Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 802 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 604 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 604 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің     
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 802 қаулысымен   
бекітілген     

Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму
саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) грант алушы – индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамаға сәйкес инновациялық грант алған жеке немесе заңды тұлға;
      2) өтінім беруші – индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамаға сәйкес инновациялық грантты алуға арнаған өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға;
      3) өтінім – индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамаға сәйкес инновациялық гранттар беруді реттейтiн  нормативтiк құқықтық актілердiңталаптарына сәйкес қажеттi құжаттар қоса берілген белгіленген үлгiдегі өтінім берушінің өтiнiшi;
      4) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
      5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      6) оператор – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
      7) сараптамалық кеңес – құрамына тәуелсiз сарапшылар кiретiн, оператор құратын тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтік-кеңесшi орган.

2. Оператор қызметтеріне ақы төлеу тәртібі

      3. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі оператордың қызметтеріне ақы төлеу «Өнімділік – 2020» бағыты шеңберінде инновациялық гранттар беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен оператор ұсынған шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Оператор қызметтерiнiң құны оператордың мыналарға:
      1) инновациялық гранттар алуға өтінімдерді қабылдау және өңдеу үдерістерін ұйымдастыруға;
      2) отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, өтінімдердің тәуелсiз сараптамасын жүргізу үдерістерін ұйымдастыруға;
      3) оператордың өтінімде көзделген іс-шаралардың мәлімделген құнының негізділігіне тексеру жүргізуіне;
      4) сараптамалық кеңестiң қызметiн ұйымдастыруға;
      5) инновациялық грант туралы шартқа қол қою үдерісін ұйымдастыруға;
      6) инновациялық грант туралы шартқа сәйкес инновациялық грант беруге көзделген қаражатты аударуға арналған шығыстарын қамтиды.
      Инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражат индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен оператор арасында жасалған шарттың күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде толық көлемде операторға аударылады.
      Оператор Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте инновациялық гранттарды беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін ағымдағы шот ашады.
      Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдығы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ол келесі қаржы жылы инновациялық гранттарды беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.
      7) бюджеттiк қаражатты грант алушының игеру мониторингін қамтамасыз етуге;
      8) консультацияларға, тұсаукесерлерге және әлеуетті өтінім берушілермен түсіндіру жұмыстарына, өтінімдер қабылдау, оларды беру тәртібі туралы жұртшылықты, өтінімдерді қарау нәтижелері, инновациялық гранттарды іске асыру барысы және қол жеткізген нәтижелер туралы өтінім берушілерді хабардар етуге арналған шығыстарын қамтиды.
      4. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі оператордың қызметтеріне ақы төлеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен оператор арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде жүргізіледі.

Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 802. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 604

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     Примечание РЦПИ.
     В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 140.

      В соответствии с подпунктом 21) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 18 июня 2012 года № 802

Правила
оплаты услуг национального института развития
в области технологического развития при предоставлении
инновационных грантов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 21) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» и определяют порядок оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) грантополучатель – физическое или юридическое лицо, получившее инновационный грант в соответствии с законодательством о государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности;
      2) заявитель – физическое и (или) юридическое лицо, представившее заявку на получение инновационного гранта в соответствии с законодательством о государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности;
      3) заявка – заявление заявителя установленного образца с приложением необходимых документов согласно требованиям нормативных правовых актов, регулирующих предоставление инновационных грантов в соответствии с законодательством о государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности;
      4) инновационный грант – бюджетные средства, предоставляемые субъектам индустриально-инновационной деятельности на безвозмездной основе для реализации их индустриально-инновационных проектов в рамках приоритетных направлений предоставления инновационных грантов;
      5) уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере индустрии и индустриально-инновационного развития, а также в пределах, предусмотренных законодательством, межотраслевую координацию и участие в реализации государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности;
      6) оператор – национальный институт развития в области технологического развития;
      7) экспертный совет – постоянно действующий консультативно-совещательный орган, создаваемый оператором, в состав которого входят независимые эксперты.

2. Порядок оплаты услуг оператора

      3. Оплата услуг оператора по предоставлению инновационных грантов осуществляется согласно смете расходов, представленной оператором, за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год по бюджетной программе «Предоставление инновационных грантов в рамках направления «Производительность – 2020».
      Стоимость услуг оператора включает в себя расходы оператора на:
      1) организацию процессов приема и обработки заявок на получение инновационных грантов;
      2) организацию процессов проведения независимой экспертизы заявок с привлечением отечественных и зарубежных экспертов;
      3) проведение оператором проверки обоснованности заявленной стоимости мероприятий, предусмотренных в заявке;
      4) организацию деятельности экспертного совета;
      5) организацию процесса подписания договоров об инновационном гранте;
      6) перечисление средств, предусмотренных на предоставление инновационных грантов в соответствии с договорами об инновационном гранте.
      Средства, предусмотренные на предоставление инновационных грантов, перечисляются оператору в полном объеме в течение 20 (двадцать) рабочих дней со дня вступления в силу договора, заключаемого между уполномоченным органом в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности и оператором.
      Оператором открывается текущий счет в банке второго уровня - резиденте Республики Казахстан для осуществления управления средствами, выделенными на предоставление инновационных грантов.
      Остатки средств на текущем счете, числящиеся на конец финансового года, не подлежат возврату уполномоченному органу в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности и, соответственно, в государственный бюджет, а расходуются на предоставление инновационных грантов в следующем финансовом году. Общий объем денег, предназначенных для предоставления инновационных грантов, распределяется между всеми инновационными грантами;
      7) обеспечение мониторинга освоения грантополучателем бюджетных средств;
      8) консультации, презентации и разъяснительную работу с потенциальными заявителями, информирование общественности о начале приема заявок, условиях их предоставления, заявителей о результатах рассмотрения заявок, ходе реализации инновационных грантов и достигнутых результатах.
      4. Оплата услуг оператора по предоставлению инновационных грантов производится на основании подписанного акта выполненных работ между уполномоченным органом в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности и оператором.