Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 658 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 105138143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы алаңы 340,0876 гектар жер учаскелері босалқы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және де өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қосқұдық» кен орнында бағалы және түсті металдар өндіру үшін «ФМЛ Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында берілсін.
      3. Серіктестік (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 658 қаулысына 
қосымша      

«ФМЛ Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану
құқығында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы

Р/с №

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

оның ішінде жайылым, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

1.

14,2

14,2

«Қосқұдық» кен орнында технологиялық жол салу және пайдалану үшін

2028 жылғы
15 желтоқсанға дейін

2.

197,7

135,5

«Қосқұдық» кен орнында өндірістік база мен инфрақұрылым элементтерін салу және пайдалану үшін

2028 жылғы
15 желтоқсанға дейін

3.

0,7876

0,7876

35 кВ электр беру желілеріне қызмет көрсету үшін

2028 жылғы
15 желтоқсанға дейін

4.

127,4

126,7

«Қосқұдық» кен орнында өндірістік база мен инфрақұрылым элементтерін салу және пайдалану үшін

2028 жылғы
15 желтоқсанға дейін


340,0876

277,1876



О переводе и предоставлении земельных участков на территории бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона Восточно-Казахстанской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2012 года № 658

      В соответствии со статьями 105138143 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Перевести земельные участки площадью 340,0876 гектара из категории земель запаса на территории бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона Восточно-Казахстанской области в категорию земель промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения.
      2. Предоставить товариществу с ограниченной ответственностью «ФМЛ Казахстан» (далее – товарищество) земельный участок, указанный в пункте 1 настоящего постановления, на праве временного возмездного долгосрочного землепользования для добычи драгоценных и цветных металлов на месторождении «Коскудук» согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Товариществу (по согласованию) в соответствии с действующим законодательством возместить в доход республиканского бюджета потери сельскохозяйственного производства, вызванные изъятием сельскохозяйственных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского хозяйства.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан                           К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 22 мая 2012 года № 658

Экспликация земельных участков, предоставляемых
на праве временного возмездного долгосрочного
землепользования товариществу с ограниченной
ответственностью «ФМЛ Казахстан»

№ п/п

Общая площадь
земельного
участка,
гектар

В том числе
пастбища,
гектар

Целевое назначение
земельного участка

Срок
предоставления
права

1.

14,2

14,2

Для строительства и
эксплуатации технологической
дороги на месторождении
«Коскудук»

По 15 декабря
2028 года

2.

197,7

135,5

Для строительства и
эксплуатации
производственной базы и
инфраструктурных элементов
на месторождении «Коскудук»

По 15 декабря
2028 года

3.

0,7876

0,7876

Для обслуживания линии
электропередачи 35 кВ

По 15 декабря
2028 года

4.

127,4

126,7

Для строительства и
эксплуатации
производственной базы и
инфраструктурных элементов
на месторождении «Коскудук»

По 15 декабря
2028 года


340,0876

277,1876