Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бектілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары мен оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін Агенттік табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Агенттік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері және Агенттік төрағасы арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлімдерімен келісілген субсидиялар ескеріле отырып берілетін ауыз су көлемін, ұсынылған қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөніндегі қызметтерге табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасал атын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі - су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;
2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы үшін) жасалған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді;
3) Агенттік субсидиялар мөлшерін бекіткеннен кейін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті бекітуге өтінім жасайды.»;
8-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, Агенттік бекіткен нысан бойынша Агенттікке төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептер береді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Агенттік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.»;
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 489 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көзі болып табылатын сумен
жабдықтаудың ерекше маңызды топтық
және оқшау жүйелерінен
ауыз су беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялау ережесіне
қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың)
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы басқармасы
________________________
20 ___ жылғы «___» _____
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі
нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
________________________ 20 жылғы _____
(су берушінің атауы) (ай)
Р/с № |
Су пайдаланушылардың атауы |
Су беру лимиті мың текше метр |
Берілген су, мың текше метр |
Бекітілген тариф 1000 текше метр үшін теңге |
|
Жыл басынан бері |
Оның ішінде есепті айда |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Көрсетілген қызметтердің құны, теңге |
Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге |
Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге |
Төленуге тиіс, теңге |
||
Жыл басынан бері |
Оның ішінде есепті айда |
Жыл басынан бері |
Оның ішінде есепті айда |
||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Су беруші ________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.