Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар" деген жол ", Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі" деген жолмен толықтырылсын;
"Бағдарламаның міндеттері" деген жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану";
"Кіріспе" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
"Тұтастай алғанда, мемлекет өткен кезеңде халықты ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асырған кезде мынадай кемшіліктердің бар екені белгіленді:
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлаған кезде жүйелік тәсіл мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті өзара іс-қимылының болмауы;
су ресурстарының (ашық су айдындарының) шектеулі болуына байланысты сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешуде кешенді тәсілдің болмауы;
сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру барысына мониторингінің болмауы;
сумен жабдықтау және су бұру секторында бірыңғай ақпараттық-талдау базасының болмауы;
сумен жабдықтау және су бұру жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу деңгейінің төмендігі;
жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;
тұтынушыларға берілетін судың есепке толық алынбауы;
кәсіпорындардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын инвестициялық ресурстарының жеткіліксіздігі;
сумен жабдықтаудың және су бұрудың қолданыстағы жүйелерін техникалық пайдаланудың қажетті деңгейінің болмауы;
білікті кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауы және салалық мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесінің болмауы;";
"Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың және су бұрудың ағымдағы жағдайын талдау" деген 3-бөлімде:
"Қалалық жердегі су бұру жағдайы" деген 3-кіші бөлімнің тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тазартылған сарқынды су жинағыштары жиі өзінің шекті белгілеріне дейін толып қалады, бұл ұдайы қоршау бөгеттерінің авариялық жарылу, су объектілерінің ластану және елді мекендерді су басу қаупін туғызады.";
"Ауылдық жердегі су бұру жағдайы" деген 4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мынадай жұмыс жүргізу қажет:
1) ауылдық жерлерде су бұру жүйесін ұйымдастыру бойынша дамыған елдердің тәжірибесіне талдау жүргізу;
2) қоршаған ортаның, атап айтқанда жер бетіндегі және жер астындағы сумен жабдықтаудың, топырақтың ластануына жауап беретін бақылау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру;
3) тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.";
5-кіші бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазіргі уақытта "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құзыретіне кіреді.";
"Су айдындарының санитарлық жағдайы" деген 7-кіші бөлім мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бақылауында 2950 су құбыры бар, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 42 су құбырына артық (2010 жылы – 2908). Сумен жабдықтау объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша жұмыс істемейтін және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін су құбырларының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істемейнтін су құбырларының саны су құбырларының жалпы санының 99-ның немесе 3,4 % (2010 жылы 139 немесе 4,7 %), ал санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіндер – 126 немесе 4,2 % (2010 жылы 133 немесе 4,5 %) құрады.";
"Сумен жабдықтау және су бұру секторын кадрмен қамтамасыз ету" деген 9-кіші бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сала үшін мамандар "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы шеңберінде даярланады. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға беру үшін ЖОО мамандар даярламайды.";
"Мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:
"Нысаналы индикаторлар" деген 2-кіші бөлімнің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алдағы жылдары машиналар мен механизмдерді сатып алу және күтіп-ұстау кәсіпорынның шаруашылық қызметі есебінен тарифтердегі қажетті шығындарды ескере отырып, жүзеге асырылуы қажет.";
"Бағдарламаның міндеттері" деген 3-кіші бөлімде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және оны қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану.";
"Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-кіші бөлімде:
"Қалалар бойынша" деген кестеде:
"Жер асты суларының барланған кен орындарының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау, жылына бірлік" деген реттік нөмірі 10-жолда:
4-бағандағы "35" деген сандар алынып тасталсын;
9-бағандағы "5" деген сан "35" деген сандармен ауыстырылсын;
10-баған "5" деген санмен толықтырылсын;
"АЕМ бойынша" деген кестеде:
"Ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу, %" деген реттік нөмірі 1-жолда:
4-бағандағы "45" деген сандар "43" деген сандармен ауыстырылсын;
5-бағандағы "48" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы "51" деген сандар "47" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "54" деген сандар "49" деген сандармен ауыстырылсын;
"Әрбір аудан орталығындағы мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарының сандары, жылына бірлік" деген реттік нөмірі 3-жолда:
4-бағандағы "40" деген сандар алынып тасталсын;
5-бағандағы "60" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы "61" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
7-баған "61" деген сандармен толықтырылсын;
"Жер асты сулары қорымен қамтамасыз етілген АЕМ-нің қосымша саны, жылына бірлік" деген реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 |
Жер асты сулары қорымен қамтамасыз етілген АЕМ-нің қосымша саны, жылына бірлік |
– |
– |
341 |
480 |
480 |
480 |
480 |
480 |
465 |
– |
";
5-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қатысады.";
"Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген 5-бөлімде:
бірінші бөліктің үшінші абзацындағы "54" деген сандар "49" деген сандармен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 6, 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жай-күйінің мониторингі жүйесін құру.
7. Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану";
2-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін
Қалалық жерлердегі жүйелі тәсіл мыналарды көздейді:
1. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және қайта жаңартуды талап ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыру.
2. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне (2011 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтай отырып) зерттеу жүргізу. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша 56 қалалық сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне арналған инвестициялар негіздемелерін әзірлеу (жұмыстың 2011 жылдың екінші жартыжылдығында бастау және 2013 жылы аяқтау).
Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштері (халық саны, өнеркәсіп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады, соның негізінде тиісті деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемі, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).
Бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негіздемесін бекіту жергілікті атқарушы органдар бекіткен кемінде 2020 жылға дейін есептелген мерзімге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі.
3. Жергілікті атқарушы органдардың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланып отырған жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен келісуі.
4. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін зерттеу нәтижелері болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелері инвестицияларының негіздемесіне қатаң сәйкестікте қалыптастыру.
5. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін бекіту:
1. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізімін қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдері негізінде жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іріктеудің негізгі өлшемі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобаларды міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.
Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іріктеу және тізбеге қосу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
2) экологиялық сараптаманың болуы;
3) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
6) түсіндірме жазба;
7) техникалық зерттеудің болуы;
8) жобаны бекіту туралы бұйрық;
9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
2. 2010 жылы басталған қалалық елді мекендердің (бұдан әрі – ҚЕМ) сумен жабдықтау мен су бұру жүйелеріне зерттеу жүргізу жалғасады.
Зерттеу жөніндегі іс-шаралар: диагностикалау әдістерін қолдана отырып, қолдағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жағдайы туралы бастапқы деректерді жинауды жер асты су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар мен жер үсті су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар жасауды қамтиды.
Орындалған іс-шаралардың нәтижесі сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін зерттеу актісі және "Ғимараттар мен құрылғылардың техникалық жағдайын зерттеу және бағалау" ҚР ҚН 1.04-04-2002 сәйкес объектілер жағдайы туралы техникалық түйіндеме болып табылады.
Зерттеудің орындалуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі техникалық тапсырма түрінде бекітеді.
Зерттеулер нәтижесі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келісіменнен кейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі оны есеп түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуға тиіс.
Зерттеуден кейін пайдаланушы кәсіпорындар негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуге тиіс. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша (ірі және орташа қалалар) 2011 – 2013 жылдары сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялық негіздемесі әзірленетін болады.
Қалаларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялық негіздемесі мыналарды қамтуы тиіс:
коммуналдық қызметтерді өндіру және тұтыну көлемінің, коммуналдық қызметтерге тарифтер деңгейі өсуінің болжамы;
инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдері және оларды іске асыру басымдылығы;
коммуналдық секторды қайта жаңғырту және дамыту жобаларын қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
инвестициялық жобалардың жалпы тізімі;
жобаларды қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар;
энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу;
қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі белгілеуі тиіс. Сумен жабдықтау және су бұру инвестициялық жүйелерінің негіздемелерін әзірлеуді Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ведомстволық бағынысы мемлекеттік жобалау-іздестіру ұйымы арқылы орталықтандырып жүзеге асырады.
Одан кейін, инвестициялар негіздемелерінің негізінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерінің жекелеген учаскелеріне және объектілеріне ЖСҚ әзірленетін болады.
56 қалаға инвестициялық негіздемелер әзірлеу жөніндегі жұмыс 2013 жылы аяқталуға тиіс, алайда бүгінгі күнге дейін орындалған жұмыстардың көлемі кестеден артта қалып келеді.
3. Қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру зерттеу қорытындылары болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйесінің инвестициялық негіздемесімен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте, қалалық жерлерде жобалар тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет тарапынан бірлесіп қаржыландыру міндетті шарт болады.
Бөлінетін қаражатты өңірлер арасында бөліп беру өңірде тұратын халық санына тепе-тең жүзеге асырылады.
Өңір ішінде бюджет қаражаты қалалар бойынша мынадай өлшемдерге сәйкес бөлінетін болады:
қалалардағы халық саны;
халықтың сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтылуы;
жөндеуді қажет ететін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің үлесі.
Осылайша, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесін қалыптастыруды жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері мен инвестициялар негіздемелерінің нәтижесі негізінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жүзеге асырады.
Жобалардың басымдылығын сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерінің инвестициялары негіздемелерінің негізінде жоғарыда көрсетілген басымдылық өлшемдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі анықтайды.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері инвестицияларының негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 – 2013 жылдар) қалалық жердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын құрастырылатын қалалық жердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесі мыналарды қамтитын болады:
ЖСҚ-ның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін инвестицияларының негіздемесіне сәйкестігі расталған, сондай-ақ сумен жабдықтаудың расталған көздері бар ҚЕМ жобалары;
ЖСҚ әзірлеуді немесе түзетулерді қажет ететін ҚЕМ жобалары;
жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ҚЕМ жобалары;
жер асты су көздерінің пайдалану мерзімі аяқталған, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жер асты сулары қорларының бар болуы туралы уақытша қорытынды берген ҚЕМ жобалары;
Қалалық жердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының түпкілікті қалыптастырылған бірыңғай тізбесі кейіннен, жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне және Экономикалық даму және сауда министрлігіне алдын ала қарауға енгізілетін болады.";
3.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"3.1. Сумен жабдықтау
Сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйіне жүргізілген техникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекен шегінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекен шегінен тыс ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастырады, ол мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мүмкін болатын АЕМ (зерттеу нәтижелері бойынша ЖСҚ сәйкестігі және сумен жабдықтау көздерінің болуы расталған);
ЖСҚ әзірлеу немесе түзету талап етілетін АЕМ (зерттеу нәтижелері бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін техникалық өлшемдер айқындалған немесе ЖСҚ түзету қажеттілігі анықталған);
жер асты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу талап етілетін АЕМ;
жер асты су көздерінің пайдалану мерзімі аяқталған, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жер асты сулары қорларының бар болуы туралы уақытша қорытынды берген АЕМ;
Сумен жабдықтау жобаларын іріктеу және тізбеге енгізу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
2) экологиялық сараптаманың болуы;
3) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
6) түсіндірме жазба;
7) техникалық зерттеудің болуы;
8) жобаны бекіту туралы бұйрық;
9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
Сумен жабдықтау жөніндегі жобалардың басымдығы мынадай өлшемдер бойынша анықталатын болады:
1) халық саны 1000 адамнан астам АЕМ;
2) халық саны 500-ден 1000 адамға дейінгі АЕМ;
3) халық саны 100-ден 500-ге адамға дейінгі АЕМ.
Жобалардың басымдығын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі техникалық зерттеулердің негізінде жоғарыда көрсетілген басымдық өлшемдерін негізге ала отырып анықтайтын болады.
Сондай-ақ, сумен жабдықтау жобаларын іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі жергілікті атқарушы органдар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.
Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекен шегінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекен шегінен тыс елді мекендерді жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің келісімі бойынша қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі қарағаннан кейін ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз суымен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.";
"Су бұру" деген 3-2-кіші бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталықтандырылған сумен жабдықталған бар ауылдық елді мекендердің су бұру жүйесіне зерттеу жүргізу үшін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыру.";
3-тармақта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Су бұру жобаларын іріктеу және тізбеге енгізу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
2) экологиялық сараптаманың болуы;
3) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
4) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
5) түсіндірме жазба;
6) техникалық зерттеудің болуы;
7) жобаны бекіту туралы бұйрық;
8) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
Сумен жабдықтау жөніндегі жобалардың басымдығы мынадай өлшемдер бойынша анықталатын болады:
1) орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болуы;
2) аудандық орталықтар;
3) халық саны 1000 адамнан астам АЕМ.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Су бұру жобаларын іріктеу нәтижелері бойынша жүйелер жағдайын техникалық зерттеу жүргізу үшін жобалар тізбесі қалыптастырылады. Зерттеу ғимаратты, құрылыстарды және су бұру жүйелерінің желілерін пайдаланушы кәсіпорыннан немесе оларды баланста ұстаушы ұйымдардан ақпарат жинау және объектілер орналасқан жерде салыстыру арқылы жүргізіледі және зерттелетін объектінің мынадай сипаттамаларын қамтуы тиіс:";
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі экологиялық қауіпсіздік бөлігінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің келісімі бойынша ауылдық жердегі су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі қарағаннан кейін ауылдық жердегі су бұру жобаларының бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз суымен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.";
"Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру әрі сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту" деген 4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
"Бағдарламада сумен жабдықтау және су бұру секторын жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгіленеді:
қайта жаңарту мынадай жолмен жүргізілуге тиіс:
1) табиғи монополия субъектілерінің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыруы;
2) мемлекеттік меншіктегі объектілер үшін бюджет қаражатын бөлу, сонымен бірге сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары тарифті бекіту;
Халықтың сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қол жеткізуін арттыру үшін жаңа инженерлік желілер салу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
Сумен жабдықтау және су бұру секторын жаңғыртудың тиімді және негізгі аспектілерінің бірі жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың озық құралдарын қолдану болып табылады.
Оған су арналарының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерде шекті (инвестициялық) тарифтерді қолдануы жатады.
Шекті (инвестициялық) тарифтер бойынша жұмыс істейтін субъектілердің санын арттыру мүмкіндігін іске асыру:
1) су арналарының тарифтік кірістер есебінен және қарыз қаражатын мейілінше аз тарта отырып, жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негізгі қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бір рет) қайта бағалау жүргізуі;
2) су арналарының жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгізе отырып, сумен жабдықтау және су бұру секторының желілері мен құрылғыларын жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуі және бекітуі;
3) реттелетін қызметтерге инвестициялық тарифтер (орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге) бекіту;
4) реттелетін қызметтерге бір мезгілде тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін республиканың барлық өңірлерінде табиғи монополия субъектілерінің, ең алдымен – базалық субъектілердің (2015 жылға қарай міндетті көшуіне орай) инвестициялық тарифтерге көшуі бойынша кесте әзірлеу жолымен қамтамасыз етілетін болады.";
"Қалалық және ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын МЖӘ моделіне көшіру кезеңдері" деген 5-кіші бөлімде:
екінші бөліктегі "Ақтөбе" деген сөз "Орал" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
"2011 жылы сумен жабдықтау мен су бұру саласында МЖӘ жобаларын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Еуропа Қайта Құру және Даму банкі мен Тараз, Атырау, Семей қалалары әкімдіктерінің арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазіргі уақытта Еуропа Қайта Құру және Даму банкі жобалардың ТЭН-ін әзірлеп жатыр. Осы ТЭН әзірленгеннен және бекітілгеннен кейін конкурстық құжаттама әзірленетін, келісуден өткізілетін және бекітілетін болады және жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды тартуға конкурс жарияланады.";
жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер алынып тасталсын;
"Бағдарламаны нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету" деген 7-кіші бөлімнің бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"МЖӘ модельдерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда:";
8-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сумен жабдықтау және су бұру секторының жай-күйін мониторингілеу жүйесін құру";
жетінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"сумен жабдықтау және су бұру секторының жай-күйін мониторингілеудің автоматты, ақпараттық-талдау жүйесін құру бойынша ұсыныстар енгізу.";
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның тиімділігін бағалауға қажетті ақпаратты жинау және талдау жүргізу үшін әкімшілік есепке алу нысандары әзірленеді";
9-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суы әлеуетін барынша пайдалану
Бағдарлама шеңберінде жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жер асты тұщы суларының көздерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін жыл сайын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп айқындайды.
Сумен жабдықтаудың жер асты көздері жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жер үсті көздері пайдаланылатын болады.
Жалпы алғанда жер асты суларын пайдалану бойынша қызметтердің мынадай бағыттары көзделеді:
энергия және су-энергия үнемдейтін жабдықтарды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
мемлекеттік есепте тұрған жер асты тұщы суларының барланған көздерін неғұрлым толық пайдалану;
қолданыстағы жер асты су айдындарының және бекітілмеген қорларда жұмыс істейтін су айдындарынан су алудың барынша ықтимал ұлғаю перспективаларын бағалау;
жер асты суларының пайдалану қорларын бағалау;
ауыз сумен жабдықтаудың қорғалмаған көздері бар елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын өткізгеннен кейін жер асты суларының жаңа көздерін игеру.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі пайдалану мерзімі аяқталған қорлардың болуына және жер асты суларының сапасына кепілдік беретін қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды беретін болады.
Жер асты су көздеріндегі судың сапасы су тарту ұңғымаларын пайдалану режимдерінің бұзылуы және иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жер асты суларының техногенді ластануы нәтижесінде төмендейді. Осыған байланысты жер асты суларының жиналу жерлерін қорғау, иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша шаралар қабылдау қамтамасыз етілетін болады.
Баламалы су көздері болмаған кезде ең алдымен ластанудан барынша қорғалған жер астындағы ауыз суын пайдалану қажет.";
"Сумен жабдықтау мен су бұру және қазақстандық қамтуды дамыту жүйелерін жобалау сапасын арттыру" деген 10-кіші бөлімде:
екінші бөліктегі "ағымдағы жылдың соңына дейін" деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанынан сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басты бейінді мемлекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру ұйымын құру қажет.";
он төртінші бөлік алынып тасталсын;
11-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Саланы кадрмен қамтамасыз ету
Кадрлар тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесе отырып, кәсіпорындармен, жобалау ұйымдарымен қатар мемлекеттік органдар үшін де сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі білікті мамандарды, геологиялық саланың білікті мамандарын даярлау жүйесін күшейтулері қажет.
Оқу орындарының базасында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша жұмысты қайта бастау, сондай-ақ тікелей кәсіпорындарда тәжірибеден өту үшін жағдай жасау қажет.";
"2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары"
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы үшін жауаптылар |
Орындалу мерзімдері |
Болжанатын шығыстар (млн. теңге)* |
Қаржыландыру көздері |
Бюджеттік бағдарламаның № (бар болса) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы жүйелерін жаңғырту кезінде жүйелі тәсілді енгізу |
|||||||
Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1. |
Сумен жабдықтау бойынша зерттеу жүргізу үшін алдын ала объектілер тізбесін қалыптастыру |
ҚТКШІА үшін объектілер тізбесі |
ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар |
Ағымдағы жылғы 1-тоқсаны |
Талап етілмейді |
||
2. |
Су бұру бойынша зерттеу жүргізу үшін алдын ала объектілер тізбесін қалыптастыру |
ҚТКШІА үшін объектілер тізімі |
Жергілікті атқарушы органдар |
Ағымдағы жылғы 1-тоқсаны |
Талап етілмейді |
||
3. |
Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне зерттеу жүргізу |
Техникалық зерттеудің нәтижесі |
ҚТКШІА |
Жыл сайын 2011 – 2016 жылдар |
500,0* |
Республикалық бюджет |
037 |
4. |
Ауылдық жерде сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру |
ВАК үшін жобалар тізбесі |
ҚТКШІА, ИЖТМ, |
Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 15 мамырына |
Талап етілмейді |
||
5. |
Ауылдық жерде су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру |
ВАК үшін жобалар тізбесі |
ҚТКШІА, ЭДСМ, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 15 мамырына |
Талап етілмейді |
||
6. |
Ауыз сумен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның Ауылдық жерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қарау |
ВАК хаттамасы |
ҚТКШІА, ЭДСМ, Қаржымині |
Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 20 маусымына |
Талап етілмейді |
||
7. |
Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және оны қайта жаңарту |
ҚТКШІА-ға есеп |
АШМ, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 2011 – 2020 жылдар |
41 642 * |
Республикалық бюджет |
038, 029 |
8. |
Су бұру жүйесінің құрылысын жүргізу және оны қайта жаңарту |
ҚТКШІА-ға есеп |
ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 2012 – 2020 жылдар |
4 035* |
Республикалық бюджет |
010 |
9. |
Әлемдік тәжірибесін талдау негізінде ауылдық жерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ҚТКШІА |
2012 жыл, 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін | |||||||
10. |
Инвестициялық негіздемелер әзірлеу |
Инвестициялық негіздеме |
ҚТКШІА |
желтоқсан 2011 – 2013 жылдар |
800* |
Республикалық бюджет |
029 |
11. |
Үлгі жобаларды әзірлеу |
ҚТКШІА-ның бұйрығы |
ҚТКШІА |
Жыл сайын 2012 – 2013 жылдар |
1300* |
Республикалық бюджет |
004 |
12. |
Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялық негіздемесіне сәйкес жобалардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру |
ВАК үшін жобалар тізбесі |
ҚТКШІА, ГЖҚПК, ЭДСМ, жергілікті атқарушы органдар |
Инвестициялық Негіздеме бойынша жұмысты аяқтаған соң, жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 15 мамырына |
Талап етілмейді |
||
13. |
Ауыз сумен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның Қалалық жерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қарауы |
ВАК хаттамасы |
ҚТКШІА, ЭДСМ, Қаржымині |
Жыл сайын, жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың 20 маусымына |
Талап етілмейді |
||
14. |
Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және оны қайта жаңарту |
ҚТКШІА-ға есеп |
ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 2011 – 2020 жылдар |
35 383* |
Республикалық бюджет |
010 |
15. |
Су бұру жүйесінің құрылысын жүргізу және қайта жаңарту |
ҚТКШІА-ға есеп |
ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар |
Жыл сайын 2011 – 2020 жылдар |
15 000* |
Республикалық бюджет |
010 |
16. |
Есептік 2020 жылға дейінгі мерзімге Бас жоспарлары жоқ қалалардың бекітілген перспективалық даму көрсеткіштерін ұсыну |
ҚТКШІА-ға ақпарат |
Жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
17. |
Есептік 2020 жылға дейінгі мерзімге қалалардың Бас жоспарларын әзірлеуге/түзетуге арналған соманың есебін ұсыну |
ҚТКШІА-ға ЭДСМ |
Жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 2-тоқсан |
|||
18. |
Есептік 2020 жылға дейінгі мерзімге қалалардың Бас жоспарларын әзірлеу/түзету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру |
Бекітілген бас жоспарлар |
Жергілікті атқарушы органдар |
2013 жыл |
|||
Су шаруашылығы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін құру | |||||||
19. |
Қалалық және ауылдық жерде сумен жабдықтау жобаларының мониторингі |
ҚТКШІА-ға есеп |
ҚТКШІА, Қаржымині, жергілікті атқарушы органдар |
2011 – 2020 жылдар |
Талап етілмейді |
||
20. |
Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының мониторингі бойынша ақпараттық-талдау базасын құру бойынша ұсыныстар енгізу |
Үкіметке ұсыныс |
ҚТКШІА, Қаржымині, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жыл, 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту | |||||||
21. |
Сумен жабдықтау және су бұру секторына қайтарымды қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҚТКШІА, Қаржымині, ЭДСМ |
2012 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
22. |
Су шаруашылығы секторындағы базалық табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтер енгізу |
ТМРА-ның бұйрығы |
ТМРА, жергілікті атқарушы органдар |
2011 – 2020 жылдар |
Талап етілмейді |
||
23. |
Қалаларда ауыз суды есептеудің үйге ортақ және жеке аспаптарымен қамтуды 100% қамтамасыз ету |
ҚТКШІА-ға есеп |
Жергілікті атқарушы органдар |
2011– 2020 жылдар |
Талап етілмейді |
||
24. |
АЕМ-да ауыз суды есепке алу аспаптарымен қамтуды 80%-ға қамтамасыз ету |
ҚТКШІА-ға есеп |
Жергілікті атқарушы органдар |
2011- 2020 жылдар |
Талап етілмейді |
||
25. |
"Сумен жабдықтау және су бұру" саласында МЖӘ жобаларын дайындау туралы халықаралық қаржылық ұйымдармен меморандумдарды әзірлеу және жасасу |
МЖӘ жобаларын дайындау туралы меморандум |
ҚТКШІА, |
2011 – 2020 жылдар |
Талап етілмейді |
||
26. |
Су шаруашылығы саласындағы МЖӘ пилоттық жобаларын 20 пилоттық қалаларда іске асыру |
ҚТКШІА-ға есеп |
Жергілікті атқарушы органдар, жеке инвесторлар |
2012 – 2015 жылдар |
Талап етілмейді |
||
27. |
Пилоттық жобалардың тәжірибесін тарату |
ҚТКШІА-ға есеп |
жергілікті атқарушы органдар, жеке инвесторлар |
2016 – 2020 жылдар |
Талап етілмейді |
||
28. |
Пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін жақсарту туралы ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
Бағдарламаны нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету | |||||||
29. |
Қазақстан Республикасының "Сумен жабдықтау және су бұру туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарының жобаларына тұжырымдамалар әзірлеу |
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға заң жобаларының тұжырымдамаларын енгізу |
ҚТКШІА, АШМ, Қаржымині, ЭДСМ |
2013 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
30. |
Қазақстан Республикасының "Сумен жабдықтау және су бұру туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарының жобаларына |
Заң жобасы |
ҚТКШІА, АШМ, Қаржымині, ЭДСМ |
2013 жылғы 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
31. |
"Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
ЭДСМ, ҚТКШІА, АШМ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
32. |
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға заң жобасының тұжырымдамасын енгізу |
ЭДСМ, ТМРА |
2012 жылғы 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
33. |
Су бұру желілеріне сарқынды суларды төгуді жүзеге асыратын кәсіпорындарды тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің экологиялық неғұрлым таза тәсілдеріне көшуге ынталандыратын тетікті әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
Қоршағанортамині |
2012 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты және жер бетіндегі сулардың әлеуетін барынша пайдалану | |||||||
34. |
Сумен жабдықтаудың балама көздері жоқ елді мекендер үшін жер асты су қорларын бағалау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
ИЖТМ |
Жыл сайын |
2012 ж. – 4599,9 |
Республикалық бюджет |
040 |
35. |
Барлық орталықсыздандырылған елді мекендерді жер бетіндегі су көздерінен сумен жабдықтау мүмкіндігіне талдау жүргізу |
ҚТКШІА-ға есеп |
ДСМ, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
Су айдындарының санитарлық жағдайы | |||||||
36. |
Гидрогеологиялық постарды көбейту бойынша ұсыныстар енгізу |
ҚТКШІА ұсыныстар |
Қоршағанортамині |
2012 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
37. |
АЕМ-де ауыз су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын зертханалар құру бойынша ұсыныстар енгізу |
ҚТКШІА ұсыныстар |
Қоршағанортамині, ДСМ, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар және қазақстандық қамтуды дамыту | |||||||
38. |
Суды есепке алудың үйге ортақ аспаптарын орнату бойынша ұсыныстар енгізу |
ҚТКШІА-ға ұсыныстар |
ҚТКШІА, ТМРА, Қаржымині, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
39. |
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің салу кестесін ескере отырып, пайдаланушы ұйымдарды құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру кестесін әзірлеу |
ҚТКШІА -ға ақпарат |
Жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылдың 3-тоқсан |
Талап етілмейді |
||
40. |
Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарында одан әрі пайдалану үшін отандық өндірістің бұйымдарымен және құралдарымен қамтамасыз етудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИЖТМ, ҚТКШІА, Қоршағанортамині |
2012 жылдың соңына дейін (жыл сайынғы түзетулермен) |
Талап етілмейді |
||
Саланы кадрмен қамтамасыз ету | |||||||
41. |
"Инженерлік жүйелер және желілер" мамандығы шеңберінде "Сумен жабдықтау және су бұру" білім бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ҚТКШІА, АШМ, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылдың 3-тоқсаны |
Талап етілмейді |
||
42. |
Су секторы мамандары үшін біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ҚТКШІА, АШМ, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылдың 3-тоқсаны |
Талап етілмейді |
||
43. |
Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі зертхананы білікті мамандармен жасақтау, сондай-ақ сараптамалық қорытынды бере отырып, судың кез келген түріне талдау жүргізу үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, су қауіпсіздігінің референттік зертханасын құру бойынша ұсыныс енгізу |
Қаржымині-не ұсыныстар |
ҚТКШІА |
2013 жылдың 3-тоқсаны |
Талап етілмейді |
||
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жақсарту | |||||||
44. |
Ауылдық елді мекендерде су бұру жүйесін құрудың бірыңғай техникалық саясатын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
ҚТКШІА, Қоршағанортамині, ДСМ, АШМ, жергілікті атқарушы органдар |
2012-2013 жылдар |
Талап етілмейді |
||
45. |
Кәсіпорындарда жергілікті тазалау су бұру құрылыстарын салуға және пайдалануға қойылатын талаптарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҚТКШІА, Қоршағанортамині, жергілікті атқарушы органдар |
2012 жылғы 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов