Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кітапханааралық абонемент жүйесін құру туралы келісімгеөзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кітапханааралық абонемент жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 690 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кітапханааралық абонемент жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
1999 жылғы 13 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кітапханааралық абонемент жүйесін құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кітапханааралық абонемент жүйесінің қызметін одан әрі дамыту мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап
1. Осы Келісімді іске асыру үшін Ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі – ҒТИД МК) құрылымында секция құрылады.
Секцияның функциялары, жұмыс органдары, орналасатын жері және оның қызметін қаржыландыру ҒТИД МК-ның ұсынуы бойынша ТМД-ның Экономикалық кеңесі бекітетін ол туралы Ережемен айқындалады.
2. Осы Келісімді іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар ретінде секция:
1) КААЖ бойынша:
бірыңғай КААЖ стандарттары туралы (соның ішінде КААЖ бойынша жіберілетін құжаттардың тізбесін);
жіберілетін құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы;
жіберілетін құжаттарға салынатын кедендік баждар мөлшері туралы;
құжаттарды жіберу үшін жеңілдетілген пошта тарифтерін енгізу туралы құжаттардың нормативтік-құқықтық жобаларын;
2) Тараптардың кітапханалары мен ақпарат органдары арасындағы қаржы-экономикалық тетіктер және өзара есеп айырысу мен төлемдер жүйесі туралы ұсыныстарды әзірлейді және белгіленген тәртіппен Экономикалық кеңеске ұсынады.
3. Осы бапта аталған жұмыстардың орындалуын үйлестіруді және олардың іске асырылуын бақылауды ҒТИД МК жүзеге асырады.».
2. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап
Осы Келісімге Тараптардың ортақ келісімімен жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күннен бастап, ал заңнамалары оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін мемлекеттер үшін – тиісті құжаттар депозитарийге тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
2012 жылғы «___»_______________ қаласында орыс тілінде бір данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы хатшылығында сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Түрікменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін