Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 496-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 сәуірдегі
№ 463 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 964 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің
бірыңғай әдістемесі
1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Бірыңғай әдістеме) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Концессиялар туралы»2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына, «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2. Бірыңғай әдістеме:
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;
5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуіне арналған.
3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) жергілікті қамту бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және оны бақылау;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;
3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
n
ҚҚТ = 100% (ТҚi х Қi) / S,
i=1
мұндағы:
n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
і - тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - і-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Қi = 0, «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда;
S - шарттың жалпы құны.
5. Жұмыстарды (қызметтерді көрсетуге) орындауға арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
m n
((ШҚj – ТҚj – ШЖҚj) х Rj + (ҚҚi х Қi))
j=1 i=1
ҚҚж/қ = 100% х –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––,
S
мұндағы:
m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
j - жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj -j-шартының құны;
ТҚj -j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
і - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - i-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Қі = 0, «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда;
S - шарттың жалпы құны;
5-1. Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ
мұндағы:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
6. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтуды (ҚҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
n
ҚҚ = (ҚҚi х ШҚi) / S,
i=1
мұндағы:
n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;
і – сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;
ҚҚі – сатып алу туралы і-шарты бойынша жергілікті қамту;
ШҚі – сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;
S – шарттың жалпы құны.