Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 440 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.03.2013 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1160 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 535-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 10 сәуірдегі
№ 440 қаулысымен   
бекітілген       

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу
(оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:
      1) АКҚҚ-ны әзірлеуді;
      2) АКҚҚ-ны өткізуді (оның ішінде өзге де беру) қамтиды.
      2. Осы біліктілік талаптарының әрекеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауға байланысты қызметке қолданылмайды.
      3. АККҚ-ны әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары техникалық білімі бар маманның;
      2) мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін жеке меншігінде немесе өзге заңды негіздегі арнайы бөлінген үй-жайдың болуын қамтиды.
      Бұл ретте үй-жай күзет және өрт сигналдары жүйелерімен оларды тәулік бойы күзет пультіне қоса отырып жабдықталуы тиіс.
      4. АКҚҚ-ны әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай қосымша біліктілік талаптары белгіленеді:
      1) АКҚҚ-ны және олардың құжаттамаларын сақтау үшін арнайы бөлінген үй-жайда кемінде бір мөрленетін темір шкафтың болуы;
      2) біліктілік сынақтың нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалауды.
      АКҚҚ саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 апреля 2012 года № 440. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2013 года № 223

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 06.03.2013 № 223 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года «О лицензировании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, предъявляемые к виду деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 1160 «Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 45, ст. 535).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 10 апреля 2012 года № 440

Квалификационные требования,
предъявляемые к виду деятельности по разработке и
реализации (в том числе иной передаче)
средств криптографической защиты информации

      1. Деятельность по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации (далее – СКЗИ) включает следующие подвиды деятельности:
      1) разработка СКЗИ;
      2) реализация (в том числе иная передача) СКЗИ.
      2. Действие настоящих квалификационных требований не распространяется на деятельность, связанную с защитой государственных секретов Республики Казахстан.
      3. Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) СКЗИ, включают наличие:
      1) специалиста, имеющего высшее техническое образование;
      2) на праве собственности или ином законном основании специально выделенного помещения для осуществления заявленного вида деятельности.
      При этом помещение должно быть оборудовано системами охранной и пожарной сигнализации с выведением их на пульт круглосуточной охраны.
      4. Для осуществления деятельности по разработке СКЗИ устанавливаются дополнительные квалификационные требования:
      1) наличие в специально выделенном помещении не менее одного опечатываемого металлического шкафа для хранения СКЗИ и документации к ним;
      2) оценки уровня знаний заявленных лиц, осуществляемых по результатам квалифицированного зачета. Перечень вопросов для сдачи квалифицированных зачетов в сфере СКЗИ устанавливается лицензиаром.