Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 сәуір
№ 495 қаулысымен
бекітілген
2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің
тізбесі
Ескерту. Тізімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.05 № 1387 Қаулысымен.
р/с № |
Жобаның атауы |
Донор |
Орындаушы агенттік |
Іске асыру кезеңі (жылдар) |
Жобаның жалпы құны (АҚШ долл.) |
Грант сомасы (АҚШ долл.) |
Мемлекеттік бюджеттен грантты қоса қаржыландыру сомасы (АҚШ долл.) |
1 |
Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты |
2012 – 2014 |
400 000 |
150 000 |
250 000 |
2 |
Халықаралық стандарттарға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi |
2012 – 2014 |
690 300 |
206 000 |
484 300 |
3 |
Қазақстан Республикасында пилоттық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда биологиялық әртүрлілік мониторингі бойынша ақпараттық жүйе әзірлеу және енгізу |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi |
2012 – 2014 |
1 533 387 |
508 860 |
1 024 527 |
4 |
Қазақстанда құрамында ООЛ (орнықты органикалық ластағыштар) бар қалдықтарды жою |
Дүниежүзілік Банк |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi |
2012 – 2013 |
645 118 |
200 000 |
445 118 |
5 |
Қазақстан Республикасына «жасыл дамуды» ілгерілету және Астана бастамасын іске асыру үшін өңіраралық ынтымақтастықты күшейтуге жәрдемдесу |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi |
2012 – 2013 |
454 000 |
160 000 |
294 000 |
6 |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салудың концессиялық жобасын дайындау және сүйемелдеу |
Халықаралық қаржы корпорациясы |
Қазақстан Республикасы Көлік және комммуникация министрлігі |
2012–2014 |
2 000 000 |
1 300 000 |
700 000 |