Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2017 № 512 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
2-тармақта "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің" деген сөздер "Экономикалық даму және сауда министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы № 401 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы министрі, төраға
Омаров - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Рысқұлов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жандос Алмасұлы министрлігі Көп жақты ынтымақтастық
департаментінің кеңесшісі, хатшы
Баймолдина - Қазақстан Республикасының Әділет
Зәуреш Хамитқызы вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Жақсылықов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы даму және сауда вице-министрі
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Жанат Базикенұлы Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол
бөлімінің сектор меңгерушісі
Аманжолова - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Зүлфия Алтайқызы министрлігінің Ерекше тапсырмалар
жөніндегі елшісі – Халықаралық құқық
департаментінің директоры
Сарыева - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жұмагүл Қансейітқызы министрлігі Валюта-қаржы
департаментінің директоры
Садықов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы министрлігі Көп жақты ынтымақтастық
департаментінің директоры
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық шарттар
сараптамасы департаментінің директоры
Досполов - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Сергей Долдаұлы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
бастығы (келісім бойынша)