Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының шеңберінде вексельдер айналымына байланысты кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 792 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорына бастапқы жарнасының 90 %-ын (тоқсан) пайызын төлеу есебіне 900000000 (тоғыз жүз миллион) АҚШ доллары мөлшерінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры кеңесінің шешімімен (2010 жылғы 21 қаңтардағы № 2 хаттама) бекітілген нысан бойынша жай, айналымға түспейтін және пайызсыз вексель шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жай, айналымға түспейтін және пайызсыз вексельге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О некоторых вопросах, связанных с обращением векселей в рамках Антикризисного фонда Евразийского экономического сообщества

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2012 года № 792

      В соответствии с Договором об учреждении Антикризисного фонда Евразийского экономического сообщества, ратифицированным Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2009 года, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выпустить простой, необращаемый и беспроцентный вексель, согласно Договору об учреждении Антикризисного фонда Евразийского экономического сообщества от 9 июня 2009 года, в счет уплаты 90 % (девяносто) процентов первоначального взноса Республики Казахстан в Антикризисный фонд Евразийского экономического сообщества в размере 900000000 (девятьсот миллионов) долларов США по форме, утвержденной решением Совета Антикризисного фонда Евразийского экономического сообщества (протокол № 2 от 21 января 2010 года).
      2. Уполномочить Министра финансов Республики Казахстан Жамишева Болата Бидахметовича подписать от имени Правительства Республики Казахстан простой, необращаемый и беспроцентный вексель.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов