Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 29.10.2015 № 375-V Кодексімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 28-б. қараңыз.  

      Осы Заң индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;
      2) жергілікті қамту бойынша сараптама – республикалық индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау;
      3) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
      4) индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуін ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжытуға байланысты жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын  не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      7) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
      8) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
      9) инновациялық кластер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі;
      10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      11) салалық конструкторлық бюро – материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
      12) сындарлы технология – ұзақ мерзімді перспективада (он жылдан артық) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін технология;
      13) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры – отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
      14) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
      15) технологиялар трансферті – индустриялық-инновациялық қызмет, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған меншік, оны иелену және (немесе) пайдалану құқығы субъектілерінің жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;
      16) технологияларды коммерцияландыру – жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолданумен байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызмет;
      17) технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі;
      18) технологиялық болжау – игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені;
      19) технологиялық парк (бұдан әрі – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;
      20) экономиканың басым секторлары – мемлекеттің экономикалық даму серпіні мен сапасына әсер етуге қабілетті ұлттық экономиканың секторлары.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
              қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
              қолдаудың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың міндеттері:
      1) экономиканың басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      3) еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік тізбекті ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      4) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру;
      6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
      7) индустриялық-инновациялық субъектілерге экспорттық әлеуетін дамытуда жәрдем көрсету;
      8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндірістік процеспен ықпалдастыру;
      9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде индустриялық-инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне осы Заңға сәйкес мемлекеттік қолдау алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттілігі;
      3) мемлекет және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері индустриялық-инновациялық жобаларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру;
      5) мемлекеттің және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігі қағидаттарына негізделеді.

2-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК
ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

      4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекітеді;
      6) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      8) республикалық индустрияландыру картасын бекітеді;
      9) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;
      10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      13) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
      14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      16) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін айқындайды;
      17) - 21) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
              қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзірлейді;
      3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингілеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады;
      7) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      8) республикалық индустрияландыру картасын әзірлейді;
      9) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;
      10) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      10-1) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;
      11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) Үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      13) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
      14) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиясы мен бағдарламасын келіседі;
      15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      16) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      18) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;
      19) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      20) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      21) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      22) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;
      23) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
      24) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
      24-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындайды;
      25) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
              құзыреті

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
      5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіруді және жұмыспен қамтуды реттеуді жүзеге асырады;
      7) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
      8) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестік нысанына келіседі;
      9) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті

      Мемлекеттік органдар:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
      5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;
      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
              астананың жергілікті атқарушы органдарының
              құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) өңірлік индустрияландыру карталарын әзірлейді және бекітеді;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
      7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
      8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

      9-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
              жүйесі

      Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын субъектілерден, инфрақұрылымнан және құралдардан тұратын индустриялық-инновациялық жүйе құрылады.

      10-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
               қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-
               инновациялық жүйенің субъектілері

      1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне ұлттық, оның ішінде өңірлік даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жатады.
      2. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
      1) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу мен оны өзекті ету бойынша қызметтер көрсетеді;
      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасының экономикалық тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді.
      3. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты:
      1) технологиялық болжау процесіне қатысады;
      2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды жүзеге асырады;
      4) технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;
      5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық ресурстарды, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
      6) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
      7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;
      8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды береді;
      9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру жөнінде қызметтер көрсетеді;
      10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдауды жүзеге асырады;
      11) тәуекелдік инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседі.
      4. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
      1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
      2) жергілікті қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарықта жылжыту жөніндегі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;
      5) жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады.
      5. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты:
      1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
      2) шетелдік инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, шетелдік инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін жылжытады, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынады;
      4) шетелдік инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылу мониторингін жүргізеді;
      5) шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингін жүргізеді.
      6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты:
      1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
      2) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдеседі;
      3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздестіру және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
      4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын жылжыту бойынша іс-шаралар жүргізеді;
      5) отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер көрсетеді;
      7) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым

      1. Мыналар:
      1) арнайы экономикалық аймақтар, оның ішінде дербес кластерлік қор;
      2) индустриялық аймақтар;
      3) технопарктер;
      4) тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары;
      5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
      6) салалық конструкторлық бюролар;
      7) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;
      8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері болып табылады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет арнайы экономикалық аймақтарда – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы»«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, индустриялық аймақтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Тәуекелді инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорларының қызметі «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      4. Технопарктер қызметінің негізгі түрі - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      5. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыттары: коммерцияландыру үшін технологиялар іздестіруді және оларды бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
      Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
      6. Салалық конструкторлық бюролардың негізгі міндеті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарларды жасауда, оның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне өтеулі негізде беру және оның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.
      7. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестерімен бірлесіп іске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
      8. Инновациялық кластерлер өзара іс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесе пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді түрде беру, тұрақты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары

      1. Индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы жатады.
      Технологиялық болжауды тұрақты негізде үш жылда бір реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
      Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін технологиялық болжауды жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Технологиялық болжау процесін шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргізу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшін алынған мәліметтерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық даму институты қамтамасыз етеді.
      Технологиялық болжау қорытындылары:
      1) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективадағы дамуы үшін сындарлы технологиялар тізбесін және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау мен өзекті етуге;
      2) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган іске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзірлеуіне және өзекті етуіне негіз болып табылады.
      Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндіру үшін стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарға ие, экономиканың әрбір басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін білдіреді.
      2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы болып табылады және белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.
      3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйені ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.
      Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметін және инновациялық белсенділігін ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнімді шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгізу, коммерцияландыру процестерін тарату мақсатында жүзеге асырады.
      Технологияларды коммерцияландыру:
      1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;
      2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшін заңды тұлға құру;
      3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
      Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемді осы Заңның 20-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетеді.
      4. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау индустриялық-инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
      Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

4-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

      13-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін
               мемлекеттік қолдау шаралары

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып, осы Заңмен айқындалады.
      Мемлекеттік қолдау түрлері мен деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына:
      1) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру;
      2) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдімелер беру;
      3) қаржы институттары арқылы кредиттеу;
      4) қаржы институттарына берілетін кредиттер бойынша сыйақы және облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
      6) кепілдендірілген тапсырыс;
      7) инновациялық гранттар беру;
      8) білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
      9) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      10) жер учаскелері мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
      11) ішкі нарықта қолдау;
      12) шетелдік инвестицияларды тарту;
      13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және жылжыту жатады.
      3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
      4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметін ынталандыру «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
      6. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын қарау, келісу және ұсыну кезінде мына критерийлердің бірін:
      1) инновациялық – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жасау жолымен қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағыттылықты;
      2) бәсекеге қабілеттілік – қол жеткізілетін нәтиженің оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретінде айқындалатын, қол жеткізілетін экономикалық және әлеуметтік тиімділік деңгейінде көрінетін ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;
      3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.

      14-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-
               инновациялық жобаларды қаржыландыру, лизингтік
               қаржыландыру

      1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
      2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
      3. Лизингтік қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
      4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      15-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және
               кепілдемелерді ұсыну

      1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
      2. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      16-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агентінің қаржы институттарында қаражатты шарттастырылған түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, соның ішінде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
      3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      17-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша
               сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша
               купондық сыйақыны субсидиялау

      1. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін, олар өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақша ұсыну жолымен қатысқан жағдайда, жүзеге асырылады.
      Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
      3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      18-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды
               жүзеге асыру

      Индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:
      1) еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытудың ынталандырылуын қамтамасыз етуге;
      2) мәні индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарында айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;
      3) технологиялық әлеуетін арттыруға бағыттылығына, өндіріс және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және көлемін ұлғайтуға, шикізаттар мен материалдарды өңдеуді тереңдетуге, жоғары технологиялық өнімдерді шығаруға сәйкес келген кезде, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметінің нәтижелері барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық табыс негізінде айқындалады.

      19-бап. Кепілдендірілген тапсырыс

      1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқару холдингтерімен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін айқындайды.
      2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негізінде ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен шарттар жасасу жолымен кепілдендірілген тапсырысты орналастырады. Көрсетілген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетімділікті, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделеріне сай келуі тиіс және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмеуге тиіс.
      3. Кепілдендірілген тапсырыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік қағидалар негізінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барлық әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру арқылы орналастырылады.

      20-бап. Инновациялық гранттар беру

      1. Инновациялық гранттар беруді инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу және (немесе) төлеу арқылы беріледі.
      3. Инновациялық гранттар:
      1) технологиялар сатып алуға;
      2) өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге беріледі.
      Осы тармақшаның мақсаты үшін өнеркәсіптік зерттеулер деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жүзеге асыратын өндірістік процестерді және (немесе) шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын жақсарту мақсатында ол жүргізетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар түсініледі;
      3) инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шет елде арттыруға;
      4) дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға;
      5) шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге;
      6) технологияларды коммерцияландыруға;
      7) жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға;
      8) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға;
      9) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге беріледі.
      Инновациялық гранттарды беру кезінде отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
      4. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
      Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.

      21-бап. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшін мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ұсынған тиісті мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау қажет етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды құрастырады.
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұсынатын мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау қажет етілетін мамандықтардың тізбесін айқындауға және оның негізінде мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыруға міндетті.

      22-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен
               қамтамасыз ету

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:
      1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
      2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшін жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      23-бап. Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану
               құқықтарын беру

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жер учаскелері мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерін бөлу;
      2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбестен, өндірістік қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлауға және өндіруге арналған операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға құқық беру арқылы жүзеге асырылады.

      24-бап. Ішкі нарықта қолдау

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау көрсетуді және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
      2. Ішкі нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау:
      1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорында өтеусіз тіркеу;
      2) әлеуетті тапсырыс берушілер, отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер туралы ақпаратты жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
      1) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе оған сараптама жүргізуге тартылған консалтингтік ұйымдардың қызметіне ақы төлеу;
      2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      4. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
      Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесі қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      25-бап. Шетелдік инвестициялар тарту

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау шаралары шетелдік инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етіледі және өзіне:
      1) әлеуетті шетелдік инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында іздестіруді жүзеге асыруды және олармен келіссөздер жүргізуді;
      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды;
      3) индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтиды.

      26-бап. Отандық өңделген тауарлар, көрсетілетін қызметтер
               экспортын дамыту және жылжыту

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау шараларын ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып жүзеге асырады.
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша сервистік қолдау шаралары:
      1) олардың экспорттық әлеуетінің диагностикасы;
      2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және шетелде қазақстандық өндірушілердің ұлттық стенділерін ұйымдастыру;
      3) отандық өндірушілер мен олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
      4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
      5) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді халықаралық гуманитарлық көмек нарығына жылжытуға жәрдемдесу;
      6) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      27-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-
               инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
               туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 35-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 4-5, 29-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады