«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2012 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2012 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2012 жылғы 10 шілдеден және 2013 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 283 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақстан Республикасының ювеналдық әділет жүйесін одан әрі жетілдіруді заңнамалық, ұйымдық және институционалдық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Әділетмині |
1-тоқсан |
2 |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми-сараптама қоғамдастығымен талқылау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ДСМ |
1-тоқсан |
3 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетіктерін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
1-тоқсан |
4 |
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
2-тоқсан |
5 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2-тоқсан |
6 |
Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісін енгізу бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әділетмині |
2-тоқсан |
7 |
Азаматтықты және қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Конституцияны, Республиканың заңдарын және мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде жүргізу |
дәрістер, БАҚ-та сөз сөйлеу |
Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
2-тоқсан |
8 |
Құқықтық насихат жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру, ұйымдастыру және бақылау бойынша әділет органдарының, сондай-ақ халықты құқықтық жалпы оқыту бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдарының рөлін күшейту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
2-тоқсан |
9 |
Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдауды, бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажеттігін пысықтау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
2-тоқсан |
10 |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын іске асыру бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МҚІА (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
жылдың қорытындысы бойынша |
11 |
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингіне, оларды қолдану практикасын талдауға негізделген заң жобалау қызметін болжау-талдаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
жартыжылдықтардың қорытындылары бойынша |
12 |
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жұртшылық өкілдерін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тарту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
3-тоқсан |
13 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
3-тоқсан |
14 |
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы (жаңа редакция)» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
ҰҚК (келісім бойынша) |
3-тоқсан |
15 |
«Мемлекет кепілдіретін заң көмегі туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
3-тоқсан |
16 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдіретін заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
3-тоқсан |
17 |
Бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның қызметіне негізсіз араласуды болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭСЖҚКА (келісім бойынша) |
3-тоқсан |
18 |
Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асыру бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МАМ, ПМК, ҰҚК (келісім бойынша), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
3-тоқсан |
19 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми - сараптама қоғамдастығымен талқылау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
3-тоқсан |
20 |
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ҰҚК (келісім бойынша) Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
3-тоқсан |
21 |
Қоғамдық-құқықтық дауларды қарауға бағытталған Әкімшілік әділет құру туралы мәселені қарастыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс енгізу |
Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) |
4-тоқсан |
22 |
Соттарды ақпараттық дүңгіршектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЖС (келісім бойынша) |
4-тоқсан |
23 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
4-тоқсан |
24 |
Мемлекеттік органдардың адам құқығын қорғау саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдар арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, Әділетмині, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
4-тоқсан |
25 |
Құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау, сотталған адамдарды беру саласындағы екіжақты халықаралық шарттарды әзірлеу немесе қол қою |
Әзірленген халықаралық шарттарға қол қою немесе оларды ратификациялау |
БП (келісім бойынша) |
жыл бойы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЭСЖҚКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы)