«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі табиғи газдың жоғары бағасына байланысты мемлекеттік коммуналдық газбен, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға халық үшін табиғи газ бағасындағы айырманы жабуға Қостанай облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 839328000 (сегіз жүз отыз тоғыз миллион үш жүз жиырма сегіз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қостанай облысының әкімі 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов