"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 738 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2016 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Әзірлеу үшін негіздеме» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әзірлеу үшін негіздеме
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама)»;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      «Бағдарлама қатысушысына қойылатын өлшемдер» деген 1-кіші бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарлама қатысушылары бола алады:
      осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызмет көрсету саласында инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда (ЭҚЖК коды 33), осы Бағдарламаның 2-қосымшасында ұсынылған өнімдерді өткізетіндер және (немесе) шығаруды жоспарлайтындар;
      қаржылай тұрақты (банк(тер) немесе банк(тер) филиалы(дары) алдында барлық міндеттеме түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің және салықтық берешегінің болмауы және басқалар);
      инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).»;
      «Бағдарламаға қатысу тәртібі» деген 2-кіші бөлімде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына, Бағдарламаның  1және 2-қосымшаларына сәйкестігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыдан және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстырудан, сондай-ақ консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы тиіс.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы мониторинг туралы тиісті келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;
      құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б.»;
      «Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер» деген 3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер
      Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
      компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында біліктілігі мен кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында кемінде 3 ірі жобаның болуы;
      салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
      Консалтингтік компаниялар тізбесін Бағдарламаның операторы консалтингтік компания өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
      Консалтингтік компаниялар тізбеден Бағдарлама операторының ұсынысымен шығарылады және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.»;
      «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бағдарлама құралдары
      Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:
      инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
      ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
      инновациялық гранттар беру.
      Мемлекеттік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.
      Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер.
      Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін кеткен шығыстардың 50%-ы, бірақ 7,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде төлеу көзделген.
      Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:
      1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.
      2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.
      3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.
      4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.
      Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну.
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы.
      Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15%-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
      Лизинг мәнінің жалпы құны кемінде 150 млн. теңге болуы тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін - 75 млн. теңгеден кем емес).
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қатысушыға арналған қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы 7,5 %-дан аспауы тиіс.
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:
      1. Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
      2. Құрал операторы өтінімді белгіленген тәртіппен қарайды және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
      3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизинг шартын жасасады.
      Инновациялық гранттар беру.
      Инновациялық гранттар жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға:
      инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;
      біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;
      консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;
      басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бағыттары бойынша беріледі.
      Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.
      Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      «Өнімділік 2020» бағдарламасының 2-қосымшасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

2715 00 000 0

Табиғи асфальт, табиғи битум, мұнай битумы, минералдық шайыр немесе өңделген минералды шайыр негізіндегі битумды қоспалар (мысалы, битумды мастикалар, жол қабаттарына арналған асфальтты қоспалар)

2716 00 000 0

Электр энергиясы

3601 00 000 0

Оқ-дәрі

3602 00 000 0

Оқ-дәріден басқа дайын жарылғыш заттар

3605 00 000 0

3604 тауар позициясының пиротехникалық бұйымдарынан басқа сіріңкелер

3606-дан

Жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар:
1) жанармай ретінде қолдануға арналған пішіндерге сығымдалған метальдегид, гексаметилентетрамин және ұқсас заттар (мысалы, таблеткалар, таяқшалар және ұқсас түрлер); спирт негізіндегі жанармай және ұқсас қатты және жартылай қатты дайын жанармай;
2) темекі немесе ұқсас оттықтарды толтыру немесе қайта құюға қолданылатын, сыйымдылығы 300 см3-дан аспайтын контейнерлердегі сұйық немесе сұйытылған газ тәріздес жанармай;
3) қарамай алаулары, білтелер және ұқсас заттар.

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2011 года № 254 "Об утверждении Программы "Производительность 2020"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2012 года № 738. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 370

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2016 № 370 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2011 года № 254 «Об утверждении Программы «Производительность 2020» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 27, ст. 314) следующие изменения и дополнения:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» и Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 958 «О Государственной программе по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:»;
      в Программе «Производительность 2020», утвержденной указанным постановлением:
      в разделе 1 «Паспорт Программы»:
      «Основание для разработки» изложить в следующей редакции:
      «Основание для разработки
      Закон Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» и  Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 958 «О Государственной программе по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан» (далее – Государственная программа)»;
      в разделе 5 «Этапы реализации Программы»:
      в подразделе 1 «Критерии, предъявляемые к участнику Программы»:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «Участниками Программы могут быть субъекты предпринимательства, соответствующие следующим критериям:
      реализующие и (или) планирующие реализовать инвестиционные проекты в приоритетных отраслях экономики в рамках Государственной программы согласно приложению 1 к настоящей Программе;
      реализующие и (или) планирующие выпуск продукции, представленной в приложении 2 к настоящей Программе, за исключением субъектов предпринимательства, реализующих инвестиционные проекты в сфере оказания услуг по ремонту и установке машин и оборудования (код ОКЭД 33);
      финансово-устойчивые (отсутствие просроченной задолженности по всем видам обязательств перед банком(ами) или филиалом(ами) банка(ами) и отсутствие налоговой задолженности и др.);
      имеющие комплексный план инвестиционного проекта (комплексный план инвестиционного проекта может быть разработан заявителем самостоятельно или с привлечением консалтинговой компании из утвержденного администратором Программы перечня).»;
      в подразделе 2 «Порядок участия в Программе»:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Оператор Программы готовит экспертную оценку представленного пакета документов. Экспертная оценка должна содержать в себе заключение о соответствии приоритетам Государственной программы, отраслевых программ, приложений 1 и 2 к Программе, конкурентоспособности продукции, финансовой устойчивости предприятия и сравнение показателей по производительности труда и энергоэффективности, а также на основании экспертной оценки комплексного плана инвестиционного проекта консалтинговой компании или комплексного плана инвестиционного проекта, разработанного консалтинговой компанией, информацию о необходимости проведения модернизации и предоставлении мер государственной поддержки.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. При положительном решении оператора инструмента оператор Программы, оператор инструмента и участник заключают соответствующее соглашение о мониторинге, которым предусматриваются:
      права и обязанности сторон;
      индикаторы результатов внедрения инструмента;
      ответственность оператора инструмента и участника и др.»;
      подраздел 3 «Критерии, предъявляемые к консалтинговой компании» изложить в следующей редакции:
      «3. Критерии, предъявляемые к консалтинговой компании
      Консалтинговые компании, привлекаемые для разработки или экспертизы комплексного плана инвестиционного проекта, должны соответствовать следующим критериям:
      наличие у компании квалификации и опыта работы не менее 3 (трех) лет в области разработки бизнес-планов, ТЭО, ПСД по инфраструктурным проектам и проектам в обрабатывающей промышленности;
      наличие в активе компании не менее 3-х крупных работ в области разработки бизнес-планов, ТЭО, ПСД по инфраструктурным проектам и проектам в обрабатывающей промышленности;
      отсутствие налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям.
      Перечень консалтинговых компаний формируется оператором Программы на основе заявок консалтинговых компаний, утверждается администратором Программы после рассмотрения межведомственной комиссией.
      Консалтинговые компании исключаются из перечня по представлению оператора Программы и утверждаются администратором Программы после рассмотрения межведомственной комиссией.»;
      подраздел 4 «Инструменты Программы» изложить в следующей редакции:
      «4. Инструменты Программы
      Государственная поддержка в рамках Программы заключается в:
      оплате за разработку или экспертизу комплексного плана инвестиционного проекта;
      предоставлении долгосрочного лизингового финансирования;
      предоставлении инновационных грантов.
      Предоставление мер государственной поддержки осуществляется следующим образом.
      Оплата за разработку или экспертизу комплексного плана консалтинговой компанией.
      В рамках Программы предусматривается оплата расходов в размере 50 %, но не более 7,5 млн. тенге за разработку или экспертизу комплексного плана инвестиционного проекта консалтинговой компанией.
      Механизм оплаты администратором Программы участнику за разработку или экспертизу комплексного плана консалтинговой компанией:
      1. Заявитель самостоятельно определяет консалтинговую компанию из утвержденного перечня для разработки или экспертизы комплексного плана инвестиционного проекта.
      2. Заявитель и консалтинговая компания заключают договор о разработке или экспертизе комплексного плана инвестиционного проекта.
      3. Заявитель представляет полный пакет документов оператору Программы.
      4. На основе положительной экспертной оценки и документов, подтверждающих расходы участника на разработку или экспертизу комплексного плана инвестиционного проекта, администратор Программы осуществляет перечисление выделенных в рамках бюджетной программы денежных средств оператору Программы.
      Оператор Программы осуществляет перечисление участнику денежных средств, перечисленных администратором Программы, в полном объеме, при этом вознаграждение оператору Программы за перечисление денежных средств участникам не предусмотрено.
      Предоставление долгосрочного лизингового финансирования.
      Долгосрочное лизинговое финансирование предоставляется участнику оператором инструмента. Оператор инструмента – акционерное общество «БРК - Лизинг» – дочерняя организация акционерного общества «Банк развития Казахстана».
      Заявитель должен обеспечить участие денежными средствами в реализации проекта в размере не менее 15 % от общей стоимости предметов лизинга при использовании инструмента долгосрочного лизингового финансирования.
      Стоимость предмета лизинга должна быть не менее 150 млн. тенге (для предприятий легкой промышленности – не менее 75 млн. тенге).
      Долгосрочное лизинговое финансирование предоставляется сроком до 10 лет. Ставка вознаграждения по договору финансового лизинга для участника не должна превышать 7,5 %.
      Механизм предоставления долгосрочного лизингового финансирования:
      1. Подача заявки на долгосрочное лизинговое финансирование оператору инструмента осуществляется участником согласно установленной форме после получения положительного экспертного заключения оператора Программы.
      2. Оператор инструмента рассматривает заявку в установленном порядке и выносит решение о предоставлении (непредоставлении) долгосрочного лизингового финансирования.
      3. При положительном решении оператора инструмента оператор инструмента и участник заключают договор финансового лизинга.
      Предоставление инновационных грантов.
      Инновационные гранты предоставляются для реализации новых индустриально-инновационных проектов, а также по реализуемым индустриально-инновационным проектам, направленным на модернизацию и расширение производства по направлениям:
      повышение квалификации инженерно-технического персонала за рубежом;
      привлечение высококвалифицированных иностранных специалистов;
      привлечение консалтинговых, проектных и инжиниринговых организаций;
      внедрение управленческих и производственных технологий.
      Оператор инструмента - национальный институт развития в области технологического развития.
      Предоставление инновационных грантов осуществляется в соответствии с порядком предоставления грантов на повышение квалификации инженерно-технического персонала за рубежом, привлечение высококвалифицированных иностранных специалистов, привлечение консалтинговых, проектных и инжиниринговых организаций, на внедрение управленческих и производственных технологий, предусмотренным законодательством Республики Казахстан.»;
      приложение 2 к программе «Производительность 2020» дополнить строками следующего содержания:
      «

2715 00 000 0

Смеси битумные на основе природного асфальта,
природного битума, нефтяного битума, минеральных
смол или пека минеральных смол (например, битумные
мастики, асфальтовые смеси для дорожных покрытий)

2716 00 000 0

Электроэнергия

3601 00 000 0

Порох

3602 00 000 0

Вещества взрывчатые готовые, кроме пороха

3605 00 000 0

Спички, кроме пиротехнических изделий товарной
позиции 3604

из 3606

изделия из горючих материалов:
1) метальдегид, гексаметилентетрамин и аналогичные
вещества, расфасованные в формы (например, таблетки,
палочки или аналогичные формы) для использования в
качестве топлива; горючее на основе спирта и
аналогичное твердое или полутвердое готовое топливо;
2) топливо жидкое или сжиженное газообразное в
контейнерах емкостью не более 300 см3, используемое
для заполнения или повторной заправки сигаретных или
аналогичных зажигалок;
3) смоляные факелы, фитили и аналогичные изделия

».

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов