Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 293 Қаулысы

      "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттары бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар 2012 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуіне мониторингті қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 293 қаулысымен   
бекітілген      

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде
ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға
кредит беру шарттары

       1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2016 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении Условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства на селе на 2012 год в рамках Программы занятости 2020

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2012 года № 293

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1428 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Условия кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства на селе на 2012 год в рамках Программы занятости 2020.
      2. Местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных бюджетах, бюджетах городов Астаны и Алматы на 2012 год соответствующие поступления, предоставить указанные решения маслихатов в Министерство финансов Республики Казахстан.
      3. Министерствам финансов, труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей, городов Астаны и Алматы;
      2) контроль за целевым использованием и своевременным возвратом бюджетных кредитов в республиканский бюджет.
      4. Местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставлять информацию об освоении кредитов в министерства финансов и труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      5. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан обеспечить мониторинг освоения бюджетных кредитов, выделенных на содействие развитию предпринимательства на селе на 2012 год в рамках Программы занятости 2020.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены                
постановлением Правительства       
Республики Казахстан          
от 6 марта 2012 года № 293        

Условия
кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и
Алматы на содействие развитию предпринимательства на селе на
2012 год в рамках Программы занятости 2020

      1. Для предоставления кредитов местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы (далее - заемщик) устанавливаются следующие основные условия:
      1) кредиты предоставляются заемщикам в тенге сроком на 5 (пять) лет по 0,01 %-ной ставке вознаграждения на содействие развитию предпринимательства на селе на 2012 год в рамках Программы занятости 2020;
      2) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 25 декабря 2016 года.
      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.