"2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттары бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар 2012 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуіне мониторингті қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 293 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде
ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға
кредит беру шарттары
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2016 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.