"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 597 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 403 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 333-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесінде:
      7-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "7. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесi:
      1) бағаланатын атқарушы органдардың тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарға есептi жылдың қорытындылары бойынша есептiк ақпаратты;
      2) бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдардың бағаланатын атқарушы органдарға танысу үшін және келіспеушіліктер болған жағдайда шағымдану үшін бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      3) бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдану рәсімінен кейінгі бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органының Өңiрлiк сараптау комиссиясына бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      5) Өңiрлiк сараптау комиссиясының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiне бағалау нәтижелерiн;
      6) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бағалау нәтижелерi бойынша ақпарат ұсыну мерзiмдерiн қамтиды.";
      16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген қызметтің әрбір бағыты бойынша Жүйенің 10-тармағында айқындалған тиімділікті бағалауға уәкілетті орталық мемлекеттік органдар атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген тиісті әдістемелерді әзірлейді және бекітеді.";
      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      "45-1. Бағаланатын атқарушы органдар тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бұрын берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды бағалаудың әрбір бағыты бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру арқылы орындайды.";
      мынадай мазмұндағы 45-2-тармақпен толықтырылсын:
      "45-2. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тиісті бағыттар бойынша қорытындыларды бағаланатын атқарушы органдарға жібереді";
      4647-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiстi бағыттар бойынша шағымдану нәтижелері ескеріле отырып түзетілген қорытындыларды ұсынады.
      47. Қызмет бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есепті, тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бұрын берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды іске асыру нәтижелерін, сондай-ақ бағаланатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиiс.";
      515253-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Өңiрлiк сараптау комиссиясы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органының жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындылары негiзiнде атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерiн ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiне енгiзедi.
      52. Өңірлік сараптау комиссияның жұмыс органы бағалау нәтижелерін атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдармен бірге атқарушы органдардың басшыларына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.";
      53. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кешiктiрмей, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға тиiмдiлiкке бағалау жүргiзгенi туралы есептiк ақпаратты бередi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдерiнiң есептерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қорытылған ақпаратты жiбередi.";
      "Нәтижелерге шағымдану тәртібі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртiбi
      55. Бағаланатын атқарушы орган тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн алған сәттен бастап бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті атқарушы органдарға растаушы құжаттармен бiрге келіспеушілігін жіберуге құқылы.
      56. Растау құжаттары жоқ наразылықтарды алған жағдайда бағалауға уәкілетті атқарушы орган бағаланатын атқарушы органға қайта тексеру жүргізудің орынсыз екендігі туралы жауап жібереді.
      57. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарда нәтижелердi қайта тексеру үшiн бағалаудың объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына атқарушы органды бағалауға қатысқан қызметкерлер кiруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.
      58. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар 5 жұмыс күні iшiнде қайта тексеру нәтижелерi бойынша наразылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларды бағаланатын атқарушы органдарға жiбередi.
      59. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы орган наразылықтарды қабылдаған жағдайда тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындыға тиiстi түзетулер енгiзедi.
      60. Өңiрлiк сараптау комиссиясының жұмыс органы егер бағалау үдерiсiнде бағалаудың түпкi нәтижесiне әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi атқарушы органдардың мамандарын тарта отырып, бағалаудың жекелеген нәтижелеріне қайта тексеру жүргiзуге дербес бастамашылық етуге құқылы.";
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "64. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарының, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және тиімділікке бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.";
      "Өтпелi ереже" деген 8-бөлім алынып тасталсын.
      2. "Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында айқындалған мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) тиісті бағыттар бойынша әдістемелерді бір ай мерзімінде осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 573 "Об утверждении Правил проведения оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2012 года № 597. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2014 года № 403

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2014 № 403.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 573 «Об утверждении Правил проведения оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения)» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 38, ст. 333) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах проведения оценки эффективности деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, местных исполнительных органов районов (городов областного значения), утвержденных вышеназванным постановлением:
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. График проведения оценки эффективности включает сроки представления:
      1) оцениваемыми исполнительными органами отчетной информации по итогам отчетного года в уполномоченные на оценку исполнительные органы по соответствующим направлениям;
      2) уполномоченными на оценку исполнительными органами заключений о результатах оценки в оцениваемые исполнительные органы для ознакомления и в случае наличия возражений для обжалования;
      3) уполномоченными на оценку исполнительными органами после процедуры обжалования заключений о результатах оценки эффективности в уполномоченный орган по государственному планированию области, города республиканского значения, столицы;
      4) уполномоченным органом по государственному планированию области, города республиканского значения, столицы заключений о результатах общей оценки по направлениям в Региональную экспертную комиссию;
      5) Региональной экспертной комиссией результатов оценки акиму области, города республиканского значения, столицы;
      6) акимом области, города республиканского значения, столицы информации по результатам оценки в центральный уполномоченный орган по государственному планированию.»;
      пункт 16 изложить в следующей редакции:
      «16. По каждому направлению деятельности, указанному в пункте 15 настоящих Правил, центральными государственными органами, уполномоченными на проведение оценки эффективности, определенными пунктом 10 Системы, разрабатываются и утверждаются согласованные с центральным уполномоченным органом по государственному планированию соответствующие методики, в которых определяются критерии и показатели оценки эффективности деятельности исполнительных органов.»;
      дополнить пунктом 45-1 следующего содержания:
      «45-1. Оцениваемые исполнительные органы исполняют ранее данные по итогам оценки эффективности поручения и рекомендации путем реализации комплекса мер по улучшению показателей эффективности деятельности по каждому направлению оценки.»;
      дополнить пунктом 45-2 следующего содержания:
      «45-2. Уполномоченные на оценку исполнительные органы не позднее 1 июня текущего года направляют заключения по соответствующим направлениям в оцениваемые исполнительные органы.»;
      пункты 4647 изложить в следующей редакции:
      «46. Уполномоченные на оценку исполнительные органы не позднее 15 июня текущего года представляют заключения по соответствующим направлениям, скорректированные с учетом результатов обжалования в уполномоченный орган по государственному планированию области, города республиканского значения, столицы.
      47. Заключения о результатах оценки эффективности по направлениям деятельности должны содержать итоговый отчет об оценке, результаты реализации ранее данных по итогам оценки эффективности поручений и рекомендаций, а также выводы и рекомендации по повышению эффективности деятельности оцениваемых исполнительных органов.»;
      пункты 515253 изложить в следующей редакции:
      «51. Региональная экспертная комиссия на основе заключений о результатах общей оценки уполномоченного органа по государственному планированию области, города республиканского значения, столицы, в срок не позднее 15 июля текущего года вносит результаты оценки эффективности деятельности исполнительных органов акиму области, города республиканского значения, столицы.
      52. Результаты общей оценки с поручениями и рекомендациями по повышению эффективности деятельности исполнительных органов рабочим органом Региональной экспертной комиссии направляются руководителям исполнительных органов для принятия соответствующих мер.
      53. Аким области, города республиканского значения, столицы в срок не позднее 25 июля текущего года представляет в центральный уполномоченный орган по государственному планированию отчетную информацию о проведении оценки эффективности. Центральный уполномоченный орган по государственному планированию на основании отчетов акимов областей, города республиканского значения, столицы направляет в срок не позднее 15 августа текущего года обобщенную информацию в Администрацию Президента Республики Казахстан и Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.»;
      раздел 6 «Порядок обжалования результатов» изложить в следующей редакции:
      «6. Порядок обжалования результатов оценки
      55. С момента получения результатов оценки эффективности оцениваемый исполнительный орган, в случае несогласия с результатами оценки, вправе в течение пяти рабочих дней направить возражения с подтверждающими документами в уполномоченные на оценку исполнительные органы по соответствующим направлениям.
      56. В случае получения возражений без подтверждающих документов, уполномоченный на оценку исполнительный орган направляет в оцениваемый исполнительный орган ответ о нецелесообразности проведения перепроверки.
      57. В целях обеспечения объективности и прозрачности оценки для перепроверки результатов в уполномоченных на оценку исполнительных органах формируются специальные комиссии, в состав которых не могут входить участвовавшие в оценке исполнительного органа сотрудники.
      58. Уполномоченные на оценку исполнительные органы в течение 5 рабочих дней направляют в оцениваемые исполнительные органы обоснованные заключения о принятии либо непринятии возражений по результатам перепроверки.
      59. В случае принятия возражений, уполномоченный на оценку исполнительный орган вносит соответствующие корректировки в заключение о результатах оценки эффективности.
      60. Рабочий орган Региональной экспертной комиссии вправе самостоятельно инициировать проведение перепроверки отдельных результатов оценки с привлечением специалистов уполномоченных исполнительных органов, в случае выявления нарушений в процессе оценки, оказавших влияние на конечный результат оценки.»;
      пункт 64 изложить в следующей редакции:
      «64. Первые руководители уполномоченных органов по государственному планированию области, города республиканского значения, столицы, по исполнению бюджета области, города республиканского значения, столицы, а также структурных подразделений аппарата акима области, города республиканского значения, столицы, ответственных за проведение оценки эффективности, несут персональную ответственность за соответствие результатов оценки эффективности утвержденным методикам и соблюдение сроков, утвержденных графиком проведения оценки эффективности.»;
      раздел 8 «Переходное положение» исключить.
      2. Государственным органам (по согласованию), уполномоченным на оценку эффективности деятельности государственных органов, определенных Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 «О системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы», в месячный срок привести методики по соответствующим направлениям в соответствии с настоящим постановлением.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов