Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 626 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні:
      1) «Transport Тower» әкімшілік-технологиялық кешені» ғимаратын пайдалану;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көлік қызметін көрсету болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) серіктестік жарғысын бекітуді;
      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) серіктестіктің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелікке және пайдалануға беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 16 мамырдағы
№ 626 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      «Астана қаласы» деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-149-жолмен толықтырылсын:
      «21-149. «Дара қызмет» ЖШС».
      3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-26-жолмен толықтырылсын:
      «160-26. «Дара қызмет» ЖШС.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 мая 2012 года № 626

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное казенное предприятие «Информационно-презентационный центр» Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан путем преобразования в товарищество с ограниченной ответственностью «Дара қызмет» (далее – товарищество) со стопроцентной долей участия государства в уставном капитале.
      2. Определить основным предметом деятельности товарищества:
      1) эксплуатацию здания «Административно-технологический комплекс «Transport Tower»;
      2) транспортное обслуживание Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) утверждение устава товарищества;
      2) государственную регистрацию товарищества в органах юстиции Республики Казахстан;
      3) в месячный срок со дня государственной регистрации товарищества передачу доли участия государства в уставном капитале во владение и пользование Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;
      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.
      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 16 мая 2012 года № 626

Изменения и дополнения,
которые вносятся в некоторые решения Правительства
Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 «О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях» (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и государственные доли участия которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел «г. Астана» дополнить строкой, порядковый номер 21-149, следующего содержания:
      «21-149. ТОО «Дара қызмет».
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 «О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности»:
      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:
      раздел «Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан» дополнить строкой, порядковый номер 160-26, следующего содержания:
      «160-26. ТОО «Дара қызмет».
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.