Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары:
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 мамырдағы
№ 702 қаулысымен
бекітілген
Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі
«Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан
Республикасының позициясын жақсарту жөніндегі 2012 – 2014
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты мемлекеттік орган |
Іске асыру мерзімдері |
Аяқталу нысаны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Экспорт пен импорт кезіндегі құжаттардың санын қысқарту |
||||
1. |
Экспорт және импорт операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын рәсімдерге талдау жүргізу |
ЭДСМ, бақылаушы органдар* |
2012 жылғы4-тоқсан |
Үкіметке ақпарат |
2. |
№ 99 Монреаль конвенциясын және № 4 Монреаль хаттамасын ратификациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ККМ |
2012 жылғы3-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
3. |
Темір жол станцияларында, автомобиль және авиа терминалдарында, сондай-ақ қоймаларда қызмет көрсету кезінде халықаралық стандарттарды қолдану |
ККМ |
2013 жыл |
ЭДСМ-ге ақпарат |
2. Экспорт пен импортты жүзеге асыруға арналған уақыт шығынын қысқарту |
||||
4. |
Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында жүктерге қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ККМ |
2012 жылғы3-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
5. |
Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қаржымині |
2012 жылғы 3-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
6. |
Теңіз көлігі саласында тиеу-түсіру үдерістерін автоматтандыру |
ККМ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
7. |
Теңіз көлігі саласында механизация құралдарын жетілдіру |
ККМ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
8. |
Теңіз көлігі саласында жүктерді таңбалауды автоматтандыру |
ККМ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
9. |
«Кеден баждары мен салықтарын қамтамасыз етуді» бекіту құжатын рәсімдеу мерзімін азайту, сондай-ақ кеден органдары арасында олардың рәсімделуі туралы жедел деректер алмасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қаржымині |
2012 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
10. |
Кедендік шекараның қиылысатын орындарында мемлекеттік бақылаудың әр түрлерін одан әрі біріктіру, оның ішінде халықаралық жүк тасымалдарын орындайтын көлік құралдарын қайта бақылауды алып тастау жолымен біріктіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қаржымині, бақылаушы органдар* |
2012 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
11. |
«Caspian Logic» web-ресурсын құру (Ақтау теңіз портының ақпараттық көліктік портал) |
ККМ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
12. |
Әуежайда әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарды енгізу |
ККМ |
2013 жыл |
ЭДСМ-ге ақпарат |
3. Экспорт пен импорттың қаржылық шығыстарын азайту |
||||
13. |
Экспорт пен импортқа талап етілетін құжаттарды тегін беру мүмкіндігі туралы талдау жүргізу |
ЭДСМ, бақылаушы органдар* |
2012 жылғы 4-тоқсан |
Үкіметке ақпарат |
14. |
Темір жол көлігі саласында бағаны реттеуге ырықтандыру жүргізудің халықаралық тәжірибесін зерделеу |
ККМ, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ |
2012 жылғы 4-тоқсан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
15. |
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеу және (немесе) жоюға бағытталған әрекетін (әрекетсіздігін), актілерін анықтау және/немесе алдын алу |
БҚА |
Жыл сайын, ақпан |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Ескертпе: 1) аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
2) *Қаржымині, АШМ, ДСМ, ККМ, ИЖТМ, ІІМ, Қоршағанортамині, ҰҚК