Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 599 Қаулысы

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі табиғи газдың жоғары бағасына байланысты мемлекеттік коммуналдық газбен, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға халық үшін табиғи газ бағасындағы айырманы жабуға Қостанай облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 839328000 (сегіз жүз отыз тоғыз миллион үш жүз жиырма сегіз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қостанай облысының әкімі 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 мая 2012 года № 599

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы», постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2012 год на неотложные затраты, средства в сумме 839328000 (восемьсот тридцать девять миллионов триста двадцать восемь тысяч) тенге для перечисления акимату Костанайской области в виде целевых текущих трансфертов на покрытие разницы в цене природного газа государственным коммунальным газо-, теплоснабжающим предприятиям для населения в связи с высокой ценой природного газа.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Акиму Костанайской области в срок до 1 июля 2012 года представить в Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства отчет по целевому использованию выделенных средств.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов