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажеттігін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

10

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын іске асыру бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МҚІА (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

жылдың қорытындысы бойынша

11

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингіне, оларды қолдану практикасын талдауға негізделген заң жобалау қызметін болжау-талдаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

жартыжылдықтардың қорытындылары бойынша

12

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жұртшылық өкілдерін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

13

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

14

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы (жаңа редакция)» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

ҰҚК (келісім бойынша)

3-тоқсан

15

«Мемлекет кепілдіретін заң көмегі туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

16

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдіретін заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

17

Бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның қызметіне негізсіз араласуды болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЭСЖҚКА (келісім бойынша)

3-тоқсан

18

Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асыру бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МАМ, ПМК, ҰҚК (келісім бойынша), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

3-тоқсан

19

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми - сараптама қоғамдастығымен талқылау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

20

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰҚК (келісім бойынша) Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

21

Қоғамдық-құқықтық дауларды қарауға бағытталған Әкімшілік әділет құру туралы мәселені қарастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс енгізу

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

22

Соттарды ақпараттық дүңгіршектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

23

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

24

Мемлекеттік органдардың адам құқығын қорғау саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдар арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

4-тоқсан

25

Құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау, сотталған адамдарды беру саласындағы екіжақты халықаралық шарттарды әзірлеу немесе қол қою

Әзірленген халықаралық шарттарға қол қою немесе оларды ратификациялау

БП (келісім бойынша)

жыл бойы

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині       – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
МАМ              – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                   министрлігі
БП               – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ              – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі
ЖС               – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
МҚІА             – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                   агенттігі
ПМК              – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ҰБ               – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК              – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЭСЖҚКА           – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
                   және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
                  (қаржы полициясы)

Об утверждении Плана мероприятий на 2012 год по реализации Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2012 года № 283

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858 "О Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий на 2012 год по реализации Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года (далее – План мероприятий).
      2. Первым руководителям центральных и местных исполнительных органов, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан (по согласованию):
      1) принять меры по выполнению Плана мероприятий;
      2) представить не позднее 20 мая и 10 ноября 2012 года информацию о ходе выполнения Плана мероприятий в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Министерству юстиции Республики Казахстан представить не позднее 10 июня и 10 декабря 2012 года сводную информацию о ходе выполнения Плана мероприятий в Правительство Республики Казахстан.
      4. Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан не позднее 10 июля 2012 года и 10 января 2013 года представить сводную информацию о ходе выполнения Плана мероприятий в Администрацию Президента Республики Казахстан.
      5. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на Министерство юстиции Республики Казахстан.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 2 марта 2012 года № 283

План мероприятий
на 2012 год по реализации Концепции правовой политики
Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года

Мероприятие

Формы
завершения

Ответственные
за исполнение

Срок
исполнения

1

2

3

4

5

1

Разработка и
утверждение Плана
мероприятий по
принятию мер по
законодательному,
организационному и
институциональному
обеспечению
дальнейшего развития
системы ювенальной
юстиции Республики
Казахстан

Приказ Министра
юстиции
Республики
Казахстан

МЮ

1 квартал

2

Обсуждение концепции
проекта Закона
"О внесении изменений
и дополнений в
Кодекс "О здоровье
народа и системе
здравоохранения"
с заинтересованными
государственными
органами и с
научно-экспертным
сообществом

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

МЗ

1 квартал

3

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона
"О внесении изменений и дополнений в
некоторые
законодательные акты
Республики Казахстан
по вопросам создания
национальных
превентивных
механизмов,
направленных на
предупреждение пыток
и других жестоких,
бесчеловечных или
унижающих достоинств
видов обращения и
наказания"

Проект Закона

МЮ

1 квартал

4

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона
"О внесении изменений и дополнений в Закон
Республики Казахстан "О судебно-
экспертной
деятельности в
Республике
Казахстан"

Проект Закона

МЮ

2 квартал

5

Разработка и внесение на рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона
"О внесении изменений и дополнений в
некоторые
законодательные акты
Республики Казахстан
по вопросам
исламского
финансирования"

Проект закона

НБ (по согласованию)

2 квартал

6

Принятие мер по
внедрению Эталонного
контрольного банка
нормативных правовых
актов в электронном
виде

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

МЮ

2 квартал

7

Проведения на
системной основе
мероприятий,
направленных на
пропаганду
гражданственности и
казахстанского
патриотизма,
формирование
уважения к
Конституции, законам
и государственным
символам Республики

лекции,
выступления в
СМИ

МЮ, центральные
и местные
государственные
органы

2 квартал

8

Усиление роли
органов юстиции по
межведомственной
координации,
организации и
контролю за
деятельностью по
правовой пропаганде,
а также местных
представительных и
исполнительных
органов по правовому
всеобучу населения

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

МЮ, центральные
и местные государственные
органы

2 квартал

9

Проработать необходимость
принятия
Административно-
процессуального
кодекса Республики
Казахстан, при этом
четко определиться с
предметом регулирования
административно-
процессуального
законодательства

Информация в
Администрацию
Президента и
Правительство
Республики
Казахстан

МЮ, заинтересованные
государственные органы

2 квартал

10

Принятие мер по
реализации Концепции
новой модели
государственной
службы Республики
Казахстан

Информация в
Администрацию
Президента
Республики
Казахстан

АДГС
(по согласованию),
заинтересованные
государственные органы

по итогам года

11

Принятие мер по
прогнозно-
аналитическому
обеспечению
законопроектной
деятельности,
основанной на
правовом мониторинге
нормативных правовых
актов, анализе
практики их
применения

Информация в
Администрацию
Президента и
Правительство
Республики
Казахстан

МЮ, заинтересованные
государственные органы

по итогам
полугодий

12

Привлечение
представителей
неправительственных
организаций и
представителей
общественности к
разработке
нормативных правовых
актов

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

МЮ, заинтересованные
государственные
органы

3 квартал

13

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона "О
внесении изменений и
дополнений в
некоторые
законодательные акты
Республики Казахстан
по вопросам
совершенствования
ювенальной юстиции"

Проект Закона

МЮ

3 квартал

14

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона
"О Государственной
границе Республики
Казахстан"
(новая редакция)

Проект Закона

КНБ
(по согласованию)

3 квартал

15

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона "О
гарантированной
государством
юридической помощи"

Проект Закона

МЮ

3 квартал

16

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона "О
внесении изменений и
дополнений в
некоторые
законодательные акты
Республики Казахстан
по вопросам
совершенствования
системы
предоставления
гарантированной
государством
юридической помощи"

Проект Закона

МЮ

3 квартал

17

Принятие мер по
обеспечению
безопасности
бизнеса,
необоснованного
вмешательства в его
деятельность

Информация в
Администрацию
Президента
Республики
Казахстан

АБЭКП (по согласованию),
заинтересованные
государственные органы

3 квартал

18

Принятие мер по
реализации Концепции
информационной
безопасности
Республики Казахстан
до 2016 года

Информация в
Администрацию
Президента
Республики
Казахстан

МКИ, КПМ,
КНБ
(по согласованию),
центральные
и местные
государственные
органы

3 квартал

19

Обсуждение концепции законопроекта "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам правового регулирования сферы интеллектуальной собственности" с заинтересованными государственными органами и с научно-экспертным сообществом

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

МЮ, заинтересованные
государственные органы

3 квартал

20

Принятие мер по
реализации Закона
Республики Казахстан
"О национальной
безопасности
Республики
Казахстан"

Информация в
Администрацию
Президента

КНБ
(по согласованию)
МЮ, заинтересованные
государственные органы

3 квартал

21

Проработка вопроса
по разграничению
полномочий между
судом и внесудебными
инстанциями по
рассмотрению дел об
административных
правонарушениях

Предложения в
Администрацию
Президента
Республики
Казахстан

МЮ, ВС (по согласованию)

4 квартал

22

Поэтапное оснащение
судов информационными
киосками

Информация в
Администрацию
Президента
Республики
Казахстан

ВС (по согласованию)

4 квартал

23

Разработка и
внесение на
рассмотрение
Парламента
Республики Казахстан
проекта Закона
"О внесении
изменений и
дополнений в
некоторые
законодательные акты
Республики Казахстан
по вопросам
исключения
противоречий,
пробелов, коллизий
между нормами права
различных
законодательных
актов и норм,
способствующих
совершению
коррупционных
правонарушений"

проект Закона

МЮ

4 квартал

24

Информационное
сопровождение
деятельности
государственных
органов в области
защиты прав
человека, а также
повышение уровня
правовой грамотности
населения через
средства массовой
информации

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

МКИ, МЮ, центральные и
местные государственные
органы

4 квартал

25

Разработка и
заключение
двусторонних
международных
договоров в сфере
оказания правовой
помощи, экстрадиции,
передачи осужденных
лиц

Подписание или
ратификация
разработанных
международных
договоров

ГП (по согласованию)

в течение года

      Примечания: расшифровка аббревиатур:
      МЮ – Министерство юстиции Республики Казахстан
      МКИ – Министерство культуры и информации Республики Казахстан
      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан
      ГП – Генеральная прокуратура Республики Казахстан
      ВС – Верховный Суд Республики Казахстан
      АДГС – Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы
      КПМ – Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан
      НБ – Национальный банк Республики Казахстан
      КНБ – Комитет национальной безопасности Республики Казахстан
      АБЭКП – Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)