Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7483 тіркелді

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 114-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                Б. Жұмағұлов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      _____________ Е. Қазыханов
      2012 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 112 бұйрығымен   
бекітілген     

Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы
есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 114-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу тәртібін айқындайды.
      3. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы
есептерді және ақпаратты есепке алу тәртібі

      4. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi (бұдан әрі – Министрлiк) уәкілетті органға жібереді.
      5. Министрлiк консулдық есепке алынған балалардың тізімдерін уәкілетті органға ай сайын ұсынады.
      6. Бала асырап алу жөніндегі филиалдар және (немесе) өкілдіктер аумағында асырап алынған бала тұратын мемлекеттің құзыретті органы дайындаған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену және денсаулық жағдайы туралы бала асырап алушылардың есептерін (бұдан әрі – есептер) уәкілетті органға беруді ұйымдастырады.
      7. Бала асырап туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейінгі алғашқы үш жыл бойы есеп алты ай сайын ұсынылады. Кейіннен есептер жыл сайын ұсынылады.
      8. Түскен есептерді уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарына жеті жұмыс күні ішінде жібереді.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары есептерді кіріс хаттар журналында тіркейді және бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға (бұдан әрі – орган) есепке алу, тіркеу және сақтау үшін жеті жұмыс күні ішінде одан әрі жөнелтеді.
      10. Орган асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есепке алу журналына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді енгізу арқылы түскен есептерді есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
      11. Есептер асырап алынған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін жеке үй-жайда (бөлмеде) асырап алынған балалардың жеке істерінде сақталады, кейіннен мұрағатқа тапсырылады.
      12. Орган есептерге талдау жүргізеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарына түскен есептер туралы ақпаратты жарты жылда бір рет ұсынады.
      13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары ұсынылатын есептер туралы ақпаратты уәкілетті органға жарты жылда бір рет есептік кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне жібереді.

Асырап алынған балаларды
консулдық есепке алу туралы
есептерді және ақпаратты
есепке алу қағидаларына
қосымша      

Нысан

Асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену және
денсаулық жағдайы туралы есептерді есепке алу журналы

Баланың асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә.

Бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан күн

Қабылдаушы ата-аналардың Т.А.Ә.

Қабылдаушы ата-аналардың тұрғылықты жері, мекенжайы, телефоны

Асырап алынған балаға тұрғылықты жері бойынша бақылауды жүзеге асыратын агенттік туралы мәліметтер

Бала асырап алу рәсіміне қатысатын агенттік өкілі

асырап алынған бала кәмелетке толғанға дейін есептердің түсу мерзімдері туралы мәліметтер

ҚР азаматтары болып табылатын және ҚР аумағында тұрақты тұратын бала асырап алушылар үшін жылына бір рет

Кейінгі жылдары барлық асырап алушылар үшін жылына бір рет

ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтары үшін бала асырап алудан кейінгі бірінші жылы және шетелдіктер үшін – алты ай сайын

ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтары үшін бала асырап алудан кейінгі екінші жылы және шетелдіктер үшін – алты ай сайын

ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтары үшін бала асырап алудан кейінгі үшінші жылы және шетелдіктер үшін – алты ай сайын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады