"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 874 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
12-бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолда:
3-бағандағы "2620,5" деген сандар "2658,5" деген сандармен ауыстырылсын.
3. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
"Барлығы, штат саны (бірлік)" деген бағанда:
"Ақмола" деген жолдағы "2958" деген сандар "2964" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ақтөбе" деген жолдағы "2157" деген сандар "2165" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы" деген жолдағы "3361" деген сандар "3368" деген сандармен ауыстырылсын;
"Атырау" деген жолдағы "1369" деген сандар "1375" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "3463" деген сандар "3474" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жамбыл" деген жолдағы "2274" деген сандар "2283" деген сандармен ауыстырылсын;
"Батыс Қазақстан" деген жолдағы "2032" деген сандар "2039" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қарағанды" деген жолдағы "2980" деген сандар "2991" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қостанай" деген жолдағы "3124" деген сандар "3130" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қызылорда" деген жолдағы "1601" деген сандар "1607" деген сандармен ауыстырылсын;
"Маңғыстау" деген жолдағы "1013" деген сандар "1020" деген сандармен ауыстырылсын;
"Павлодар" деген жолдағы "2521" деген сандар "2526" деген сандармен ауыстырылсын;
"Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "2435" деген сандар "2440" деген сандармен ауыстырылсын;
"Оңтүстік Қазақстан" деген жолдағы "3476" деген сандар "3488" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы қаласы" деген жолдағы "1154" деген сандар "1161" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласы" деген жолдағы "772" деген сандар "784" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жиыны:" деген жолдағы "36690" деген сандар "36815" деген сандармен ауыстырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).