Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 105, 138, 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы алаңы 340,0876 гектар жер учаскелері босалқы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және де өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қосқұдық» кен орнында бағалы және түсті металдар өндіру үшін «ФМЛ Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында берілсін.
3. Серіктестік (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 658 қаулысына
қосымша
«ФМЛ Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану
құқығында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы
Р/с № |
Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде жайылым, гектар |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Құқық беру мерзімі |
1. |
14,2 |
14,2 |
«Қосқұдық» кен орнында технологиялық жол салу және пайдалану үшін |
2028 жылғы |
2. |
197,7 |
135,5 |
«Қосқұдық» кен орнында өндірістік база мен инфрақұрылым элементтерін салу және пайдалану үшін |
2028 жылғы |
3. |
0,7876 |
0,7876 |
35 кВ электр беру желілеріне қызмет көрсету үшін |
2028 жылғы |
4. |
127,4 |
126,7 |
«Қосқұдық» кен орнында өндірістік база мен инфрақұрылым элементтерін салу және пайдалану үшін |
2028 жылғы |
340,0876 |
277,1876 |