"Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 783 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 488 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 488 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 128-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.";
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 783 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 243 қаулысымен  
бекітілген     

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және
өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
      2) техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;
      3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған және:
      сынақ зертханасын;
      арнайы өндірістік ғимаратты;
      арнайы жабдықталған қойманы;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      5) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      6) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      7) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат;
      8) күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт.
      2. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен:
      жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды; метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандар;
      3) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      4) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған және:
      сынақ зертханасын;
      арнайы өндірістік ғимаратты;
      арнайы жабдықталған қойманы;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы;
      5) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      6) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      7) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат;
      8) күзет қызметіне лицензия не өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.
      3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;
      3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      5) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      6) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат;
      7) күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт.
      4. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;
      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;
      3) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      5) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      6) аумақтық ішкі істер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсат;
      7) күзет қызметіне лицензия не арнайы жабдықталған қойманың иесі мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.
      5. Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін 4-тармақтың 1) тармақшасы бойынша, 2) тармақшадағы жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2008 года № 243 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2012 года № 783. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2013 года № 488

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.05.2013 № 488 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2008 года № 243 «Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 14, ст. 128) следующие изменения:
      1) заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по разработке, производству, приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением»;
      2) пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по разработке, производству, приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением.»;
      3) квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по разработке, производству, приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 12 июня 2012 года № 783

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан от
12 марта 2008 года № 243

Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности
по разработке, производству, приобретению и реализации
взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением

      1. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании подвида деятельности по разработке взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением, включают наличие:
      1) для руководителя или заместителя руководителя юридического лица, в том числе руководителя или заместителя руководителя его филиала, а также физического лица, осуществляющего лицензируемый вид деятельности, высшего технического образования, единой книжки взрывника;
      2) квалифицированных специалистов, имеющих техническое образование, единую книжку взрывника, стаж работы не менее одного года по специальности, прошедших обучение и проверку знаний правил промышленной безопасности в учебной организации, аттестованной уполномоченным органом в области промышленной безопасности;
      3) производственно-технической базы на праве собственности, огороженной, изолированной и включающей:
      испытательную лабораторию;
      специализированное производственное здание;
      специально оборудованный склад;
      служебное помещение для размещения работающего персонала;
      4) лицензии на перевозку опасных грузов либо договора со специализированной организацией, имеющей лицензию на перевозку опасных грузов;
      5) утвержденной руководителем организации инструкции по безопасному производству работ по разработке опытного образца взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением;
      6) журнала по учету и хранению материалов, полуфабрикатов (заготовок), комплектующих деталей, изделий;
      7) разрешения территориального органа внутренних дел на хранение взрывчатых веществ;
      8) лицензии на охранную деятельность либо договора на охрану производственно-технической базы с использованием огнестрельного оружия со специализированной организацией, имеющей лицензию на охранную деятельность.
      2. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании подвида деятельности по производству взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением, включают наличие:
      1) для руководителя или заместителя руководителя юридического лица, в том числе руководителя или заместителя руководителя его филиала, а также физического лица, осуществляющего лицензируемый вид деятельности, высшего технического образования, единой книжки взрывника;
      2) квалифицированных специалистов, имеющих соответствующее техническое образование, единую книжку взрывника, стаж работы не менее одного года по специальности, прошедших обучение и проверку знаний правил промышленной безопасности в учебной организации, аттестованной уполномоченным органом в области промышленной безопасности, обеспечивающих:
      эксплуатацию и техническое обслуживание оборудования, механизмов, приспособлений, оснастки, транспорта, контрольно-измерительных приборов и автоматики;
      контроль за безопасностью труда, выполнением технологического регламента, охрану периметра и окружающей среды;
      метрологическое обеспечение, входной контроль и качество готовой продукции;
      3) утвержденного руководителем организации регламента технологического процесса на изготовление взрывчатых веществ и инструкции по безопасному производству работ;
      4) производственно-технической базы на праве собственности или ином законном основании огороженной, изолированной и включающей:
      испытательную лабораторию;
      специализированное производственное здание;
      специально оборудованный склад;
      служебное помещение для размещения работающего персонала;
      5) лицензии на перевозку опасных грузов либо договора со специализированной организацией, имеющей лицензию на перевозку опасных грузов;
      6) журнала по учету и хранению материалов, полуфабрикатов (заготовок), комплектующих деталей, готовых и бракованных изделий;
      7) разрешения территориального органа внутренних дел на хранение взрывчатых веществ;
      8) лицензии на охранную деятельность либо копии договора на охрану с использованием огнестрельного оружия между владельцем производственно-технической базы и специализированной организацией, имеющей лицензию на охранную деятельность.
      3. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании подвида деятельности по приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением, включают наличие:
      1) для руководителя или заместителя руководителя юридического лица, в том числе руководителя или заместителя руководителя его филиала, а также физического лица, осуществляющего лицензируемый вид деятельности, высшего технического образования, единой книжки взрывника;
      2) квалифицированных специалистов, имеющих соответствующее техническое образование, единую книжку взрывника, стаж работы не менее одного года по специальности, прошедших обучение и проверку знаний правил промышленной безопасности в учебной организации, аттестованной уполномоченным органом в области промышленной безопасности;
      3) специально оборудованного склада на праве собственности, огороженного, изолированного, для хранения взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением;
      4) лицензии на перевозку опасных грузов либо договора со специализированной организацией, имеющей лицензию на перевозку опасных грузов;
      5) журнала по учету и хранению взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением;
      6) разрешения территориального органа внутренних дел на хранение взрывчатых веществ;
      7) лицензии на охранную деятельность либо договора на охрану специально оборудованного склада с использованием огнестрельного оружия со специализированной организацией, имеющей лицензию на охранную деятельность.
      4. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании подвида деятельности по приобретению взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением для собственных производственных нужд, включают наличие:
      1) для руководителя или заместителя руководителя юридического лица, в том числе руководителя или заместителя руководителя его филиала, а также физического лица, осуществляющего лицензируемый вид деятельности, высшего технического образования, единой книжки взрывника;
      2) квалифицированных специалистов, имеющих соответствующее техническое образование, единую книжку взрывника, стаж работы не менее одного года по специальности, прошедших обучение и проверку знаний правил промышленной безопасности в учебной организации, аттестованной уполномоченным органом в области промышленной безопасности;
      3) специально оборудованного склада, находящегося на праве собственности или ином законном основании, огороженного, изолированного для хранения взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением;
      4) лицензии на перевозку опасных грузов либо договора со специализированной организацией, имеющей лицензию на перевозку опасных грузов;
      5) журнала по учету и хранению взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением;
      6) разрешения территориального органа внутренних дел на хранение взрывчатых веществ;
      7) лицензии на охранную деятельность либо копии договора на охрану с использованием огнестрельного оружия между владельцем специально оборудованного склада и специализированной организацией, имеющей лицензию на охранную деятельность.
      5. Для хозяйствующих субъектов, приобретающих пиротехнические вещества и изделия с их применением для собственных производственных нужд, представление сведений по подпункту 1), о наличии единой книжки взрывника по подпункту 2) пункта 4 не требуется.