Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 245-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 17-тармағы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ. |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 26 маусымдағы № 847 қаулысымен бекiтiлген |
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат
мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі – автоматты және қолмен өңдеуге қолайлы нысанда өлшеу ақпаратының сигналдарын беруге арнаған өлшеу құралдарының, өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, индикация және тіркеу құрылғыларының, технологиялық және қосалқы жабдықтардың жиынтығы;
2) беруші тарап – тұрақсыз конденсаттың меншік иесі болып табылатын және оны құбыр жүйесі бойынша беру арқылы өткізуді жүзеге асыратын тарап;
3) қабылдаушы тарап – тұрақсыз конденсатты беруші тараптан құбыр жүйесі арқылы қабылдайтын тарап.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2. Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат
мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу тәртібі
3. Өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында есепке алу аспаптарына пломбалар салу жолымен пломбалау жүргізіледі.
Пломбалауды беруші тараптың жауапты тұлғаларының қатысуымен салық органының лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
4. Пломбаларды тұрақсыз конденсаттың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына нақты қауіп болған не авариялық және өрт қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, тек салық органдары ғана өзгертеді немесе олардың рұқсатымен жойылады.
5. Беруші тарап салынған пломбалардың бүтіндігін бұзуға алып келген себептерді түсіндірумен авариялық жағдайларды жою жөнінде жұмыстар жүргізгені туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
6. Бөлшектеуге және пломбалардың бүтіндігін бұзуға байланысты жабдықтарды ағымдағы не күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жүргізілген жағдайда, беруші тарап ол туралы осындай жұмыстар жүргізу басталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын осы жұмыстарды жүргізу күні мен ұзақтығын көрсете отырып салық органына жазбаша хабарлайды.
7. Пломбаларды салған және алған кезде салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пломбалар салу (алу) туралы акт жасайды. Акті екі данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, екінші данасы беруші тарапта қалады.
8. Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу мақсаттары үшін тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу тіке және жанама әдістермен жүзеге асырылады.
9. Тіке әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі (бұдан әрі – ТКМӨЖ) пайдаланыла отырып, тікелей массаны өлшеу бірлігінде (тоннада, килограммда) жүзеге асырылады.
10. Жанама әдіс ТКМӨЖ ауытқыған жағдайда қолданылады. Бұл әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсаттың көлемін кейіннен оның тығыздығына көбейте отырып айқындау жолымен жүзеге асырылады.
11. Жанама әдіс бойынша есепке алу схмеасына көшу туралы шешім қабылданған жағдайда беруші тарап осындай шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде салық органына жазбаша хабарлайды.
ТКМӨЖ ажыратқан (қосқан) кезде салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші және қабылдаушы тараптардың өкілдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесін өшіру (қосу) туралы акті жасайды. Акті жеті данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, қалған даналары беруші және қабылдаушы тараптарда қалады.
12. Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу күнтізбелік бір ай қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
13. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі есепке алу аспаптарында пломбалардың болуын және бүтіндігін алдын-ала тексеріп, құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алуды жүзеге асырады.
14. Пломбалардың бүтіндігінің бұзылғанын анықталған жағдайда, салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі еркін нысанда тиісті акті жасайды, одан кейін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын пломбалау жүргізіледі.
15. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалар құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу актісін (бұдан әрі – акті) жасайды.
16. Актіге салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі қол қояды, одан кейін 1 жұмыс күні ішінде қабылдаушы тараптың өкілдері қол қоюға береді.
Акті жеті данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, қалған даналары осы актіге қол қойған тұлғаларда қалады.
3. Өтпелі ережелер
17. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін растау үшін салық салу мақсатында кеден органының лауазымды тұлғасының қатысуымен жүзеге асырылған, еркін нысанда жасалған құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу актісі пайдаланылады.
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларына 1-қосымша |
20___ жылғы "____"____________
пломбалар салу (алу) туралы
акті
Біз, төменде қол қойған _______________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________________________________________________ пломбалар салудың (алудың) жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.
Атауы | Аспап түрі және дәлме-дәлдік санаты | Пломба салу сәтіндегі аспаптың көрсеткіші | Салынған пломбаның нөмірі (немесе бедері) | Пломбаны алу сәтіндегі аспаптың көрсеткіші | Алынған пломбаның нөмірі (немесе бедері) | Пломбалардың саны (салынған / алынған) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
_________________________________ ___________ _______________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________ _____________ _______________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларына 2-қосымша |
20___ жылғы "____"____________
тұрақсыз конденсаттың мөлшерін
өлшеу жүйесін (ТКМӨЖ) өшіру (қосу) туралы
акті
Біз, төменде қол қойған _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ 20___ жылғы "____"___
Мәскеу уақыты бойынша __ сағат __ минутта ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ (кейін) байланысты есепке алу операциясынан(ларынан) ТКМӨЖ өшіру (қосу) жөніндегі осы актіні жасадық
ТКМӨЖ өшіру (қосу) сәтінде тіркелген жұмыс желілеріндегі (RFT-де) массалық шығын өлшеуіштерінің көрсеткіштері мыналарды құрайды (тоннада):
1-желі - | 6-желі - |
2-желі - | 7-желі - |
3-желі - | 8-желі - |
4-желі - | 9-желі - |
5-желі - |
ТКМӨЖ өшіру (қосу) сәтінде резервті өлшеу торабының көрсеткіштері мыналарды құрайды (тоннада):
Н-01-01 -; Н-01-02 -; Н-01-03 -; Н-01-04 -;
Ескерту: RFT – жұмыс жағдайында тұрақсыз конденсаттың массалық шығын мәнін көрсететін дисплейлі RFT 9739 типті микропроцессорлық өлшеуіш түрлендіруші.
__________________________________ _________ ________________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________ _________ ________________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________ _________ ______________________
(қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларына 3-қосымша |
20___ жылғы "____"____________
құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін
есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу
актісі
Күні (айдың 1-нен соңғы күні аралығы) | өткізілген тұрақсыз конденсаттың саны (тоннада) | өткізілген тұрақсыз конденсаттың жалпы мөлшері (тоннада) | ||||||||
№ 1 желі | № 2 желі | № 3 желі | № 4 желі | № 5 желі | № 6 желі | № 7 желі | № 8 желі | № 9 желі | ||
Бір айда барлығы |
__________________________________ _____________ ____________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________ ______________ ___________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________ ______________ ____________________
(қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)