Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2091 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 512 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2017 № 512 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
N 2091 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің сектор меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Валюта-қаржы департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық шарттар сараптамасы департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
N 2091 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 N 361 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруі, қатысуы және олардан шығуы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар, сондай-ақ тиісті халықаралық ұйымдарға жарналарды төлеу шарттарын әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) халықаралық ұйымдарға міндетті және ерікті жарналарды төлеу шарттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Комиссия гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде қабылданып жатқан өзге салалардағы Қазақстан Республикасының міндеттемелері туралы мәселелерді қарамайды (тиісті халықаралық ұйымның жарғылық құжаттарының сипаты барларын қоспағанда).

      4. Комиссияның негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіру, қатысу және олардан шығу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) халықаралық ұйымдарға міндетті және ерікті жарналарды төлеу орындылығы және шарттары, олардың көлемдері және төлеу мерзімдері, сондай-ақ басым төлемдерді айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

      1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыртқы саяси орындылықты ескере отырып, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты сұрауға және алуға;

      3) Комиссияның қарауына енгізілетін мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға құқығы бар.

      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      7. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      Комиссия төрағасының шешімімен мүдделі мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар ұсынған материалдардың негізінде Комиссияның жоспардан тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

      Егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.

      Комиссия мүшелері отырысқа алмастыру құқығынсыз қатысады.

      8. Комиссия төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.

      9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. Комиссия Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын өз міндеттеріне сәйкес қарайды.

      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруі, қатысуы және олардан шығуы, халықаралық ұйымдарға жарналар төлеу шарттарының мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша ұсынысқа, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары:

      1) ұсыныс енгізілетін халықаралық ұйым туралы және оған кіру, қатысу немесе одан шығу шарттары туралы ақпаратты;

      2) кірудің, қатысудың және шығудың, соның ішінде тиісті салалық, стратегиялық бағдарламаларға, жоспарларға, Қазақстан Республикасының заңдарына сілтеме жасап орындылығы негіздемелерін;

      3) халықаралық ұйымның құрылтай құжатының көшірмесін;

      4) осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған түсіндірме жазбаны;

      5) ұсынысты мүдделі мемлекеттік органдармен келісу материалдарын қоса береді.

      11. Сыртқы саяси орындылығын, бюджетті үнемдеудің, халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу қажеттілігі туралы мемлекеттiк органдардың негіздемелерін және осы төлемдерге орай болжамданатын саяси дивидендтерді ескере отырып, Комиссияның жұмыс органы келесі жоспарлы кезеңге халықаралық ұйымдарға басым ерiктi жарналар төлеудiң тiзбесін әзірлейді және оны Комиссияның қарауына енгiзедi.

      Комиссиямен келісілген басым ерiктi жарналар тiзбесі келесi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру процесі басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне қарау және мақұлдау үшiн енгiзіледi.

      12. Жұмыс органы түзетуді, соның ішінде валюталар бағамының өзгеруіне байланысты емес себептер бойынша жарналардың сомасын ұлғайту немесе азайтуды көздейтін халықаралық ұйымдарға міндетті жарналарды төлеу бойынша ұсыныстарды, жарналарды ұлғайтудың немесе азайтудың тиiстi негіздемелерімен Комиссияның қарауына енгiзедi.

      Комиссиямен келісілген оларды ұлғайтуды немесе азайтуды көздейтін міндетті жарналар тiзбесі келесi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру процесі басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне қарау және мақұлдау үшiн енгiзіледi.

      13. Келесi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет бекiтілгеннен кейiн Комиссияның төрағасы келесi жоспарлы кезеңге арналған Халықаралық ұйымдарға мiндеттi және ерiктi жарналарды төлеудiң жоспарын (бұдан әрі – жоспар) бекiтедi.

      Жоспарға нақтылаулар тиісті кезеңге арналған нақтыланған республикалық бюджет шеңберінде енгізіледі.

      14. Халықаралық ұйымға ағымдағы жылы жоспарда қарастырылмаған ерікті жарнаны төлеу туралы ұсыныс осындай төлемнің саяси орындылығы туралы жұмыс органының ұсынысы және уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу нәтижелері негізінде Комиссиямен қаралады. Комиссия мақұлдаған жағдайда жұмыс органы аталған ұсынысты келесi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне қарау және мақұлдау үшiн енгiзедi.

      15. Тиісті ұсынысқа бастамашылық жасаған мемлекеттік орган осы Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын отырыс басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей Комиссияның қарауына енгізеді. Жұмыс органы кезекті отырысты өткізу мерзімдері туралы мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарлайды.

      Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мәселелерді Комиссияның жедел пысықтауы туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тапсырмасы болған жағдайда, материалдар барынша қысқа мерзімде ұсынылуы мүмкін.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      16. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қосылуына бастамашылық жасаған мемлекеттік органдар, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Комиссияның жұмыс органына:

      1) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдері қол қойған Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындауы туралы есепті жылдағы салыстырып тексеру актілерін;

      2) есепті жылдағы Қазақстан Республикасының мүшелік жарналарды пайдалануы туралы есепті;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға одан әрі қатысуының орындылығы туралы ұсынысты;

      4) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық ұйымға қатысуының тиімділігі және ерікті жарналарды одан әрі төлеудің орындылығы туралы ақпаратты береді.

      17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

      Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      18. Комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде ұсынысқа бастамашылық жасаған мүдделі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруі, қатысуы және одан шығуы мәселелері бойынша тиісті ұсынысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

      19. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық мәселелері жөніндегі
комиссия туралы ережеге
қосымша

Бастамашылық жасаған мемлекеттік органның Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруі, одан әрі қатысуы
және/немесе мүшелігі не олардан шығуы туралы ұсынысына
түсіндірме жазбаның нысаны

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Бастамашы органның ақпараты

1

Бастамашы органның атауы


2

Халықаралық ұйымның құрылтай құжатының атауы


3

Халықаралық ұйымның құрылтай құжатының реттеу нысанасы


4

Халықаралық ұйымның құрылтай құжатына қатысушы-мемлекеттердің саны мен атауы


5

Халықаралық ұйымның құрылтай құжатына бар ескертпелері мен мәлімдемелері


6

Халықаралық ұйымға қатысушы мемлекет қабылдайтын міндеттемелер тізбесі (құрылтай құжатының және халықаралық ұйымның басқа құжаттарының тиісті баптарын, тармақтарын және басқа нормаларын көрсете отырып)


7

Құрылтай құжатының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінен өзге нормаларды белгілейтін нормалары (заңнамалық актінің тиісті баптары мен тармақтарын көрсете отырып)


8

Құрылтай құжатының орындау үшін ұлттық деңгейде құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау бойынша шаралар қабылдау) талап етілетін нормалары


9

Құрылтай құжатының орындау үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру талап етілетін нормалары және болжалды қаржыландыру көздері


10

Құрылтай құжатының орындау үшін Қазақстан Республикасының аумағында басқа да (салалық) жағдайларды қамтамасыз ету талап етілетін нормалары және ұсынылатын шаралар


11

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруінің және олардан шығуының ықтимал саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарлары туралы ақпарат


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
N 2091 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 51-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1354 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 459-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 тамыздағы N 891 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 324 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 147-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 621-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады