Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 488 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 444 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 444 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруге келісім беретін мемлекеттік органдар айқындалсын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 128-құжат);
      2) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 776-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 қаулысымен 
бекітілген    

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің, жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2.

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3.

жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

4.

ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық

ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

5.

материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал

материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

6.

аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат

аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

7.

күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт

күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің, жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2.

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен:
жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен:
жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3.

ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық

ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

4.

жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы

жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

5.

материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал

материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

6.

аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат

аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

7.

өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт

өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің, жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2.

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3.

жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма

жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

4.

жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал

жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізіміне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

5.

аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат

аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

6.

күзет қызметіне лицензиясы бар  мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт

күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

4. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін сатып алу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің, жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін осы тармақ бойынша мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.

2.

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін осы тармақтағы жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.

3.

жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы

жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

4.

жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал

жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

5.

аумақтық ішкі істер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаты

аумақтық ішкі істер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтердің нысаны

6.

арнайы жабдықталған қойманың иесі мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт

арнайы жабдықталған қойманың иесі мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Жарылғыш және пиротехникалық    
заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу
және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға қойылатын бiлiктiлiк    
талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне    
қосымша               

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін
мыналардың болуы:
      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның
ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары
техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы

      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы,
мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында
өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден
өткен білікті мамандар:

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;

      техникалық білімін растайтын дипломның нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін
тексеруден өткені туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен
берілген күні ______________________________________________________;

тексеруден өткені туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның
атауы ______________________________________________________________;
      3) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған,
оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен
өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт,
өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына
жауап беретін және:
      мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
      арнайы жабдықталған қойманы;
      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік
үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      егер өзге заңды негізде болатын жағдайда шарттың нөмірі мен
шартқа қол қойылған күні ___________________________________________;
      шарт жасалған ұйымның атауы __________________________________;
      қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндірістік
объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде
____________________________________________________________________;
      4) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар
мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу
жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық:
      ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар
мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу
жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы
туралы ақпарат _____________________________________________________;
      5) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді),
жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша
журнал:
      материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді),
жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша
журналдың болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      6) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсат:
      аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі
____________________________________________________________________;
      сақтауға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органының атауы

      7) күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен
өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана
отырып күзетуге арналған шарт:
      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      өндірістік-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмірі мен
қол қойылған күні __________________________________________________;
      шарт жасалған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған
ұйымның атауы ______________________________________________________.
      2. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі кіші қызмет түрі үшін мыналардың
болуы:
      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның
ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары
техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы,
мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында
өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден
өткен:
      жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті,
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық
қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын,
периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;
      метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім
сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандар:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні
____________________________________________________________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін
тексеруден өткені туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен
берілген күні ______________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін
тексеруден өткені туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның
атауы ______________________________________________________________;
      қызметтерді құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы
бұйрықтардың нөмірі мен қол қойылған күні
____________________________________________________________________;
      3) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға
арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз
жүргізу жөніндегі нұсқаулық:
      ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған
технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу
жөніндегі нұсқаулықтың болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      4) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қоршалған,
оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен
өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт,
өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына
жауап беретін және:
      мамандандырылған өндірістік ғимаратты;
      арнайы жабдықталған қойманы;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды
қамтитын өндірістік-техникалық базасы;
      ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған
технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу
жөніндегі нұсқаулық:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      егер өзге заңды негізде болатын шарттың нөмірі мен қол қойылған
күні _______________________________________________________________;
      шарт жасалған ұйымның атауы __________________________________;
      қоршаудың, оқшалаудың болуы, тұрғын және өндірістік
объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде
____________________________________________________________________;
      5) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді),
жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу
және сақтау бойынша журнал:
      материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді),
жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу
және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      6) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсат:
      аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі _________________;
      сақтауға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органының атауы
____________________________________________________________________;
      7) өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне
лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын
қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт:
      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      өндірістік-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмірі мен
қол қойылған күні __________________________________________________;
      шарт жасалған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандырылған
ұйымның атауы ______________________________________________________.
      3. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу жөнінде кіші қызмет түрі
үшін мыналардың болуы:
      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның
ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ
лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаның жоғары
техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы,
мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында
өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден
өткен білікті мамандар:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін
тексеруден өткені туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен
берілген күні ______________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін
тексеруден өткені туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның
атауы ______________________________________________________________;
      3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған қолданыстағы
нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден
қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік,
санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін
жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған
бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      қоршаудың, оқшалаудың болуы, тұрғын және өндірістік
объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде ____________________;
      4) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал:
      жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы
туралы ақпарат _____________________________________________________;
      5) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсат:
      аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі _________________;
      сақтауға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органының атауы
____________________________________________________________________;
      6) күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен
арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана
отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт:
      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      өндірістік-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмірі мен
қол қойылған күні __________________________________________________;
      шарт жасалған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған
ұйымның атауы ______________________________________________________.
      4. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін сатып алу
жөніндегі кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:
      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның
ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ
лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаның жоғары
техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы (пиротехникалық
заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзіндік
мұқтаждықтары үшін алатын шаруашылық субъектілер үшін тармақ бойынша
мәліметтер ұсыну қажет етілмейді):
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы,
мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында
өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден
өткен білікті мамандар (пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды өзіндік мұқтаждықтары үшін алатын шаруашылық
субъектілер үшін тармақ бойынша мәліметтер ұсыну қажет етілмейді):
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген
күні _______________________________________________________________;
      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      жарушының бірыңғай кітапшасын берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру
туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен берілген күні
____________________________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру
туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ______________;
      3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған қолданыстағы
нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден
қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өрт, өнеркәсіптік,
санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін
жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған
бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      қоршаудың, оқшалаудың болуы, тұрғын және өндірістік
объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде ____________________;
      4) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал:
      жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып
жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы
туралы ақпарат _____________________________________________________;
      5) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсат:
      аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға
рұқсаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі _________________;
      сақтауға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органының атауы
____________________________________________________________________;
      6) күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен
арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана
отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт:
      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат
____________________________________________________________________;
      өндірістік-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмірі мен
қол қойылған күні __________________________________________________;
      шарт жасалған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған
ұйымның атауы ______________________________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 488 қаулысына   
қосымша       

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкестігі бөлігінде жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
лицензия беруге келісім беретін мемлекеттік органдар

Р/с

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін сатып алу

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады