Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 525 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 807 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2017 № 807 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің өздерінің жарғылық мақсатына сәйкес келетін және негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсету және мұндай қызметтер көрсетуді іске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайтын ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1110 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 жыл, № 40, 561-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 525 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спорт саласында
мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы
қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарулы Күштердің спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қарулы Күштердің спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін регламенттейді.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы:

      1) дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін;

      2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу);

      3) спорттық мүкәммалды беру жөніндегі қызметтерді;

      4) спортшылар мен жаттықтырушылардың өзге де дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысу жағдайларын кейіннен іске асыра отырып, оларды даярлау жөнінде қызметтер көрсету үшін спорт саласында мамандандырылған Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелеріне (бұдан әрі – мемлекеттiк мекемелер) таралады.

      3. Қызметтер мемлекеттiк бюджет шеңберінде қаржыландырылатын негізгі қызметтің орнына көрсетілмейдi.

      4. Қызметтер көpceтуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар шарттық негiзде жүзеге асырады.

2. Ақылы қызмет түрлерін көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

      5. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi өткізуден түскен, өздерінің иелiгiнде қалатын ақша мемлекеттік мекемелер ақшаны есепке алу үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашатын қолма-қол ақшаның бақылау шотына есепке алынады және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

      6. Мемлекеттік мекемелер мекеме аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген орында мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) мемлекеттік мекемелер көрсететін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;

      2) қажетті құжаттар тізімі, ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған баға прейскуранты.

      7. Мемлекеттік мекемелер жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініші (өтініш үлгісі – еркін) негізінде өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.

      8. Өтініштер мен тиісті құжаттар қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды адамы жүзеге асырады.

      9. Өтініштер мыналарды көрсете отырып, өтініш иесіне тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру арқылы арнайы тіркеу журналында тіркеледі:

      1) өтініштің тіркеу нөмірі және қабылданған күні;

      2) ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрі;

      3) қоса берілген құжаттар саны және атаулары;

      4) өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты.

      10. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес күн сайын ұсынылады.

      11. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға тиісті жағдай жасалады – құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесімен және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.

      12. Клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдау фискалдық жадысы бар кассалық-бақылау машиналарын міндетті түрде қолданып және клиентке бақылау чегін бере отырып, мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы, ақшасыз есеп айырысу бойынша мемлекеттік мекеменің "ақылы қызметтер шоты" қолма-қол ақшаның бақылау шотына аудару жолымен жүргізіледі.

      13. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде алған клиентке мемлекеттік мекеме шот-фактура ұсынады.

      14. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түскен қаражатқа салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Мемлекеттік мекемелер өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақша есебінен операциялар жүргізу үшін жыл сайын мемлекеттік мекеме өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын жасайды.

      16. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне 3 данада мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған түсіндірме жазбаны және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстар бойынша негізделген есептерді қоса бере отырып, жоспарларды бекітуге ұсынады.

      17. Мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:

      1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі сауықтыру топтарының жаттықтырушыларына еңбек ақы төлеуге, осы топтарды ұйымдастыруға байланысты шығыстарды жабуға;

      2) спорт құрылыстары мен ғимараттарын ұстауға, жөндеуге, арнайы жабдықтар мен мүкәммал, спорттық киім нысанын сатып алуға, оқу-жаттықтыру жұмыстарын қамтамасыз етуге, жарыстарға қатысуға, спорттық іс-шараларды өткізуге, әкімшілік-басқару және шаруашылық шығыстарына;

      3) спорттық мүкәммал мен жабдықты жөндеуге;

      4) автомобиль және арнайы көлікті ұстауға, арнайы техника мен жабдықты жөндеуге және қызмет көрсетуге;

      5) спорттық іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, спорт төрешілері мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, мәдени-көпшілік және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды жабуға;

      6) қызметтік іссапарларға;

      7) спортшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсартуға, әкімшілік, шаруашылық, ұйықтайтын және қосалқы үй-жайлар үшін жиһаз сатып алуға;

      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спортшыларымен оқу-жаттықтыру және жарыстар үдерісін ұйымдастыру үшін үй-жайлар мен жабдықты жалдау ақысын төлеуге;

      9) заттай мүлік заттарын және басқа да нысанды және арнайы киім-кешек сатып алуға, тігуге және жөндеуге;

      10) коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеуге;

      11) шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге;

      12) банк қызметтеріне ақы төлеуге;

      13) спорттық іс-шаралардың жүлдегерлері мен қатысушыларына жүлделерге, естелік сыйлықтарға, грамоталар мен ақшалай сыйақыларға;

      14) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналарға;

      15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру үдерісін фармакологиялық қамтамасыз етуге жұмсалады.

      18. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi өткізуден түсетін өздерінің иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алу және олардың жұмсалуы туралы есептілік Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2012 года № 525. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2017 года № 807

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.12.2017 № 807 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 70 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг).

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2005 года № 1110 "Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 40, ст. 561).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 26 апреля 2012 года № 525

Правила
оказания платных видов деятельности по реализации
товаров (работ, услуг) государственными учреждениями
Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися
в области спорта, и расходования ими денег от
реализации товаров (работ, услуг)
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями Вооруженных Сил, специализирующимися в области спорта, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг) (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 70 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и пунктом 2 статьи 24 Закона Республики Казахстан от 7 января 2005 года "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" и регламентируют порядок оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере Вооруженных Сил, специализирующимися в области спорта, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг).

      2. Действие настоящих Правил распространяется на государственные учреждения Вооруженных Сил, специализирующиеся в области спорта (далее - государственные учреждения), для оказания:

      1) физкультурно-оздоровительных услуг;

      2) услуг по организации и проведению спортивных мероприятий с физическими и юридическими лицами, не имеющими ведомственной принадлежности к Вооруженным Силам (организация и проведение соревнований, специальных комплексных спортивных мероприятий);

      3) услуг по предоставлению спортивного инвентаря;

      4) услуг по подготовке спортсменов и тренеров с последующей реализацией условий их перехода в иные физкультурно-спортивные организации.

      3. Услуги не могут быть оказаны взамен основной деятельности, финансируемой в рамках государственного бюджета.

      4. Оказание услуг осуществляется на договорной основе с физическими и юридическими лицами в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок организации оказания платных видов деятельности

      5. Деньги от реализации государственными учреждениями услуг, остающиеся в их распоряжении, зачисляются на контрольный счет наличности для учета денег от реализации услуг, открываемый государственными учреждениями в центральном уполномоченном органе по исполнению бюджета, и используются в соответствии с настоящими Правилами.

      6. Государственные учреждения размещают на территории (помещении) учреждения в специально отведенном месте следующую информацию:

      1) перечень платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), оказываемых государственными учреждениями;

      2) список необходимых документов, прейскурант цен на предоставляемые товары (работы, услуги).

      7. Государственные учреждения оказывают платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг), соответствующие их деятельности, на основании письменного обращения физических и юридических лиц (форма заявления произвольная).

      8. Прием заявления и соответствующих документов осуществляет ответственное должностное лицо государственного учреждения.

      9. Заявления фиксируются в специальном журнале регистрации с выдачей заявителю расписки о приеме соответствующих документов с указанием:

      1) номера регистрации заявления и даты приема;

      2) вида деятельности по реализации товаров (работ, услуг), оказываемой на платной основе;

      3) количества и наименований приложенных документов;

      4) фамилии, имени, отчества ответственного должностного лица, принявшего заявление.

      10. Платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг) предоставляются ежедневно, за исключением выходных и праздничных дней, в соответствии с распорядком дня, установленным в государственном учреждении.

      11. Для предоставления платного вида деятельности по реализации товаров (работ, услуг) создаются соответствующие условия ожидания и подготовки необходимых документов - места для заполнения документов оснащаются стендами с перечнем необходимых документов и образцами их заполнения.

      12. Прием наличных денег от клиентов производится через кассы государственных учреждений с обязательным применением контрольно-кассовых машин с фискальной памятью и выдачей контрольного чека клиенту по безналичному расчету путем перечисления на контрольный счет наличности государственного учреждения "счет платных услуг".

      13. Клиенту, получившему на платной основе товары (работы, услуги), государственное учреждение предоставляет счет-фактуру.

      14. Налогообложение средств от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) осуществляется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.

      15. Государственные учреждения для проведения операций за счет денег, получаемых от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, ежегодно составляют план поступлений и расходов денег, получаемых государственным учреждением от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

      16. Государственные учреждения представляют на утверждение администратору бюджетных программ планы в 3-х экземплярах с приложением пояснительной записки и обоснованных расчетов по доходам и расходам по каждой специфике экономической классификации расходов бюджета, подписанных руководителем государственного учреждения и руководителем соответствующего структурного подразделения государственного учреждения.

      17. Средства, полученные государственными учреждениями от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:

      1) оплату труда тренерам оздоровительных групп по физической культуре и спорту, покрытие расходов, связанных с организацией этих групп;

      2) содержание, ремонт спортивных сооружений и зданий, приобретение специализированного оборудования и инвентаря, спортивной формы, обеспечение учебно-тренировочной работы, участие в соревнованиях, проведение спортивных мероприятий, административно-управленческие и хозяйственные расходы;

      3) ремонт спортивного инвентаря и оборудования;

      4) содержание автомобильного и специального транспорта, ремонт и обслуживание специальной техники и оборудования;

      5) покрытие расходов по организации питания участников спортивных мероприятий, оплате труда спортивных судей и медицинских работников, организации культурно-массовых и оздоровительных мероприятий;

      6) служебные командировки;

      7) улучшение культурно-бытового обслуживания спортсменов, приобретение мебели для административных, хозяйственных, спальных и вспомогательных помещений;

      8) оплату аренды помещений и оборудования для организации учебно-тренировочного и соревновательного процесса со спортсменами Вооруженных Сил Республики Казахстан;

      9) приобретение, пошив и ремонт предметов вещевого имущества и другого форменного и специального обмундирования;

      10) оплату коммунальных услуг и услуг связи;

      11) оплату услуг и работ, оказываемых юридическими и физическими лицами по договору;

      12) оплату банковских услуг;

      13) призы, памятные подарки, грамоты и денежные вознаграждения призерам и участникам спортивных мероприятий;

      14) взносы за участие в спортивных мероприятиях;

      15) фармакологическое обеспечение учебно-тренировочного процесса спортсменов и сборных команд.

      18. Учет денег от реализации государственными учреждениями услуг, остающихся в их распоряжении, и отчетность об их расходовании осуществляются в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан.