"Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына баспасөз-хабарлама
"Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
Аталған Бірыңғай әдістемелік есепке тауарларды, жұмыс және қызметтерді жергілікті қамту мекемесі сатып алуындағы айқындалған математикалық формулаларды қолдану, жергілікті қамту есебін пайдалану, объективті және әдепті бейнедегі тауарларды және қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамтудың үлесі.
Бірыңғай әдістеме:
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
2) ұлттың басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;
5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуіне арналған.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі