Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорына бастапқы жарнасының 90 %-ын (тоқсан) пайызын төлеу есебіне 900000000 (тоғыз жүз миллион) АҚШ доллары мөлшерінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры кеңесінің шешімімен (2010 жылғы 21 қаңтардағы № 2 хаттама) бекітілген нысан бойынша жай, айналымға түспейтін және пайызсыз вексель шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жай, айналымға түспейтін және пайызсыз вексельге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов