Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-2/331 бұйрығын қараңыз.

      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 724 қаулысымен   
бекітілген      

Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін анықтайды.
      2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беруді ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар оларды палаталарда тіркеу жолымен жүзеге асырады.
      3. Асыл тұқымды мал мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет, ірі қара малдың әр басына ол туылғанда беріледі.
      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
      2) асыл тұқымды малдың карточкасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
      3) асыл тұқымдық куәлiк – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
      4) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата (бұдан әрі – Палата) асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын – жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым.

2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі

      5. Асыл тұқымды мал мәртебесі, егер ірі қара мал мынадай талаптарға сәйкес болса беріледі:
      1) жыл сайынғы асыл тұқымдық бағалау нәтижелерімен асыл тұқымды малдың карточкасының немесе сатылған асыл тұқымды төлдің асыл тұқымды  куәлігінің болуы;
      2) селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелуінің болуы;
      3) ауыл шаруашылығы малдарының бірдейлендіру нөмірінің және бірдейлендіру бойынша дерекқорда тіркелуінің болуы;
      4) ветеринариялық және зоотехникалық нормативтерге сәйкес ірі қара малды ұстап-бағуда зоотехникалық-ветеринариялық нормаларды сақтау.
      6. Экспорттаушы елдің құзыретті органы берген және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган таныған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат болған жағдайда импортталған ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесі беріледі.
      7. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін алу мақсатында палатаға өтініш жасайды.
      8. Өтінішті алғаннан кейін палата күнтізбелік он күн ішінде тіркеу журналында, селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасында тіркеу жолымен асыл тұқымды мал мәртебесін беруді жүзеге асырады және өтініш берушіге ірі қара малдың палатадағы тіркеу нөмірін көрсетіп, жазбаша түрде хабарлайды.
      9. Ірі қара мал осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш берушіге күнтізбелік он күн ішінде асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолданады.
      10. Малды асыл тұқымды деп тану палатада малдың тіркеуден өткен күнінен бастап жүзеге асырылады.

Асыл тұқымды мал мәртебесін
беру қағидаларына    
қосымша          
 

Нысан           

_____________________________________________________________________
(Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата)

кімнен_______________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
 

Ө Т І Н І Ш

__________ ірі қара мал (сүтті, етті, сүтті-етті бағыттағы өнімділік) тұқымына асыл тұқымды мал мәртебесін беруіңізді сұраймын _________________________

      Мал туралы мәліметтер:
      1) кемінде 3 буынының ата-енелік тегі туралы___________________
      2) селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелгені туралы;_________________________________________
      3) бірдейлендіру нөмірінің және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі бірыңғай деректер базасында тіркелуінің болуы, _____________________________________________________________________
      4) зоотехникалық нормаларға сәйкес жағдайда ұсталғаны және ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуі туралы_______________

                                  Мекенжай:

_________________________
(қала, аудан, облыс)
_________________________
(көше, үй № ___, телефон)

Күні ___________________________
___________________________
(қолы)

Об утверждении Правил присвоения статуса племенного животного

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 724. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 680

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 680 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 14.04.2015 г. № 3-2/331.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О племенном животноводстве» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения статуса племенного животного.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 1 июня 2012 года № 724

Правила
присвоения статуса племенного животного

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения статуса племенного животного (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О племенном животноводстве» и определяют порядок присвоения статуса племенного животного.
      2. Присвоение статуса племенного животного осуществляется республиканскими палатами по породам крупного рогатого скота путем их регистрации в палате.
      3. Статус племенного животного присваивается один раз в течение жизни животного при рождении отдельно на каждую голову крупного рогатого скота.
      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) племенное животное – чистопородное, высококлассное, высокопродуктивное животное, отвечающее типу, направлению и уровню продуктивности породы, имеющее карточку племенного животного или племенное свидетельство;
      2) карточка племенного животного – форма учета племенного животного, подтверждающая происхождение, продуктивные и иные его качества, оформляемая в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан;
      3) племенное свидетельство – документ, подтверждающий родословную, продуктивные и иные качества племенной продукции (материала), выдаваемый племенным заводом, племенным хозяйством, племенным центром, дистрибьютерным центром по реализации семени племенных животных, племенным репродуктором и республиканской палатой по породам крупного рогатого скота, осуществляющими деятельность в области племенного животноводства, в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан;
      4) информационная база селекционной и племенной работы – автоматизированная система сбора, накопления и обработки данных о племенных животных в субъектах племенного животноводства и о животных, вовлеченных в селекционный процесс, используемая для совершенствования стада и повышения генетического потенциала животных, сопровождаемая оператором, определенным уполномоченным органом;
      5) уполномоченный орган в области племенного животноводства (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий руководство и реализацию государственной политики в области племенного животноводства;
      6) республиканская палата по породам крупного рогатого скота (далее – палата) – некоммерческая, самофинансируемая организация, создаваемая и действующая для реализации и защиты интересов физических и юридических лиц, осуществляющих разведение племенного крупного рогатого скота.

2. Порядок присвоения статуса
племенного животного

      5. Статус племенного животного присваивается в случае, если крупный рогатый скот соответствует следующим требованиям:
      1) наличие карточки племенного животного с результатами ежегодной оценки племенной ценности или наличие племенного свидетельства реализуемого племенного молодняка;
      2) наличие регистрации в единой информационной базе селекционной и племенной работы;
      3) наличие идентификационного номера и регистрации в единой базе данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      4) соблюдение ветеринарно-зоотехнических норм при содержании крупного рогатого скота в соответствии с ветеринарными и зоотехническими нормативами.
      6. Импортированному крупному рогатому скоту присваивается статус племенного животного при наличии племенного свидетельства или эквивалентного ему документа, выданного компетентными органами страны экспортера и признанного уполномоченным органом в области племенного животноводства Республики Казахстан.
      7. Физическое или юридическое лицо (далее – заявитель) в целях получения статуса племенного животного для крупного рогатого скота обращается в палату с заявлением по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      8. Палата после получения заявления в течение десяти календарных дней осуществляет присвоение статуса племенного животного путем регистрации в журнале и информационной базе селекционной и племенной работы и уведомляет заявителя в письменном виде с указанием регистрационного номера крупного рогатого скота в палате.
      9. В случае несоответствия крупного рогатого скота требованиям пункта 4 настоящих Правил, заявителю в течение десяти календарных дней направляется мотивированный отказ в присвоении статуса племенного животного.
      10. Признание животного племенным осуществляется со дня регистрации животного в палате.

Приложение
к Правилам присвоения
статуса племенного животного

Форма

_____________________________________________________________________
(Республиканская палата по породам крупного рогатого скота)
от________________________________________________________________
       (полное наименование физического или юридического лица)

ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу присвоить статус племенного животного крупного рогатого
скота (молочного, мясного, молочно-мясного направления
продуктивности) породы
________________________________________________________

      Сведения о животных:

      1) о родителях не менее 3-х поколений _______________________
      2) о регистрации в единой информационной базе селекционной и
племенной работы ___________________________
      3) о наличии идентификационного номера и регистрации в единой
базе данных по идентификации сельскохозяйственных животных ________
      4) об условии содержания в соответствии с зоотехническими
нормами и своевременного проведения ветеринарных
мероприятий_____________________________________

                          Адрес:
                          _______________________________
                               (город, район, область)
                          _______________________________
                             (улица, дом №___, телефон)
                          Дата ________________
                               ________________
                                  (подпись)