Тауарлық газбен жабдықтауды бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 580 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 580 қаулысымен  
бекітілген     

Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің
жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік
басқаруды жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің өзара әрекеттерінің тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

2. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру
тәртібі

      3. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін жедел-диспетчерлік басқаруды (бұдан әрі — ЖДБ) ұлттық оператор жүзеге асырады.
      4. Орталықтандырылған ЖДБ-ны жүзеге асыру кезінде ұлттық оператордың газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
      5. ЖДБ мақсатында газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарында тиісті диспетчерлік қызметтер қолданылады.
      6. Газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері ұлттық оператор белгілейтін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін пайдалану технологиялық режимдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін технологиялық интеграциялау мақсатында өлшеу торабындағы техникалық талаптар (қысым, температура, сапалық сипаттама, газ шығысы) шеңберінде шығатын технологиялық өлшемдерді реттеу орнатылады.
      7. ЖДБ-ның негізгі міндеттері:
      1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің жұмысын тәулік бойы ЖДБ және үйлестіру;
      2) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері арқылы Қазақстан Республикасының тұтынушыларын тауарлық газбен жабдықтауды басқару;
      3) жасалған тауарлық газды тасымалдау шарттарына сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің жұмыс режимдерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
      4) өлшеу тораптарында және газ тарату станцияларында газды өлшеу кешендерінің жұмысын бақылау, сондай-ақ газ тарату жүйелері бойынша тауарлық газ балансын талдау және бақылау.
      8. Компрессорлық станцияларда (бұдан әрі - КС), газ тарату станциялары, жерасты газ қоймалары (бұдан әрі - ЖГҚ), газ өлшеу станциялары (бұдан әрі - ГӨС) мен магистральдық газ құбырларының желілік бөлігі жабдықтарының жұмыс режимін жедел басқаруды және негізгі параметрлерін бақылауды тиісті диспетчерлік қызметтің диспетчері (ауысым инженері) жүзеге асырады.
      Басқаруды қажетті байланыс құралдарымен, телесигнализациямен, телебасқарумен, электронды-есептеу және ақпараттық техникамен және жедел техникалық құжаттамамен жарақталған бірыңғай диспетчерлік пункт жүзеге асырады.
      9. Тиісті диспетчерлік қызмет диспетчерінің (ауысым инженерінің) жедел бағынысында жабдықтардың жұмыс режимін, оның ішінде жабдықтарды, сондай-ақ газ құбырының учаскелерін, шлейфтерді, ЖГҚ ұңғымаларын қосу мен тоқтатуды және бекітпе арматурасын ауыстырып - қосудың салдарын тікелей басқаруды жүзеге асыратын персонал болады.
      10. Барлық газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарында, олардың филиалдарында және/немесе бөлімшелерінде диспетчерлік режимді енгізу Астананың уақыт белдеуі бойынша тәулік бойы жүзеге асырылады.
      11. Диспетчерлік қызметтердегі уақыттың көрсетілуі тауарлық газбен жабдықтау бірыңғай жүйесінің барлық объектілері үшін бірдей болуға тиіс.
      12. Ауысым персоналының ауысымды қабылдау-табыстауы журналға жазумен ресімделеді.
      13. Жабдықтарды ауыстырып-қосу, қосу және тоқтату кезінде, авариялық жағдайларда ауысымды қабылдау-табыстауға жол берілмейді.
      14. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда келіп жеткен ауысым газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары басшылығының қалауы бойынша оларды жоюға қатысады.
      15. Газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері гидрометеорологиялық қызмет органдарынан мынадай деректерді тұрақты түрде алып отырады:
      1) метеорологиялық мәліметтер (температура және ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, желдің күші мен бағыты, көктайғақтың пайда болуы, дауылды және нажағайды ескерту);
      2) КС мен оларға шектес жатқан учаскелерді пайдалануға қажетті гидрогеологиялық және метеорологиялық болжамдар.

3. Ұлттық оператордың орталықтандырылған ЖДБ-ны жүзеге
асыру кезіндегі функциялары

      16. Ұлттық оператор орталықтандырылған ЖДБ-ны жүзеге асыру кезінде мынадай функцияларды орындайды:
      1) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері арқылы тауарлық газбен жабдықтау бірыңғай жүйелері объектілерінің жұмыс режимдерін басқаруды қамтамасыз етеді;
      2) қысқы кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіндегі ақаулықтардың туындау тәуекелі жоғары объектілерді талдау мен анықтауды жүзеге асырады;
      3) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің ақаулық туындау тәуекелдерін жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) жеке мұқтаждарға және шығындарға (бұдан әрі - ЖМжШ) тауарлық газдың шығысын ескере отырып, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіне тауарлық газдың түсуі мен оны тұтынушыларға таратудың жалпы балансын жасайды;
      5) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіндегі газды есепке алудың шынайылығын қамтамасыз етеді;
      6) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріндегі тауарлық газды есепке алу жөніндегі деректердің сәйкес келмеу себептеріне жүйелі түрде талдау жүргізеді және газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарына тауарлық газды есепке алу дәлдігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
      7) тауарлық газды есепке алу мен химиялық талдау бойынша жаңа техниканы енгізу жөніндегі іс-шараларға қатысады;
      8) тауарлық газдың тәуліктік жұмсалуын есептеу және газ тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ГТЖ) бойынша тауарлық газдың өтуін талдау жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысады;
      9) тасымалдауға қабылданатын және тасымалданатын тауарлық газдың сапалық параметрлерінің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен ұлттық стандарттарына сәйкестігін жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз етеді;
      10) шектес мемлекеттердің газ тасымалдау жүйелерімен тауарлық газды тасымалдау режимдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      11) тауарлық газды тасымалдаудың перспективалық және қысқа мерзімді жоспарларын (кестелерін) жасауға қатысады;
      12) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтерімен бірлесіп, отын-энергетикалық ресурстардың ең аз шығындары кезінде тауарлық газды тасымалдау жөніндегі жоспарлардың орындалуына ықпал етеді;
      13) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі бойынша тауарлық газды ЖГҚ-дан тауарлық газды айдау мен іріктеу деңгейін қамтамасыз ететін тауарлық газды тасымалдау схемасын әзірлейді;
      14) іс жүзіндегі режимдердің берілгенінен ауытқу себептерін талдайды, әрбір ГТЖ бойынша және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жұмыс режимін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      15) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің оңтайлы жұмыс режимдері кезінде тауарлық газдың берілген ағыңдарын қамтамасыз етеді;
      16) тәулік сайын газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының ЖМжШ-ге шығысын ескере отырып, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіне тауарлық газдың түсуі мен оны тұтынушыларға таратудың баланстарын жасайды;
      17) диспетчерлік қызметтермен бірлесіп, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйелері объектілеріңдегі жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының біріктірілген кестелерін әзірлейді;
      18) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін дамыту жөніндегі, оның ішінде оның жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған жобалар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      19) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіндегі тауарлық газды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін КӨРУ мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

4. Газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары диспетчерлік
қызметтерінің функциялары

      17. Газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері мынадай функцияларды орындайды:
      1) ұлттық оператормен бірлесіп, тауарлық газды тасымалдау  және сақтау жөніндегі жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) өз жауапкершілігінің шегінде магистральдық газ құбырларының немесе газ тарату жүйелерінің жұмыс режимін жедел басқаруды қамтамасыз етеді;
      3) ұлттық операторға газ құбырлары конфигурациясының (жаңа қуаттарды іске қосу, учаскелерді жөндеуге шығару және т.б.) және дерекқорды уақтылы түзету үшін шектеулі параметрлердің өзгерістері туралы ақпаратты жолдайды;
      4) ұлттық операторды хабардар ете отырып, егер бұл тауарлық газды тасымалдау режимінің бұзылуына алып келетін болса, жабдықтар мен құрылыстарды тексеру, жөндеу, реконструкциялау және сынау үшін жұмыстан шығаруды келіседі;
      5) авариялар туындаған кезде газ құбырлары желілік бөлігінің бекітпе арматурасын ауыстырып қосуды қамтамасыз етеді;
      6) магистральдық газ құбырлары мен газ тарату жүйелерінің желілік бөлігіндегі қысымдарды бақылау үшін өлшеуді қамтамасыз етеді;
      7) гидравликалық тиімділігін талдауды орындайды және тазарту құрылғыларының өткізуін немесе метанол құюды қамтамасыз етеді;
      8)аварияларды жою процесін жедел бақылауды қамтамасыз етеді;
      9)тоқсандар мен айлар бойынша газ тұтынудың біркелкі еместігі жөніндегі деректерді қалыптастырады;
      10) газ құбырларының конфигурациясы жөніндегі дерекқорды жүргізеді және үнемі нақтылап отырады.
      18. Газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы диспетчерлік қызметінің диспетчері (ауысым инженері) мынадай функцияларды орындайды:
      1) магистральдық газ құбырларының жабдықтары мен желілік бөлігінің жол берілетінінен асып кететін параметрлермен жұмысын болдырмайды;
      2) газ құбырлары мен тарамдары учаскелерінің гидравликалық тиімділігін бақылайды;
      3) КС, ГТС, ЖГҚ жабдықтарының және магистральдық газ құбырлары немесе газ тарату жүйелері желілік бөлігінің жұмыс жағдайын таңдайды;
      4) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің белгіленген жұмыс режимін сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
      5) ұлттық операторға газ құбырларының, КС мен газ тарату станцияларының жұмыс режимінің өзгергені туралы хабарлайды.

5. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің
жұмыс режимі

      19. Қазақстанның тауарлық газбен жабдықтау бірыңғай жүйесінің әрбір объектісі үшін қызметкерлердің ЖМжШ-га газ жұмсау нормаларын сақтау жөніндегі лауазымдық өкілеттіктерін және шығындалатын газ бен отын газын есепке алу шынайылығын көрсете отырып, ЖМжШ-га пайдаланылатын тауарлық газды үнемдеу жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
      20. ЖДБ-ның әрбір деңгейі үшін ГӨС-тегі, өлшеу тораптарындағы  және ЖДБ деңгейлері арасындағы газ көлемдері жөніндегі деректерді беру жүйесіндегі газды есепке алу шынайылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
      21. Магистральдық газ құбырының жұмыс режимі тауарлық газды тасымалдау және тарату жоспарларымен, газ өңдеу зауыттарының, ЖГҚ-ның жұмысымен, қолданыстағы және дамушы газ тасымалдау жүйелерінің техникалық жай-күйімен, ұлттық оператордың және газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары диспетчерлік қызметтерінің жұмысымен айқындалады.
      22. Магистральдық газ құбырлары мен олардың нақты учаскелерінің жұмыс режимі жабдықтар мен желілік бөлік жұмысының жұмыс параметрлерінің техникалық белгіленген шектеулерін ескере отырып есептеледі және бақыланады.
      23. Технологиялық режим тауарлық газды айдаудың талап етілетін өнімділігімен, неғұрлым аз пайдалану шығындарымен, сондай-ақ газ құбырларының қауіпсіз және авариясыз пайдаланылуымен қамтамасыз етілуге тиіс.
      24. Магистральдық газ құбырларының жұмыс режимін әзірлеу кезінде газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметі оның техникалық жай-күйі мен жұмыс режимінің кестесін (жылдық, тоқсандық, айлық) ескере отырып, гидравликалық есептеуді жүзеге асырады.
      25. Есептеуден іс жүзіндегі режим ауытқыған жағдайда диспетчерлік қызмет есептеу режимін қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды.
      26. Магистральдық газ құбырының және газ тарату жүйесінің желілік бөлігі оңтайлы режимдерде пайдаланылады не іс жүзіндегі техникалық жағдайды және пайдалану шарттарын ескере отырып тағайындалатын тауарлық газдың қысымдары мен температуралары бойынша шектеулерді ескеріп, өңірлердегі газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымының диспетчерлік қызметі қолдау жасайды.
      27. Рұқсат етілген жұмыс қысымының шектеулерін ішінара және толық алып тастау газ құбырлары учаскелерінің сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
      28. КС аумағында сыртқы ауаның температурасы мен барометриялық қысымды мерзімді (тәулігіне 4 рет) өлшеу және тіркеу қамтамасыз етіледі.
      29. Диспетчерлік қызметтің диспетчері (ауысым инженері) магистральдық газ құбырлары желілік бөлігінің, телемеханика және басқа да құралдар мен бөлімшелер шекарасында және іргелес жатқан сабақтас учаскелердегі тәсілдерді қолдана отырып, газ тарату станцияларына тарамдардың жұмыс параметрлері мен гидравликалық тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.
      30. Талдау нәтижелері бойынша диспетчерлік қызметтің диспетчері (ауысым инженері) газ құбырының, метанол және т.б. құю тиімділігін арттыру шараларын қабылдайды.
      31. Магистральдық газ құбырлары бойынша айдаудың технологиялық режимімен мынадай негізгі параметрдердің мәні беріледі:
      1) газ құбырының өнімділігі;
      2) газ құбырының конфигурациясы;
      3) әрбір КС-дағы жұмыс істеп тұрған магистральдық газ айдау агрегаттарының саны және олардың өнімділігі;
      4) әрбір газ тарату станциясы Мен ЖГҚ-дағы қысымды қабылдаудағы, реттеуге дейінгі және одан кейінгі жұмыс қысымы;
      5) айдаудың барынша рұқсат етілген жұмыс қысымы;
      6) КС-ға, газ тарату станциясына және ЖГҚ-ға кіреберістегі газ құбырының желілік бөлігі үшін барынша рұқсат етілген және ең аз жол берілетін жұмыс қысымы;
      7) газ құбырына айдалатын тауарлық газдың неғұрлым жоғары  және неғұрлым темен температурасы.

Об утверждении Правил осуществления централизованного оперативно-диспетчерского управления режимами работы объектов единой системы снабжения товарным газом

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 580. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.04.2015 № 196 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления централизованного оперативно-диспетчерского управления режимами работы объектов единой системы снабжения товарным газом.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены                
постановлением Правительства      
Республики Казахстан          
от 7 мая 2012 года № 580       

Правила
осуществления централизованного
оперативно-диспетчерского управления режимами работы объектов
единой системы снабжения товарным газом

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления централизованного оперативно-диспетчерского управления режимами работы объектов единой системы снабжения товарным газом (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» (далее - Закон) и определяют порядок взаимодействия субъектов единой системы снабжения товарным газом при осуществлении централизованного оперативно-диспетчерского управления.
      2. Понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом.

2. Порядок осуществления централизованного
оперативно-диспетчерского управления

      3. Централизованное оперативно-диспетчерское управление (далее - ОДУ) Единой системой снабжения товарным газом осуществляется национальным оператором.
      4. Обеспечение взаимодействия национального оператора с газотранспортными и газораспределительными организациями при осуществлении централизованного ОДУ осуществляется на основании договоров.
      5. В целях ОДУ в газотранспортных и газораспределительных организациях создаются соответствующие диспетчерские службы.
      6. Диспетчерские службы газотранспортных и газораспределительных организаций обеспечивают соблюдение технологических режимов эксплуатации единой системы снабжения товарным газом, устанавливаемых национальным оператором.
      В целях технологической интеграции единой системы снабжения товарным газом устанавливается регулирование выходных технологических параметров в рамках технических требований (давление, температура, качественные характеристики, расход газа) на замерном узле.
      7. Основными задачами централизованного ОДУ являются:
      1) круглосуточное ОДУ и координация работы единой системы снабжения товарным газом;
      2) управление снабжением потребителей Республики Казахстан товарным газом через диспетчерские службы газотранспортных и газораспределительных организаций;
      3) разработка режимов работы единой системы снабжения товарным газом в соответствии с заключенными договорами транспортировки товарного газа и контроль за их выполнением;
      4) контроль работы измерительных комплексов учета газа на замерных узлах и газораспределительных станциях, а также анализ и контроль баланса товарного газа по газотранспортным системам.
      8. Оперативное управление и контроль за основными параметрами режима работы оборудования компрессорных станций (далее - КС), газораспределительных станций, подземных хранилищ газа (далее - ПХГ), газоизмерительных станций (далее - ГИС) и линейной части магистральных газопроводов осуществляет диспетчер (сменный инженер) соответствующей диспетчерской службы.
      Управление осуществляется из диспетчерского пункта, оснащенного необходимыми средствами связи, телесигнализации, телеуправления, электронно-вычислительной и информационной техники и оперативной технической документацией.
      9. В оперативном подчинении диспетчера (сменного инженера) соответствующей диспетчерской службы находится персонал, осуществляющий непосредственное управление режимом работы оборудования, в том числе пуски и остановку оборудования, а также участков газопровода, шлейфов, скважин ПХГ и последствий переключения запорной арматуры.
      10. Ведение диспетчерского режима во всех газотранспортных и газораспределительных организациях, их филиалах и/или подразделениях осуществляется по Астанинскому поясному времени круглосуточно.
      11. Показание времени в диспетчерских службах должно быть одинаковым для всех объектов единой системы снабжения товарным газом.
      12. Прием-передача смены сменным персоналом оформляется записью в журнале.
      13. Прием-передача смены во время переключений, пуска и остановки оборудования, аварийных ситуаций не допускается.
      14. В случае возникновения аварийных ситуаций, прибывшая смена принимает участие в их ликвидации по усмотрению руководства газотранспортных и газораспределительных организаций.
      15. Диспетчерские службы газотранспортных и газораспределительных организаций регулярно получают у органов гидрометеорологической службы следующие данные:
      1) метеорологические сведения (температура и влажность воздуха,  количество осадков, сила и направление ветра, образование гололеда, штормовые и грозовые предупреждения);
      2) гидрогеологические и метеорологические прогнозы, необходимые для эксплуатации КС и прилегающих участков газопровода.

3. Функции национального оператора при осуществлении
централизованного ОДУ

      16. Национальный оператор при осуществлении централизованного ОДУ выполняет следующие функции:
      1) обеспечивает управление режимами работы объектов единой системы снабжения товарным газом через диспетчерские службы газотранспортных и газораспределительных организаций;
      2) осуществляет анализ и выявление в единой системе снабжения товарным газом по итогам работы в зимний период объектов с повышенным риском возникновения неисправности;
      3) разрабатывает предложения по устранению рисков возникновения  неисправности объектов единой системы снабжения товарным газом;
      4) составляет общий баланс поступления товарного газа в единую систему снабжения товарным газом и распределения его потребителям, с учетом расхода товарного газа на собственные нужды и потери (далее - СНиП);
      5) обеспечивает достоверность учета газа в единой системе снабжения товарным газом;
      6) проводит системный анализ причин несоответствия данных по учету товарного газа на объектах единой системы снабжения товарным газом и осуществляет разработку рекомендаций газотранспортным и  газораспределительным организациям по повышению точности учета товарного газа;
      7) участвует в мероприятиях по внедрению новой техники по учету и химическому анализу товарного газа;
      8) участвует в разработке программного обеспечения по расчетам суточного расхода товарного газа и анализу прохождения товарного газа по газотранспортной системе (далее - ГТС);
      9) обеспечивает систематический контроль соответствия качественных параметров принимаемого к транспортировке и транспортируемого товарного газа техническим регламентам и национальным стандартам Республики Казахстан;
      10) обеспечивает взаимодействие с газотранспортными системами сопредельных государств по управлению и обеспечению устойчивости режимов транспортировки товарного газа;
      11) участвует в составлении перспективных и краткосрочных планов (графиков) транспортировки товарного газа;
      12) совместно с диспетчерскими службами газотранспортных и газораспределительных организаций способствует выполнению планов по транспортировке товарного газа при минимальных затратах топливно-энергетических ресурсов;
      13) разрабатывает схему транспортировки товарного газа по единой системе снабжения товарным газом, обеспечивающую уровни закачки и отбора товарного газа из ПХГ;
      14) анализирует причины отклонений фактических режимов от заданных, разрабатывает предложения по оптимизации режима работы по каждой ГТС и в целом по Республике Казахстан;
      15) обеспечивает заданные потоки товарного газа при оптимальных режимах работы объектов единой системы снабжения товарным газом;
      16) ежесуточно составляет балансы поступления товарного газа в единую систему снабжения товарным газом и распределения его потребителям с учетом расхода на СНиП газотранспортных и газораспределительных организаций;
      17) разрабатывает совместно с диспетчерскими службами совмещенные графики планово-профилактических ремонтных работ на объектах единой системы снабжения товарным газом;
      18) принимает участие в разработке и реализации проектов и мероприятий по развитию единой системы снабжения товарным газом, в том числе направленных на повышение надежности ее работы;
      19) обеспечивает создание и функционирование автоматизированной системы коммерческого учета товарного газа, находящегося в единой системе снабжения товарным газом.
      Сноска. Пункт 16 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 23.07.2013 № 735.

4. Функции диспетчерских служб газотранспортных и
газораспределительных организаций

      17. Диспетчерские службы газотранспортных и газораспределительных организаций выполняют следующие функции:
      1) совместно с национальным оператором обеспечивают выполнение планов по транспортировке и хранению товарного газа;
      2) обеспечивают оперативное управление режимом работы магистральных газопроводов или газораспределительных систем в границах своей ответственности;
      3) направляют национальному оператору информацию об изменениях конфигурации газопроводов (ввод новых мощностей, вывод в ремонт участков и т.п.) и ограничительных параметров для своевременной корректировки базы данных;
      4) с уведомлением национального оператора согласовывают вывод оборудования и сооружений из работы для ревизии, ремонта, реконструкции и испытаний в случаях, если это приводит к нарушению режима транспортировки товарного газа;
      5) обеспечивают переключение запорной арматуры линейной части газопроводов при возникновении аварий;
      6) обеспечивают контрольные промеры давлений на линейной части магистральных газопроводов и газораспределительных систем;
      7) выполняют анализ гидравлической эффективности и обеспечивают пропуски очистных устройств или заливки метанола;
      8) осуществляют оперативный контроль процесса ликвидации аварий;
      9) формируют данные по неравномерности газопотребления по кварталам и месяцам;
      10) ведут и постоянно уточняют базу данных по конфигурации газопроводов.
      18. Диспетчер (сменный инженер) диспетчерской службы газотранспортной или газораспределительной организации выполняет следующие функции:
      1) предотвращает работу оборудования и линейной части магистральных газопроводов с параметрами, превышающими допустимые;
      2) контролирует гидравлическую эффективность участков газопроводов и отводов;
      3) анализирует состояние работы оборудования КС, ГРС, ПХГ и линейной части магистральных газопроводов или газораспределительных систем;
      4) принимает необходимые меры по соблюдению установленного режима работы объектов единой системы снабжения товарным газом;
      5) информирует национального оператора об изменениях режима работы газопроводов, КС и газораспределительных станций.

5. Режим работы объектов единой системы
снабжения товарным газом

      19. Для каждого объекта единой системы снабжения товарным газом Казахстана разрабатываются мероприятия по экономии товарного газа, используемого на СНиП, с указанием должностных полномочий работников по соблюдению норм расхода газа на СНиП и достоверности учета стравливаемого газа и топливного газа.
      20. Для каждого уровня ОДУ разрабатываются мероприятия по обеспечению достоверности учета газа на ГИС, замерных узлах и системе передачи данных по объемам газа между уровнями ОДУ.
      21. Режим работы магистрального газопровода или газораспределительной системы определяется планами транспортировки или распределения товарного газа, работой газоперерабатывающих заводов, ПХГ, техническим состоянием действующих и развивающихся газотранспортных систем, деятельностью национального оператора и диспетчерских служб газотранспортных и газораспределительных организаций.
      22. Режим работы магистральных газопроводов и их конкретных участков рассчитывается и контролируется с учетом технических установленных ограничений рабочих параметров работы оборудования и линейной части.
      23. Технологический режим должен обеспечивать перекачку товарного газа с требуемой производительностью, наименьшими эксплуатационными затратами, а также безопасную и безаварийную эксплуатацию газопроводов.
      24. При разработке режима работы магистрального газопровода или газораспределительной системы диспетчерская служба газотранспортной или газораспределительной организации осуществляет гидравлические расчеты с учетом его технического состояния и графиком режима работы (годовым, квартальным, месячным).
      25. При отклонении фактического режима от расчетного диспетчерская служба принимает меры для восстановления расчетного режима.
      26. Линейная часть магистрального газопровода и газораспределительной системы эксплуатируется при оптимальных режимах либо поддерживается диспетчерской службой газотранспортной или газораспределительной организации в регионах с учетом ограничений по давлениям и температурам товарного газа, назначаемым с учетом фактического технического состояния и условий эксплуатации.
      27. Частичное и полное снятие ограничений разрешенных рабочих давлений осуществляется после выполнения мероприятий, обеспечивающих надежную эксплуатацию участков газопроводов.
      28. На территории КС обеспечиваются периодические (4 раза в сутки) измерения и регистрация температуры наружного воздуха и барометрического давления.
      29. Диспетчер (сменный инженер) диспетчерской службы осуществляет контроль рабочих параметров и гидравлическую эффективность линейной части магистральных газопроводов, отводов к газораспределительным станциям с применением средств телемеханики и других средств и способов в границах подразделения и на смежных прилегающих участках.
      30. По результатам анализа диспетчер (сменный инженер) диспетчерской службы принимает меры по повышению эффективности газопроводов, заливке метанола и т.п.
      31. Технологическим режимом перекачки по магистральным газопроводам задаются значения следующих основных параметров:
      1) производительность газопровода;
      2) конфигурация газопровода;
      3) количество работающих магистральных газоперекачивающих агрегатов на каждой КС и их производительность;
      4) рабочее давление на приеме, до и после регулятора давления на каждой газораспределительной станции и ПХГ;
      5) максимальное разрешенное рабочее давление нагнетания;
      6) максимальное разрешенное и минимально допустимое рабочее давление для линейной части газопровода на входе КС, газораспределительной станции и ПХГ;
      7) наибольшая и наименьшая температура товарного газа, закачиваемого в газопровод.