Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2012 жылғы 30 наурыздағы 
№ 385 қаулысымен бекітілген

Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бала асырап алу жөнiндегi агенттiкттердi аккредиттеу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті филиалдар және (немесе) өкілдіктер құру жолымен жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының (бұдан әрі – уәкілетті орган) бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;
      2) Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер – өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар.
      3. Аккредиттеу туралы өтініш берген сәтте өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі – агенттіктер) аккредиттеуге жатады.
      4. Аккредиттеу филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелгенге дейін жүргізіледі. Агенттік өз филиалын және (немесе) өкілдігін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірінде құрады.
      5. Филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді есептік тіркеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметкерлері, олардың жұбайларын және жақын туыстарын қоса алғанда, филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметкерлері бола алмайды.

2. Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу тәртiбi

      7. Агенттіктерді аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені уәкілетті орган қарайды.
      8. Агенттіктің сенім білдірген адамы балаларды асырап алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
      2) оның тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын, агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесін;
      3) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хатын;
      4) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, құны көрсетілетін қызметтердің тізбесін;
      5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі міндеттемені;
      6) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесін;
      7) агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариатта куәландырылған сенімхатты қоса тіркей отырып, өтініш береді.
      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында санамаланған құжаттар олар берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды болады.
      9. Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен заңдастырылуға тиіс.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.
      10. Сенім білдірілген адамның аккредиттеу туралы өтінішін уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      11. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді уәкілетті орган өз құзыреті шегінде аккредиттеу мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беретін Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрліктерімен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісім бойынша қабылдайды.
      Уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органнан құжаттар мен сұрау салу түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды.
      12. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартуды уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді, бас тартылған жағдайда оны негіздейді.
      13. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, өкіл тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда оның телнұсқасын алады.
      Бұл ретте, агенттікті аккредиттеу туралы шешім түпнұсқасының күші жойылды деп танылады.
      14. Агенттіктер бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.
      15. Агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:
      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
      3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
      4) агенттік орналасқан мемлекеттегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
      5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
      6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылау және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      7) агенттіктің асырап алынған баланың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы болып табылады.
      16. Өз қызметін аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді алған агенттік уәкілетті органға алты ай өткен соң қайтадан жүгінеді.

3. Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің қызметін ұзарту,
тоқтата тұру және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату

      17. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ол аккредиттеу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға мерзімді ұзарту туралы өтініш береді.
      Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешімді уәкілетті орган қабылдап, агенттіктің филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
      18. Егер олар агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген мерзім өткен соң аккредиттеу мерзімі өздігінен ұзартылады.
      19. Уәкілетті орган:
      1) Кодекстің және осы Қағидалардың нормалары сақталмаған;
      2) уәкілетті органға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
      20. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде уәкілетті орган оны қайтадан қолданысқа енгізеді.
      Егер агенттік қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар (мән-жайлар) белгіленген мерзімде жойылмаса, уәкілетті орган агенттік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      21. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган негізделіп қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      22. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметі мынадай жағдайларда:
      1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;
      2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
      3) филиал және (немесе) өкілдік қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
      4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса тоқтатылады.
      23. Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату мәселелерін уәкілетті орган осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
      24. Қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы дәлелді шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган филиалды және (немесе) өкілдікті бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      25. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметін тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы дәлелді шешім оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында таратылады.
      26. Агенттік басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген агенттiктер аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы уәкілетті органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
      27. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агенттiктерді аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдейді.
      Бұл ретте, агенттiктерді аккредиттеу туралы бұрын берілген шешімнің күші жойылды деп танылады және уәкілетті органға аккредиттелген агенттiктердің деректер банкісіне тиісті ақпарат енгізіле отырып қайтарылады.

Об утверждении Правил аккредитации агентств по усыновлению

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 385. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 312

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2015 № 312 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 111 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила аккредитации агентств по усыновлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 30 марта 2012 года № 385

Правила
аккредитации агентств по усыновлению

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации агентств по усыновлению (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 111 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» (далее – Кодекс) и определяют порядок аккредитации агентств, осуществляющих деятельность по усыновлению детей на территории Республики Казахстан путем создания филиалов и (или) представительств.
      2. В настоящих Правилах используются понятия:
      1) Аккредитация – официальное признание уполномоченным органом в области защиты прав детей Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган) права агентств по усыновлению осуществлять свою деятельность.
      2) Агентства по усыновлению – некоммерческие иностранные организации, осуществляющие деятельность по усыновлению (удочерению) детей на территории своего государства и аккредитованные для осуществления подобной деятельности на территории Республики Казахстан в порядке, установленном Кодексом.
      3. Аккредитации подлежат агентства по усыновлению (далее – агентства), осуществляющие свою деятельность в указанной сфере на территории своего государства не менее десяти лет на момент подачи заявления об аккредитации.
      4. Аккредитация проводится до учетной регистрации филиала и (или) представительства. Агентство создает свой филиал и (или) представительство в одной из административно-территориальных единиц Республики Казахстан.
      5. Учетная регистрация филиалов и (или) представительств осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      6. Сотрудниками филиала и (или) представительства не могут быть работники уполномоченного органа, местных исполнительных органов, организаций для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, включая их супругов и близких родственников.

2. Порядок аккредитации агентств по усыновлению

      7. Вопрос об аккредитации агентства, в том числе и об отказе в аккредитации, рассматривается уполномоченным органом.
      8. Доверенное лицо агентства для осуществления работы по усыновлению детей подает в уполномоченный орган заявление с приложением следующих документов:
      1) нотариально засвидетельствованные копии учредительных документов;
      2) копия документа, выданного компетентным органом государства местонахождения агентства, подтверждающего его полномочия на осуществление деятельности в соответствующей сфере;
      3) рекомендательное письмо компетентного органа государства, выдавшего документ, подтверждающий полномочия агентства, или осуществляющего контроль за деятельностью агентства о возможности осуществления соответствующей деятельности на территории Республики Казахстан;
      4) перечень услуг, предоставляемых агентством кандидатам в усыновлении, с указанием их стоимости;
      5) обязательство по осуществлению контроля за условиями жизни и воспитания усыновленных детей и предоставлению соответствующих отчетов и информации в установленном порядке;
      6) обязательство по осуществлению контроля за постановкой на учет в консульском учреждении Республики Казахстан усыновленного ребенка по прибытию усыновителей в государство своего проживания;
      7) нотариально удостоверенную доверенность, выданную агентством доверенному лицу.
      Документы, перечисленные в подпунктах 1), 2), 3), 4) настоящего пункта, действительны в течение шести месяцев со дня их выдачи.
      9. Все предоставленные документы следует легализовать в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан и международными договорами, участницей которых является Республика Казахстан.
      Документы, выданные за пределами Республики Казахстан, предоставляются на государственном языке соответствующего иностранного государства, а также подлежат переводу на казахский и русский языки.
      10. Заявление доверенного лица об аккредитации рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней с момента предоставления документов, указанных в пункте 8 настоящих Правил.
      11. Решение об аккредитации агентства принимается уполномоченным органом по согласованию с министерствами иностранных дел, внутренних дел, юстиции, уполномоченными органами в области здравоохранения, социальной защиты населения (далее – государственные органы), представляющими соответствующие заключения о возможности аккредитации в пределах своей компетенции.
      Уполномоченный орган в течение семи календарных дней направляет документы, указанные в пункте 8 настоящих Правил, для согласования в государственные органы, которые предоставляют в течение пятнадцати календарных дней с момента поступления документов и запроса из уполномоченного органа заключение о возможности осуществления деятельности агентства на территории Республики Казахстан.
      12. Решение об аккредитации агентства или отказ в аккредитации выдается уполномоченным органом в течение десяти рабочих дней со дня его принятия с обоснованием в случае отказа.
      13. При утере решения об аккредитации агентства представитель получает его дубликат в уполномоченном органе в течение десяти рабочих дней со дня подачи соответствующего заявления.
      При этом оригинал решения об аккредитации агентства признается утратившим силу.
      14. Агентства аккредитуются сроком на один год. Решение об аккредитации агентства является неотчуждаемым и не подлежит передаче другим лицам.
      15. Основаниями для отказа в аккредитации агентства, продлении срока и (или) досрочном прекращении его деятельности являются:
      1) несоответствие предоставленных документов требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан;
      2) предоставление недостоверных сведений о своей деятельности;
      3) наличие негативной информации о деятельности агентства или его филиалов и (или) представительств, поступившей от компетентных органов иностранного государства, а также государственных органов Республики Казахстан, указанных в пункте 11 настоящих Правил;
      4) неблагоприятная социально-экономическая, политическая, экологическая ситуация, осуществление военных действий в государстве местонахождения агентства;
      5) нарушение работниками филиала и (или) представительства законодательства Республики Казахстан;
      6) нарушение агентством своих обязательств по осуществлению контроля за условиями жизни и воспитания усыновленных детей и предоставлению в установленном законодательством порядке соответствующих отчетов и информации;
      7) нарушение агентством своих обязательств по осуществлению контроля за постановкой на учет усыновленного ребенка в установленном  законодательством  порядке в консульском учреждении Республики Казахстан;
      8) прекращение деятельности агентства на территории своего государства.
      16. Агентства, получившие решение об отказе в аккредитации их деятельности, повторно обращаются в уполномоченный орган по истечении шести месяцев.

3. Продление, приостановление и (или) досрочное
прекращение деятельности филиалов и (или) представительств

      17. Для продления срока аккредитации агентство подает заявление о продлении срока в уполномоченный орган не позднее, чем за тридцать календарных дней до истечения срока аккредитации.
      Заявление о продлении срока аккредитации агентства рассматривается уполномоченным органом в течение десяти рабочих дней со дня принятия заявления. Мотивированное решение о продлении либо об отказе в продлении срока аккредитации агентства принимается уполномоченным органом и направляется филиалу и (или) представительству агентства в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения.
      18. Срок аккредитации агентства продлевается автоматически по истечении срока, предусмотренного в пункте 14 настоящих Правил, в случае, если ими были соблюдены все требования, установленные законодательством Республики Казахстан, в течение одного года после первой аккредитации агентства.
      19. Действие решения об аккредитации агентства приостанавливается уполномоченным органом в случае:
      1) несоблюдения норм Кодекса и настоящих Правил;
      2) наличия обоснованных жалоб на деятельность филиала и (или) представительства в уполномоченный орган и (или) иные государственные органы.
      20. При устранении нарушений, повлекших приостановление аккредитации агентства, в течение одного месяца его действие возобновляется уполномоченным органом.
      Если в установленный срок нарушения (обстоятельства), повлекшие за собой приостановление деятельности агентства, не будут устранены, уполномоченным органом принимается решение о прекращении действия деятельности агентства.
      21. Решение о досрочном прекращении деятельности филиала и (или) представительства, продлении его деятельности принимается уполномоченным органом в течение десяти рабочих дней со дня его принятия с обоснованием.
      22. Деятельность филиала и (или) представительства прекращается в следующих случаях:
      1) неосуществления деятельности по усыновлению детей в соответствии с учредительными документами агентства;
      2) неустранения в течение одного месяца нарушений, повлекших приостановление действия решения об аккредитации агентства;
      3) предоставления филиалом и (или) представительством заявления о прекращении деятельности;
      4) истечения срока действия решения об аккредитации агентства и невозможности продления срока аккредитации на новый срок.
      23. Вопросы прекращения деятельности филиала и (или) представительства агентств рассматриваются уполномоченным органом в течение десяти рабочих дней со дня обнаружения (возникновения) обстоятельств, указанных в пункте 22 настоящих Правил.
      24. Филиал и (или) представительство уведомляется уполномоченным органом в течение пяти рабочих дней после принятия мотивированного решения о приостановлении или прекращении деятельности.
      25. Мотивированное решение о приостановлении или досрочном прекращении деятельности филиала и (или) представительства распространяется на территории соответствующей административно-территориальной единицы путем размещения решения в средствах массовой информации.
      26. В случае изменения фамилии, имени, отчества руководителя агентства и (или) наименования, организационно-правовой формы юридического лица, аккредитованные агентства подают заявление в уполномоченный орган о переоформлении решения об аккредитации с приложением документов, подтверждающих указанные сведения, и документов, указанных в пункте 8 настоящих Правил.
      27. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня поступления соответствующего письменного заявления переоформляет решение об аккредитации агентства.
      При этом решение об аккредитации агентства, выданное ранее, признается утратившим силу и возвращается в уполномоченный орган с внесением соответствующей информации в банк данных аккредитованных агентств.